Аурухана, архивтегі сурет

Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған жүкті әйел қайтыс болды

178
Ақтөбе облысының провизорлық стационарларында пневмониядан мыңға жуық науқас емделіп жатыр, маусымның басынан бері осы аурудан 47 адам қайтыс болды

АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Ақтөбеде коронавирус инфекциясы арқылы асқынған пневмония салдарынан жүкті әйел көз жұмды. Бұл жайында Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев мәлімдеді.

Қалиев қайтыс болған науқас жайлы сұраққа жауап бере келе, жүкті әйелдің өліміне не себеп болғанын айтты.

"Коронавирус инфекциясы аясында екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі дамыды, соның салдарынан көз жұмды. Науқас небәрі 30 жаста болды", - деп мәлімдеді Қалиев.

Қалиевтің айтуынша, 29 маусымдағы мәлімет бойынша, облыста провизорлық ауруханада 997 науқас бар, оның 27-сі жансақтау бөліміне жатқызылған, 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 807 ақтөбелік күндізгі стационарда емделіп жатыр. Айдың басынан бері аймақта пневмониядан 47 адам көз жұмды. 

"Басым бөлігі 60 және одан да үлкен жастағы адамдар. Оларда қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулары болды", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Қалиев өңірде медицина мамандарының тапшы екенін атап өтті. Пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін емханалардан, жеке клиникалардан мамандар тартылып жатыр. Сонымен қатар Батыс Қазақстан медицина университетінің басшылығымен бірге оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамын провизорлық ауруханаларға жіберу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Ақтөбеде науқастар саны артып жатса, туберкулезге қарсы санаторийде провизорлық стационар ашылады, ол жерде 200 орын болады.

Coronavirus2020.kz сайтының дерегіне сәйкес, Ақтөбе облысында 828 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 4 адам қайтыс болды.

178
Кілт сөздер:
өлім, әйел, коронавирус, Ақтөбе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1158)
Тақырып бойынша
Қатаң карантин қайта оралуы мүмкін: Тоқаев үкіметке екі күн уақыт берді 
"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
"Бұл фестиваль мен форум өткізу емес": президент қазіргі жағдайды соғысқа теңеді 
Президент үкіметті ұзаққа созылатын пандемияға дайындалуға шақырды 
Тоқаев денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынға алды
Компьютерлік клуб, архивтегі сурет

Қарағандыда қызмет көрсеткен клубта 70-ке жуық адам болған

138
(Жаңартылды 22:30 11.07.2020)
Клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынып, ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Арнайы мониторингтік топ мүшелері Қарағандыда карантин кезінде жұмыс істеген компьютерлік клуб пен караокені анықтады.

"Мекеме есігі тапсырыс берушілер үшін ашық болған. Карантин кезінде бұл компьютерлік клуб пен караокенің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Соған қарамай ол жерде 70-ке жуық адам жүрді. Араларында кәмелетке толмаған балалар да бар", - делінген Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ендігі жерде клуб иелеріне шамамен 640 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Ал келушілер ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Айта кетейік, мемлекеттік комиссия шешімімен Қазақстанда екі апталық карантин енгізілді.

Жабық жағдайдаға сауда және ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметіне тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде отшашу жасау заңды ма – ішкі істер министрлігі жауап берді

Ал азық-түлік дүкендері мен базарлардың жұмыс уақыты шектелді. Сонымен қатар, қоғамдық көліктердің де жүру кестесі қысқартылды.

138
Кілт сөздер:
карантин, Қарағанды
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Сағынтаев жаңа карантин кезінде Алматыда қанша адамның жұмыссыз қалғанын айтты
Өзбекстанда үш апталық қатаң карантин енгізіледі
Алматыда қандай аудан тұрғындары карантин режимін жиі бұзады
Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
Әйел сұлбасы, архивтегі сурет

Ақтауда екі ер адам әйелді кепілге алды

1188
(Жаңартылды 16:03 11.07.2020)
Қазіргі кезде қаскөйлер полиция бөліміне жеткізіліп, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Ақтауда жалдамалы пәтердің бірінде күштеп кепілге алынған әйел босатылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған lada.kz.

Оқиға бүгін, 11 шілде күні болған.

Сағат 03:00-де полиция бөліміне түнгі тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама түскен.

Куәгерлер оқиға 6 шағын аудандағы 40-үйде болғанын мәлімдеген.

Тексеру барысында белгісіз екі ер адам мас күйде әйелді жалдамалы пәтерде күштеп ұстап отырғаны белгілі болды.

"Күдіктілер әйелге физикалық күш қолдану арқылы қорқытып ұстаған. Полицейлер келіссөзінен кейін ол кепілден босатылды. Ал қаскөйлер қалалық полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Павлодардағы төбелес: полицей кепіл төлегенше қамауда болады

1188
Кілт сөздер:
адам құқығы, кепіл
Тақырып бойынша
Маңғыстауда әйел туған баласын беріп, кредитін жаппақ болды
Ер адамнан кейін әйел секірді: желіде Нұр-Сұлтанда болған оқиғаның видеосы тарады
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото
Жолаушы Ақтөбе-Ақтау пойызында босанды
Атырау облысында бес әйел коронавирустан қайтыс болды