Шымкент қаласы

Шымкент әкімінің төрт бірдей орынбасары ауырып қалды

202
(Жаңартылды 16:47 30.06.2020)
Қазіргі кезде әкімнің құрылыс, жер қатынастары мен сәулет жөніндегі орынбасары ғана жұмыс істеп жүр

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Шымкент қаласы әкімнің төрт бірдей орынбасары ауырып қалған, екеуі пневмониямен ауруханада жатыр. Бұл ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, денсаулық саласының жұмысын үйлестіретін бірінші орынбасары Ербол Садыр және идеология жөніндегі орынбасары Алмасбек Мамытбеков ауруханада пневмониядан ем алып жатыр. Қалған екеуі – Мақсат Исахов пен Нұрсадық Ергешбек те ем-дом алуда. Оларға салқын тиген болуы керек. Еңбекке жарамсыздық парағын алды", - дейді мамандар.

Қазіргі кезде әкімнің құрылыс, жер қатынастары мен сәулет жөніндегі бір орынбасары ғана жұмыста жүр. Ол – Бауыржан Мамыталиев.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың өзі бұған дейін оқшауланған болатын. Себебі экс-министр Елжан Біртановпен бірге инфекциялық госпитальдың ашылуына барған. Одан коронавирус анықталғаннан кейін әкім оқшауланып, қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр болды. Соңғы тест теріс нәтиже көрсетті.  

"Әкім дәрі-дәрмек бойынша бірнеше жиын өткізді. Қазір қоймаларды аралап, дәрі өндіретін компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Аурухана орындарының мәселесі де болған. Қазір қосымша провизорлық орындар ашылды. Осындай қысылтаяң кезеңде орынбасарлардың ауырып қалғаны да сәл қолбайлау болып отыр. Дегенмен, әкімнің өзі жағдайдың бәрін қолға алды. Қазір тікелей басқарма басшыларымен жұмыс істеп жатыр", - деп атап көрсетті баспасөз қызметінің мамандары.

Ресми мәліметке сәйкес, маусым айында Шымкент қаласында пневмониямен ауруханаға түскендердің саны 1 000 адамдан асты. Жыл басынан бері пневмониядан 41 адам қайтыс болды.

Қазіргі кезде Шымкент қаласында жаңадан салынған бір мектепте қосымша провизорлық орындар жасақталды. Бұдан бөлек, жеңіл атлетика манежінде қосымша 450 орындық күндізгі стационар болады. Ауруханаға сыймаған науқастар сол жерде тегін емделеді.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің соңғы отырысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен үш әкімге сөгіс жариялаған болатын. Олардың ішінде Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов те бар.

202
Кілт сөздер:
әкім орынбасары, әкім, Шымкент
Тақырып бойынша
Коронавирусты емдеу тәртібі өзгерді – ауруханалар қалай босатылады
Министр қатаң карантин жайлы: жақын арада түпкілікті шешім қабылданады
Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады
Денсаулық сақтау министрі өкпені тексертудің арзан жолын атады
"30 маусымда қатаң карантин енгізіледі": үкімет ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Илья Ильин

Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады

0
(Жаңартылды 08:17 08.07.2020)
Ол COVID-19 жұқтырмағанын айтты. Стресс салдарынан қатты аллергия болғанын жеткізді. Ол бір аптадан бері ем-дом қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауруханада түсірген видеоны жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

"Алты күннен бері ауруханада жатырмын. Қазір жағдайым жақсы, дәрігерлерге рахмет. Мен COVID жұқтырған жоқпын. Стресс салдарынан ағзамда аллергиялық реакция болды", - деді Илья Ильин  видеода.

0
Сәбидің қолы, иллюстративті фото

Қостанай соты баласын қоқысқа тастаған әйелге ешкім күтпеген үкім шығарды

2134
(Жаңартылды 22:14 07.07.2020)
Сотта әйел нәрестенің тірі туғанын білмегенін айтты. Ол баланы өлді деп ойлап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қостанай соты 2019 жылдың соңында жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйелге қатысты үкім шығарды.

Алғашында бұл іс "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" бабы бойынша қаралды. Алайда 7 шілдеде Қостанайдың №2 соты 27 жастағы әйелге "Баланы абайсызда өлтіріп алу" бабы бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды alau.kz.  

Сот босану кезінде патологиялық ауытқу болғанын анықтады. Босанған әйел сәбиді өлі туды деп қателескен. Сондықтан іс басқа бапқа ауыстырылды.  

Қостанай қаласының тұрғыны 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Сот оның қарамағында екі кішкентай бала бар екенін ескеріпті.

"Алқасы мойнына жабысып қалған": қоқысқа толы пәтерден маугли қыз табылды - видео 

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 23 қарашасында Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған болатын.

Дәрігерлер жаңа туған баланың қоқыс контейнерінде жатқанын, оның басында пакет болғанын айтты. Нәресте клиникалық өлім халінде табылған. Дәрігерлер тірілтуге тырысқанмен, нәтиже шықпады. Жаңа туған нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді.

2134
Кілт сөздер:
қоқыс жәшігі, жаңа туған сәби, Қостанай
Тақырып бойынша
"Бөлшектеп, пакетке тыққан": досын асқан жауыздықпен өлтірген Шымкент тұрғынына үкім шықты
Таразда өртенген қоқыс арасынан нәрестенің денесі табылды
Қостанайда баласын шелекке тастап кеткен әйелдің аналық сезімі оянды
Оралда әйел жаңа туған баласын өлтірді: жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы
Жітіқара зиратынан нәрестенің денесі табылды