Өңірлер

Жазбасымен жұртты дүрліктірген Түркістан облысының тұрғыны анықталды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі. Балаларды далаға шығармаңыздар" деген ақпарат жарияланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Ауа арқылы вирус таратады деген жалған ақпаратты таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталды.

Бүгін әлеуметтік желілерде "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус таратылады. Балаларды далаға шығармаңыздар" деген ақпарат жарияланған болатын.

"Қазіргі уақытта Отырар ауданының 1973 жылы туған тұрғыны анықталды. Әйел WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан. Әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әйел өзіне хабарлама мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

Жаңалықтар
0