Орындыққа отыруға тыйым салу белгісі

Атырау облысында демалыс күндері карантин күшейтіледі

277
Аймақта тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдардың өкілдері мен олар пайдаланатын көліктерге ғана еркін жүруіне рұқсат етіледі

АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Атырау облысында 27-29 маусым аралығында шектеу шаралары енгізіледі. Бұл жайында облыстың бас санитар дәрігері Жанар Досымбаева мәлімдеді.

"Атырау облысының аумағында қосымша уақытша шектеу шаралары 2020 жылдың 27 маусым күні сағат 00:00-ден бастап, 29 маусым күнгі 00:00-ге дейін енгізілсін", - делінген хабарламада.

Қаулыға сәйкес, сенбі-жексенбі күндері көпшілік іс-шаралар, сондай-ақ отбасылық, еске алу шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, ас беру), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, төменде көрсетілген азаматтардан басқа тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойылады:

  • Тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және үйіне қайтуға рұқсат етіледі Ол үшін жұмыс орны берген анықтама немесе қызметтік куәлік болуы шарт.
  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық заттар сатып алу үшін тұратын жеріне немесе жұмыс орнына жақын жердегі дүкендер мен дәріханаларға баруға;
  • Шұғыл көмек қажет болғанда, медицина ұйымдарына баруға;
  • Үй жануарларын үйге жақын маңда серуендетуге рұқсат етіледі.

Сонымен қатар 65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса көшеге шығуға тыйым салынады.

Қандай кәсіпорындар жұмыс істемейді

Сауда, ойын-сауық орталықтары мен азық-түлік сатпайтын базарлар, азық-түлікке қатысы жоқ сауда желілерінің қызметіне тыйым салынады. Үйдің төменгі қабатында орналасқан дүкен филиалдары сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тоқтатылып, тек жеткізу қызметін ұсынатын нысандар ғана жұмыс істейді.

Фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары жабылады.

Сұлулық салоны, шаштараз, SPA-орталықтар мен салондар және басқа да қызмет көрсету нысандары жұмыс істемейді.

Сол сияқты қоғамдық монша, бассейн, сауна жабылып, туристік аймақтар (демалыс базалары) қызмет көрсетпейді.

Сонымен қатар саябақтар мен гүлзарлар, жағалау мен жағажай, басқа да демалыс орындары жабық болады. Қоғамдық көлік қызметі де тоқтайды.

Ал жедел жәрдем мен апаттық қызмет және арнайы органдар, елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың көлігіне қозғалуға рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз: Депутаттар ұлттық деңгейде қосымша карантин енгізуді ұсынды

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 20-21 маусымда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалаларында қосымша шектеу шаралары енгізілді.

277
Кілт сөздер:
карантин, Атырау облысы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (521)
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстан облысында карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды
Алматыда карантин режимі күшейтілді: Сағынтаев себебін түсіндірді
Қазақстанда карантин кезінде шекарадан кімдер өте алатыны белгілі болды
Қазақстандағы тағы бір өңірде карантин күшейтіледі
Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтіледі
Жол белгісі, архивтегі фото

Түркістан облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан ер адам көз жұмды

1952
(Жаңартылды 10:28 15.07.2020)
Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" жолаушылар автобусының ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданының тұрғыны түнгі уақытта Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданып, Шымкент-Самара тасжолының бойында өздерін белгісіз көлік қағып кетіп, жанындағы серіктесі көз жұмғанын хабарлаған.

Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобустың ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған. Осы кезде "Газ-53" маркалы белгісіз жүк көлігі  автобустың жанынан соғып, одан кейін сол жерде тұрған марқұм мен көлік жүргізушісін қағып өтеді. Содан кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алса, оның көмекшісі оқиға орнында көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды

Жүк көлігінің жүргізушісін ұстау мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде жүк көлігі Сайрам ауданынан табылып, автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында күдікті жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айып тұрағына қойылды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.​​​

1952
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Алматыда жаппай жол апаты болды
Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған үш адамды "Камаз" қағып өлтірді
Қару, архивтегі фото

Шымкентте төрт адамды өлтіріп кетті

1925
(Жаңартылды 09:07 15.07.2020)
Өлген екі адам жеке үйдің жанында тұрған көлікте отырған. Полицейлер үйден тағы екі адамның мәйітін тапты

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Шымкентте үш ер адам мен әйелді өлтіріп кетті. Оқиға орнынан атыс қаруы табылды, деп хабарлады Otyrar.kz өңірлік басылымы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 шілде күні кешке болған. Жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, Қара бура көшесіндегі жеке үйдің жанында тұрған автокөліктің салонынан екі адамның мәйітін көргенін айтқан. Куәгерлердің мәліметінше, әйнекті сындырған.

Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті 

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері өлген адамдар атыс қаруынан жарақат алғанын анықтады.

Полицияның мәліметінше, көлік тұрған үйді тексеру барысында іштен тағы екі адам  – 40 жастағы ер адам мен оның 28 жастағы әйелінің мәйіті табылған.

Оқиға орнында айғақ зат ретінде екі атыс қаруы, оқ-дәрілер және қорғаныс құралдары алынды. Бұл факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, әперу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазақстан Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

1925
Кілт сөздер:
Шымкент, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Полицейлер көлік шамының сынықтары арқылы ауыр қылмысты ашты
Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті
Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы
Көкшетауда ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 62 жастағы шөбересі Абай Шарапиев

Мәшһүр-Жүсіптің ұрпағы бабасының зиратын бұзғандардың аянышты тағдыры жайлы айтты

0
Ақын, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен айналысқан тарихшы әрі этнограф Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шөбересі бабасының еңбегін жинақтап, ел арасында тараған азды-көпті сұраққа жауап беріп, кітап шығарды

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Ақын әрі ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтаушы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тұңғыш ұлынан тараған ұрпағы "Ақиқат" кітабын жарыққа шығарды. Кітапта 19 ғасырда дүниеге келіп, өмірі арпалыспен тұспа-тұс келген этнографтың ерекше қасиеті мен мінезі жайлы айтылып, туған ауылында мұражай ашу кезіндегі қиындықтар мен еңбектері жарияланған. Кітап авторы, Көпейұлының шөбересі Абай Шарапиев Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат беріп, бабасының мұрасын жинақтауға не түрткі болғанын айтып берді.

Бір балам бар...

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ғұмырында үш ұл сүйген – тұңғышы Мұхаммед Шарапи, екінші ұлы Мұхаммед Әмен, кенжесі Мұхаммед Фазыл. "Ақиқат" кітабын жинақтап, баспадан шығарған тұңғыш ұлдан тараған шөбересі – 62 жастағы Абай Шарапиев.

"Бүгінде бабамыздың артынан ерген шөбере, неменелері бар. Тұңғыш ұлынан Төлеубай, Сүйіндік, Қонақ деген үш ұл дүниеге келді. Мен сол үлкен ұлдың ұрпағымын. Екінші ұлы Әмен Ташкентте 1921 жылы мектепте мұғалім болып жүрген кезінде кісі қолынан қаза тапты. Кенже ұлы Фазыл 1969 жылы дүниеден өтті. Артында ұрпағы қалды. Бабамыздың "Бір балам бар өзіме жете туған, бір балам бар өзімнен өте туған, бір балам бар артымнан кете туған" деп үш ұлына арнаған сөзі бар", - дейді Шарапиев.

Айтуынша, Көпейұлының кенже ұлынан тарайтын ұрпақтары ақынның шығармаларын қазақ тіліне аударумен айналысады. Мәшһүр-Жүсіп қолжазбалары араб графикасымен жазылған нұсқада сақталған, қазір соны кириллицаға аударып жүр.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жайлы жазылған Ақиқат кітабы
© Photo : Абай Шарапиевтің жеке архивінен
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы жайлы жазылған "Ақиқат" кітабы

"Ақиқат" кітабының тұсаукесері 2020 жылдың 5 маусымында өтті. Әр жылдары экономист, салық комитеті, қаржы полициясында жұмыс істеген Абай Шарапиев қазір зейнетке шыққан. Ол бабасының мұрасын жинақтап, бастыруға үш жылдан аса уақыт жұмсаған. Алайда бұл бірнеше жыл жиналған деректердің бір жерге топтасуы, деп түсіндірді Шарапиев. 

"Тұңғыш ұлдан тараған Сүйіндік пен зерттеуші Нағи Ахметов бабамыздың еңбегін жинаумен айналысқан, соларды жинақтап, баспадан шығардым. Үш жылдан аса уақыт кетті. Кітаптағы деректерді бұрыннан жинап жүрдім, ара-тұра жергілікті газеттерге мақалам шықты. Мұражай қалай ашылды, бабамыздың еңбектері қалай зерттелді, кім басы-қасында болғанын жүйелеп, ретке келтіріп, кітапқа енгіздік", - дейді шөбересі.

