Ақтау қаласы

Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды

1592
(Жаңартылды 20:23 26.06.2020)
Бұл қызметті бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған Нұрдаулет Қилыбай атқаратыны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Нұрдаулет Қилыбай Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_mangystau)

Маңғыстау облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында қала билігінің ауысуы президент әкімшілігімен келісілгені жазылған.

Нұрдаулет Қилыбай туралы не білеміз

Қилыбай 2018 жылдан бері Маңғыстау облысы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін "ҚТЖ" ҰК" АҚ аппаратының жетекшісі - атқарушы директоры болды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Жолаушылар тасымалы" АҚ президенті,  "Теміржолсу" АҚ бас директоры қызметін атқарды.

Қаланың жаңа әкімі Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылында туған 1999 жылы Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникация академиясын (тасымалдауды ұйымдастырушы инженер) тәмамдады. 2003 жылы Гумилев атындағы ЕҰУ-дың түлегі (қаржы және қаржы құқығы) атанды. 2018 жылы Stafford House (Бостон, АҚШ) халықаралық мектебін тәмамдады.

Ақтаудың бұрынғы әкімі Ғалымжан Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болады. Ол 2017 жылдың қараша айынан бері қала басшысы болған еді.

1592
Кілт сөздер:
әкім, Ақтау
Тақырып бойынша
Экс-министрдің қызметінен неге босатылғаны белгілі болды
Денсаулық министрі Біртанов қызметінен босатылды
"Әйел еркектің еркелігі үшін жаратылды": даулы жазбадан кейін шенеунік қызметінен кетті
Еңбек министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ғани Нығыметов жаңа қызметке тағайындалды
Ұялы телефон, архивтегі фото

Батыс Қазақстанда мұғалім жалаңаш отырып видео түсірді

9695
(Жаңартылды 18:28 24.09.2020)
Аудандық білім бөлімі мұғалімнің бұл видеосын алғаш рет көріп отырғанын айтып, жағдайды реттеуге уәде берді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында ата-аналар TikTok-та әдепсіз видео түсірген мұғалімнің үстінен шағымданды. Бұл туралы "Мой Город" басылымы хабарлады.

Январцев орта мектебінде баласы оқитын ата-аналардың айтуынша,  меңгеруші қызметін қатар атқаратын ағылшын тілі пәні мұғалімі TikTok-та арнайы эффекттер мен бейәдеп сөздерді қолданып видео түсірген. Сол видеоны желіде жариялаған. Ал мектеп оқушылары әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Олар ұстазының парақшасына тіркелген және оның видеосын қарайды, дейді оқушылардың бірінің анасы.

"Менің қызым телефонды қолынан тастамайды. Қазір TikTok пайда болды, сол жақта бәрі видео жариялайды. Мұғалімі TikTok-қа әдепсіз видеолар жариялайды. Ол видеода боғауыз сөздер де бар, мұғалім кеудесін жалаңаштап тастаған. Шәкірттері оны көреді", - дейді ол.

Әйел ұстаз балаларға үлгі болуы қажет деп санайды. Сондай-ақ, мұғалімдердің мұндай видео жариялауына қарсы.

"Оқушылардың ата-анасы бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтты, бірақ ешқандай жауап болған жоқ", - дейді әйел.

Ал Бәйтерек аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин видеоны енді көріп отырғанын мәлімдеді. Ол жағдайды реттеуге уәде берді.

Оқи отырыңыз: Қостанайлық мұғалім жылап тұрып видео жариялады - министрлік жауабы 

"Мектепке барып, жағдайды реттеймін. Мектеп директорымен сөйлестім, ол ата-аналардың бұл мәселе жайында айтпағанын жеткізді. Қандай жағдай болмасын, мұғалім мұндай видео жарияламауы керек. Жалпы мұғалімдер балаларға үлгі болып, әлеуметтік желіге жүктейтін материалдарын бақылап отыруы тиіс", - деп түсіндірді Сафиуллин.

Ал мұғалімнің өзі бұл видеоны жариялағанына өкінеді.

