Өңірлер

Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов дүниеден өтті

© Photo : Пресс-служба облздраваУмер главный санитарный врач Алматинской области Кайрат Баймухамбетов
Умер главный санитарный врач Алматинской области Кайрат Баймухамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайрат Баймұхамбетов Алматы облысының бас санитар дәрігері лауазымында бір жылдан астам уақыт жұмыс істеді

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Қаралы хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі растады.  

"Бүгін менің тікелей басшым Қайрат Баймұхамбетов дүниеден озды. Бұл туралы таңертең белгілі болды. Мен ол кісіге алғыс айтып үлгермедім, сол себепті көңілім құлазып отыр. Жаныңыз жаннатта болсын, құрметті Қайрат Қажыманұлы", - деп жазды Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет.

Өскеменнің бас полицейі қайтыс болды 

Қайрат Баймұхамбетовтың өмірбаяны  

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "Гигиена, санитария және эпидемиолог" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан өңірлік университетінде "Құқықтану" мамандығында білім алды.

Институтты бітірген соң 1991 жылдан бастап Целинная темір жол санитариялық-эпидемиологиялық стансасының Көкшетау бөлімшесінің санитариялық дәрігері, Шығыс Қазақстан облысында Күршім аудандық санитариялық-эпидемиологиялық стансасының коммуналдық гигиена дәрігері, санитариялық бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.

2001 жылдан Глубокое аудандық санитариялық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері болды.

2013 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарың қорғау департаментінің басшысы болып қызмет етті.

2016 жылдың 26 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.

2019 жылдың 23 мамырынан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.

"Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалімен марапатталған.

Жаңалықтар
0