Өңірлер

Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады

© Sputnik / Тимур БатыршинТяжелоатлет Илья Ильин
Тяжелоатлет Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол COVID-19 жұқтырмағанын, тек стресс салдарынан қатты аллергия болғанын жеткізді. Ильин бір аптадан бері ем-дом қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Ауыр атлетикадан бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ауруханада түсірген видео жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

"Алты күннен бері ауруханада жатырмын. Қазір жағдайым жақсы. Мен COVID жұқтырған жоқпын. Стресс салдарынан ағзамда аллергиялық реакция болды", - деді Илья Ильин  видеода.

Чемпион дәрігерлерге алғыс білдірді.

"Сіздерге оңай емес, біз мұны түсінеміз. Қазір халық дәрігерлерге зор үміт артып отыр" - деп жазды ол.

Жаңалықтар
0