Өңірлер

Карантиннің қиындығы: Алматыда қосымша шектеулер енгізіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімі қосымша шектеу шараларын енгізуге тапсырма берді. Демалыс күндері инфекцияның таралу қаупі бар нысандар толығымен жабылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қосымша шектеу шараларын енгізуге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шараларды қабылдады. COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында 27-28 маусымда қосымша шектеу шаралары енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша, демалыс күндері инфекцияның таралу қаупі бар нысандар толығымен жабылады. Олар:

  • азық-түлік сататын және сатпайтын ірі сауда желілері;
  • барлық жабық базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен сауда үйлері;
  • далада қызмет көрсететін нысандардан бөлек барлық қоғамдық тамақтану орындары;
  • фитнес орталықтар.

Үйдің ауласындағы дүкендер істейтің болады. Далада қызмет көрсететін тамақтану орындарында адамдар арасындағы қашықтық пен санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуы шарт. Қоғамдық көлік қатынасы да екі күнге тоқтайды.

Жергілікті билік қосымша шектеу шараларына байланысты қала тұрғындарына далаға себепсіз шықпауға кеңес беріп отыр. Әсіресе, егде жастағы адамдар үйде қалуы тиіс.

"Эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін жеке жауапкершілік қарастырылған. Полиция қызметкерлері адам көп жиналатын жерлерді аралып, қосымша шектеулерді сақтауды қадағалайтын болады", - дейді әкімдік мамандары.

Алдағы дүйсенбі, 29 маусымда сауда орталықтары мен базарлар қайтадан ашылады. Қоғамдық көлік те қатынайтын болады.

Жаңалықтар
0