Өңірлер

Шымкентте коронавирусқа қатысты арнайы сайт ашылады

© Photo : СС0 / ArtisticOperationsРебенок за компьютером
Ребенок за компьютером - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкімнің айтуынша, сайтта пневмония мен коронавирустың толық статистикасы жарияланады. Бүгінде коронавирус бойынша бірыңғай сайт бар

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Шымкент қаласында коронавирус мәселесіне арналған ресми сайт ашылады. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Президенттің тапсырмасы бойынша біз телемедицинаны жаңғыртуға дайындалып жатырмыз. Аптаның соңына дейін "COVID-19 Shymkent" деген сайт ашамыз. Соның ішіне барлық ақпарат жиналады. Қай дәріханада қандай дәрілердің сатылатыны, қалай жеткізілетіні, күндізгі стационарлар, телефон нөмірлері болады", - деді Әйтенов бүгінгі онлайн брифингте.

Әкімнің айтуынша, сайтта пневмония мен коронавирустың толық статистикасы да жарияланады. 

"Осы аптаның аяғына дейін біз сайтты ресми түрде ашып, халыққа түсіндіретін боламыз", - деп атап көрсетті Әйтенов.

Айта кетейік, бүгінде коронавирус бойынша www.coronavirus2020.kz бірыңғай сайты бар. Ол жерде COVID-19-ға қатысты соңғы жаңалықтар жарияланып тұрады. Соның ішінде республика бойынша тіркелген науқастар мен жазылып шыққандар саны да бар. Ал қайтыс болғандардың есебі апта сайын жаңартылады.

Жаңалықтар
0