Айтуынша, кітапты шығаруға ең алдымен бабасының мұрасын насихаттау себеп болса, екінші жағынан кейінгі жылдары ақынның мұрасына қатысты азды-көпті қате зерттеулер шығып отырған. Соған бір нүкте қойып, шынайы ақпарат жазуды мақсат еткен.

"Зерттеуші Нағи Ахметов дүниеден өткен соң Мәшһүр-Жүсіпті "мен аштым", "мен зерттедім" деген псевдозерттеушілер көбейіп кетті. Баспасөзде бір-біріне кереғар ақпарат тарады. Менің әкем Төлеубай да бабамыздың мұрасын жинаумен шұғылданған. Соның барлығын жинап, хронологиялық жақтан ретке келтірдім", - дейді ол.

 Мәшһүр-Жүсіптің музейі

1976 жылы Көпейұлының шығармаларын, өмірін зерттеумен айналысқан зерттеуші Нағи Ахметов және ақынның ұрпақтарының бастамасымен Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жаңажол ауылында Мәшһүр-Жүсіптің музейі ашылды. Алайда үй ішінен музей ашу да оңайға соқпаған. Мәшһүр-Жүсіп діни кісі болған соң, басшылық тарапынан бастапқыда қарсылық аз болмады.

"1965 жылдан бастап музей ашу туралы бастама көтеріле бастады. Нағи Ахметов орталық партия комитетіне, жазушылар одағы съезіне хат жазды. Қазақстан компартиясына да хат жолдады. Олар Көпейұлы діни адам деп қорқып, ат тонын ала қашты. 1976 жылы бірінші мамырда Төлеубай Шарапиұлының үйінде Мәшекеңнің (Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы – Sputnik) қолданған заттары қойылып, Жаңажол ауылында музей ашылды", - деді ол.

Ал осы істің басы-қасында жүрген зерттеуші Нағи Ахметовтің әкесімен Мәшһүр-Жүсіп өте жақын қарым-қатынаста болған. Жарыққа шыққан "Ақиқат" кітабында зерттеушінің музей ашу жолында жазған хаттары, органдардан алған жауаптары көрсетілген.

Мәшһүр-Жүсіптің ерекше қасиеті

Ел арасында Мәшһүр-Жүсіп дүниеден өткен соң жылдар бойы жерленбей, беті ашық жатқаны жайлы дерек бар. Кітап авторы да бұл ақпараттың рас екенін, сонымен қатар зиратын қиратқандардың қандай қиындыққа тап болғанын толықтырып айтып өтті.

Абай Шарапиевтің айтуынша, кітапқа енген Көпейұлының ерекше қасиеттері ол кісінің көзін көрген, дәмдес, дастарқандас кісілердің аузынан естіген дерек негізінде жазылған.

"Мәшһүр бабамыздың қара қылышы бар, ол қазір музейде тұр. Сол қылышпен Ақзейнеп әжем (Шарапи Мәшһүр-Жүсіпұлының жары, автордың әжесі) әйелдерді босандыратын. Ол кезде қазіргідей медицина жоқ. Толғағы келіп, босана алмай жатқан әйелге барып, қылышпен ұшықтайтын қасиеті болды. Соны өз көзімен көрген үкіметтің дәрігері осыны кітапқа қосшы деп ұсыныс тастады", - дейді Шарапиев.

1984 жылы Ақзейнеп Мәшһүр келіні 96 жасында дүниеден өтті. Ол кісі Мәшһүр-Жүсіптің ақтық демі таусылғанша келіндік міндетін атқарып, бар жағдайын жасаған адам. Көпейұлы оған батасын берген, бойындағы қасиет атасынан берілген болуы да мүмкін.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 62 жастағы шөбересі Абай Шарапиев
© Photo : Абай Шарапиевтің жеке архивінен
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 62 жастағы шөбересі Абай Шарапиев

Кітапта Көпейұлының мінезі жайлы да айтылады. Ол кісі атағы жер жарып тұрса да, сараң адамдарға құран оқымайды екен.