"Мұның қате болғанын түсінемін және өкінемін. Парақшамды өшіремін. Оқушылар мен әріптестерімнен осы видеоны жүктегенім үшін кешірім сұраймын", - деді мұғалім.

Қазір мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасын өшірді, видео да жойылды.

9695
Кілт сөздер:
видео, мұғалім
Тақырып бойынша
Қазақстанда мұғалімдер үшін ұлттық біліктілік тесті басталды
Кезекші сынып мұғалімдерінің жалақысы артады – қосымша қаржы қайдан алынады
Ақтөбеде онлайн сабақта күтпеген жағдай болды: мұғалімнің басы дауға қалды
Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді
Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр
Аурудан қырылып қалған фабрика құстары

Құс тұмауы оңтүстік өңірлерге де жетті

1667
(Жаңартылды 14:19 24.09.2020)
Өңірлердегі құс тұмауының алдын алу үшін қосымша вакцина дозалары сатып алынып, 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Бүгінде құс тұмауы жеті облыста тіркелген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәулікте құс тұмауынан кейбір аймақтарда құстардың қырылуы тіркелген жоқ.

  • Ақмола облысында жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 бас құс қырылды (соңғы тәулікте – 0);
  • Жамбыл облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте – 6);
  • Қарағанды облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс (соңғы тәулікте – 12);
  • Қостанай облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше бір тәулікте – 1 112 және 109 567);
  • Павлодар облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 бас құс (соңғы тәулікте – 0);
  • Солтүстік Қазақстан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше бір тәулікте 1 143 және 39 535);
  • Түркістан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 бас құс (соңғы тәулікте – 196).
"Жалпы, жеке аулаларда 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды. Олар – "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС (93 849 бас) және "Агроинтерптица" (109 567 бас)", – дейді министрлік мамандары.

Құс тұмауына қарсы вакцинамен қалай қамтамасыз етіледі

Министрлік мәліметіне сәйкес, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы бөлінді.

Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина шығарылды (СҚО үшін – 873 мың доза, Қостанай облысы үшін – 21 мың, Павлодар облысы үшін – 465 мың доза).

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Сондай-ақ, 2020 жылғы 22-23 қыркүйекте өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина таратылды. Олар:

  • Ақмола облысы – 510 300 доза;
  • Қостанай облысы – 345 218 доза;
  • Қарағанды облысы – 100 000 доза;
  • Жамбыл облысы – 60 000 доза.

Сондай-ақ, қосымша 699 355 вакцина сатып алынып, олар 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі.

1667
Кілт сөздер:
құстар, қауіпті ауру, ауру
Тақырып бойынша
Қытайда тағы екі адамға құс тұмауы тиді
Қазақстанда құс тұмауы өршіді – адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін бе?
Құс тұмауы Қазақстанның тағы бір облысына жетті
Бірнеше облыста құс тұмауы тіркелді: мамандар аурудың қалай тарағанын анықтады
Ішік

Нұр-Сұлтан тұрғыны анасының миллион теңге тұратын ішігін ұрлап, 30 мыңға сатпақ болды

0
Мас ер адам өтіп бара жатқан адамдарға қаракүзен ішігін сатып алуды ұсынған – оны учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ер адам анасының бір миллион теңге тұратын қаракүзен ішігін ұрлап алған.

Ол "Астаналық базардың" маңында өтіп бара жатқан адамдарға ішікті 30 мың теңгеге сатпақ болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда қымбат телефонды ұрлап кеткен оқушының әрекеті видеоға түсіп қалды   

Тон ұстаған мас адамды учаскелік инспектор Бақтияр Байқанов байқап қалып, оны тергеу үшін полицияға жеткізген.

Нәтижесінде ішік заңды иесіне қайтарылды. Ол полиция қызметкеріне қырағылығы мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін ризашылығын білдірді.   

0
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, ұрлық
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда қарақшылық шабуыл жасаған ағалы-інілі ұсталды
Талдықорғанда 35 жыл түрмеде отырған баукеспе ұры ұсталды
Сарыағашта ана мен баланың бірігіп жасаған қылмысы ашылды – видео