Өңірлер

"Отбасымызды қорғайық": Қазақстанда тағы бір әкім коронавирус жұқтырды

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHПробирка для анализа на коронавирус
Пробирка для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қостанай әкімі қала тұрғындарын шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беруге, барлық талапты орындауға шақырды

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Қостанай әкімі Қайрат Ахметовтің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Бұл жайында қала басшысы Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Ахметов (@akhmetov_ka)

"Барлық сақтық шарасын қатаң сақтағаныма қарамастан, өкінішке қарай, Covid-19 инфекциясының бар-жоғын анықтайтын талдау оң нәтиже көрсетті. Сол себепті оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын", - деп жазды Қайрат Ахметов.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырған Алматы облысының әкімі Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Сонымен қатар әкім қала тұрғындарын белгіленген барлық талапты орындауға шақырды.

"Біздің міндетіміз – шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда денсаулықты сақтауға саналы түрде қарау керек", - деп жазды Ахметов. 

Қайрат Ахметов 1965 жылы дүниеге келген, 2019 жылдың 1 ақпанынан бері Қостанай қаласы әкімі қызметін атқарып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар шенеунік коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов бар. Сонымен қатар Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров коронавирус жұқтырды.

8 шілдеде коронавирус табылған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтанқаласындағы кардиология орталығына жатқызылды.

Жаңалықтар
0