"1907 жылы Қазан баспасынан патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатын жүргізіп жатқаны жазылған үш кітабы басылып шығады. Ол орыс сарбаздарының қолына түскен соң, авторын табу туралы бұйрық шығарған. Бұл хабарды естіген бабамыз Ташкентке кетіп қалады. Ал бала-шағасы нағашыларының қолында қалып, сол үйде тәрбиеленіп жатады. Ал қайын атасы бай-бақуатты кісі екен, бірақ кемпірі сараң болған. "Мына күйеу бала сонша жыл қаңғып жүріп алды, балаларын біз асырай береміз бе" деген екен шетте жүргеніне бірнеше жыл өткен соң. Елге келген соң соның бәрін естіген Мәшһүр-Жүсіп енесі қайтыс болғанда топырағының үстіне отырып, басқа кісілерге құран оқиды екен. Енесіне құран оқымай қойған. Жанындағылар оның себебін сұраса, "сараңға дұға жүрмейді" деп айтыпты", - деп бөлісті автор Көпейұлы жайлы.

Үйім мола болмасын...

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 1931 жылы 27 қарашада қайтыс болды. Өмірден өтерінен бір-екі жыл бұрын өзіне жер таңдап, қабірін қаздыртады. Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жаңажол ауылының жанында өзі тұрған жердегі төбенің басын дайындайды. Екі құрылысшыны жалдап, екі бөлмелі зират салдыртады. Бір бөлмесіне өзі пайдаланған ат-арбасын, ертоқым, киім-кешегін, кітаптарын әкелдіріп, ыдыс-аяғы мен насыбайына дейін қояды.

"Көпейұлы "менің үйім мола болмасын, қонақ үй болсын" деп айтып кеткен. Басына зиярат етуге келген кісі осы бөлмеге қонып, Мәшһүр-Жүсіпке "Құдай рахмет айласын" деп үш рет айтса жеткілікті. Одан басқа ештеңе керек емес. Келген қонақтың ат арбасы, ертоқымы сынып қалса, менің заттарымды қолдануына рұқсат. Тек қайта әкеліп қойса болғаны. Менің мүлкімді пайдалануға рұқсат" деп кеткен екен", - дейді ақынның шөбересі.

Зираттың екінші бөлмесіне өзі жататын жер қаздырады, ағаш кереует қойдырады. "Ұйықтаған адамдай болып жатамын. Ашық жерлеңдер, мені төменге түсіп көруге рұқсат, тек ақыретімді жаз айларында ыстықтан сарғайса ғана айырбастаңдар, басқа түк істемеңдер" деген, деп толықтырды шөбересі.

Айтуынша, ақын өзінің қай уақытта дүниеден өтетінін сезген.

"Денем қырық жылға дейін шірімейді, оған кепілдік беремін. Қырық жылдан кейін тағы да көрерсіңдер деп айтқан. Содан 1931 жылдан 1952 жылға дейін атамыз ашық жатты. Бұл хабар Мәскеуге жеткен соң, анықтауға бұйрық шығады. "Айдалада Ленинге ұқсап қазақтың бір шалы жатыр, алып тастаңдар" деп бұйырады. Себебі діни сенім басым кезең, марқұмның басына түнеп, бала сұрайтындар да көп болған", - деп түсіндірді Шарапиев.

Содан сол кездегі Баянауыл ауданының бірінші хатшысы Макин Кенжебайға бұйрық түседі. Ол қорқып, марқұмның қасиетін білген соң біраз уақыт зиратты бұзғызбайды. Алайда бұзбасаң, партиядан шығасың деп жоғарыдағылар қорқытады.

"Қорыққанынан аудандағы белсенді біраз азаматты ертіп, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының зиратын бұзуға жібереді. Содан Мәшһүрдің кенже ұлы Фазылға, немересі Төлеубайға баста дейді. Олар өз әкемізге қол салмаймыз деп бас тартады. Ішінде шенге қызығатын кісіге жақсы қызмет ұсынған соң, ол кісі қолына қайла алып зиратты бұзады", - дейді ол.

Айтуынша, сол кісі бір айдан кейін суық тиіп, қиналып қайтыс болады. Аудандық ішкі істер халық комиссариаты шендісі де жынданып, қырық градус аязда, жалаңаяқ көше кезіп кеткен. Бірінші хатшы Макин Кенжебай суға батып қайтыс болады. Зиратты бұзуға қатысқандардың тағы бірі аң аулап жүріп, өзіне оқ атады. Енді бірі ат жарыста аттың астына түсіп, мойны бұралып өледі.

Баянауыл төңірегіндегі азаматтардың барлығы мұны біледі, деп толықтырды Шарапиев.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын, тарихшы, этнограф. Ол ел арасынан "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Ер Көкше", "Ер Сайын", "Нәрік ұлы Шора батыр" тәрізді батырлық жырлары мен "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу", "Алтынтас-Күмісаяқ" секілді лиро-эпостық жырларды жинаған.

0
Кілт сөздер:
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы