Бакқытжан Сағынтаев

Алматы тұрғындары дүрлігіп кетті - Сағынтаев түсініктеме берді

6479
(Жаңартылды 10:17 08.07.2020)
Қала әкімі жағдайдың бақылауда екенін, дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол берілмейтінін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала дәріханаларында кезектің көбеюіне байланысты жағдайды түсіндірді.

Айтуынша, тұрғындар сұранысына ие дәрілер тоқтаусыз жеткізіліп жатыр. 

"Сұранысқа ие препараттарға деген қажеттілікті тұрақтандыру үшін 1 шілдеден бастап дәріханаларға 475 мың дана әлеуметтік маңызы бар препарат, соның ішінде 260 мың парацетамол, 98 мың аспирин, 35 мың ингавирин, 22 мың азитромицин, 15 мың кардиомагнил және басқа да дәрі-дәрмектер түсті", -деп жазды Сағынтаев Facebook парақшасында.

Айтуынша, қала дәріханаларына 30 мың термометр қойылды. Ал қоймаларда әлеуметтік маңызы бар 645 мың дәрі-дәрмек, соның ішінде 301 мың аспирин, 84 мыңкардиомагнил, 73 мың парацетамол, 42 мың ибупрофен, 26 мың амоксиклав және басқа да дәрі-дәрмек бар.

"Күн сайын қаладағы 105 дәріханаға дәрі-дәрмек жөнелтіледі. Бірақ олар тез сатылып кетуде. Десе де, іркіліс болмайды. Шілде айының соңына дейін 1,2 миллион аспирин, 930 мың парацетамол, 350 мың ибупрофен, ингавириннің 100 мың қаптамасы, 80 мың азитромицин, 40 мың тамифлю және басқа да әлеуметтік маңызы бар дәрілер жеткізіледі", -деп жазды қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі жағдайдың бақылауда екенін, дәрі-дәрмек нарығында дүрбелеңге жол берілмейтінін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Алыпсатарлар жазаланады, деп нақтылады сөзін Сағынтаев.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 51 059 адамға жетті. 16 928 адам жазылып шықты, 264 адам қайтыс болды.

6479
Кілт сөздер:
түсініктеме, дәрі, Сағынтаев, Алматы
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
"Жала жабудың қажеті жоқ": дәрігер желіде тараған видео туралы айтты
Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Дәрі-дәрмекті заңсыз сатқандарға қандай жаза қарастырылған?
Танымал актер Дархан Дайырбек өмірден озды
Архивтегі фото

Ақтөбе облысында әкім тергеуге алынды  

48
Ауыл әкімі мен бас маман өздерінің карточкалық шоттарына 2,1 миллион теңге жалақы мен іссапар төлемдерін негізсіз аударған

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл әкімі тергеуге алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысында ауылдық округ әкімі мен әкім аппаратының бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Аталған тұлғалар өздерінің карточкалық шоттарына жалпы сомасы 2,1 миллион теңге жалақы мен іссапар шығыстары бойынша төлемдерді негізсіз аударған", - дейді тергеушілер.

Ал Жамбыл облыстық әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты бөлім басшысы алаяқтық жасаған. Ол осы басқарманың құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне жоғары лауазымға тағайындауға жәрдем көрсетемін деп, 400 мың теңгесін алдап алған.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео 

Алматы қаласында ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" РММ-нің бас сарапшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол роликтер шығару бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 1 миллион теңге сомасында қаражат алды деп айыпталып отыр", - делінген ресми хабарламада.

48
Тақырып бойынша
Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео
Петропавлда әкімдікте істейтін жас жігіт парамен ұсталды – видео
Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Демалыста жүрген полиция майорының заңсыз әрекеті әшкере болды
Архивтегі фото

Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті видео

1260
Процессингтік орталықтың басшысы мен қызметкері мемлекет бюджетіне 270 миллион теңгеден астам залал келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қалалық полиция департаментінің лауазымды тұлғасын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы қаласы полиция департаменті процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері 800 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты алып жатқан кезде ұсталды", - делінген ресми хабарламада.  

Олар үш жылдан бері бюджет қаражатын жымқырған. Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер 2017 жылдан бастап жалған сот орындаушысымен сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзған адамдардың ақшасын алып, қалтасына басып отырған.

"Автоматтандырылған деректер базасына бюджетке түскен ақша қаражаты туралы жалған мәліметтер енгізілген. Алдын ала дерек бойынша, аталған тұлғалардың қылмыстық әрекетінен мемлекет бюджетіне 25 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық үшін төленуі тиіс 270 миллион теңгеден астам қаржы түспеген", - дейді тергеушілер.

Оқи отырыңыз: "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы ұсталды 

Қазіргі кезде екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

1260
Кілт сөздер:
полиция, видео, қылмыс
Тақырып бойынша
Маңғыстауда Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды
Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео
Демалыста жүрген полиция майорының заңсыз әрекеті әшкере болды
Полицейлер парамен ұсталды – видео
Алматы облысында "Нұр жолы" бекетінде сегіз кеденші ұсталды
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара