Аурухана, архивтегі сурет

"Бұл - қылмыс": депутат Сағынтаевқа маңызды мәселені жеткізді - видео

3834
(Жаңартылды 13:18 16.07.2020)
Депутат Ирина Смирнова Алматыдағы жекеменшік емханалар науқастарды қабылдауға дайын екенін, алайда оларға рұқсат берілмей отырғанын хабарлады

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Парламенттің төменгі палатасының депутаты Ирина Смирнова Facebook парақшасында Алматыдағы міндетті медициналық сақтандыру қорының басшылығы жеке емханаларға науқастарды қабылдауға рұқсат бермей отырғанын жазды.

Сонымен қатар депутат жекеменшік емханалар өздерінің мекемесін барлық талапқа сай дайындағанын айтты.

Депутаттың айтуынша, Алматыда науқастарды қабылдап, емдей алатын жекеменшік ауруханалар бар. Олар тегін жұмыс істеуге дайын, алайда міндетті медициналық сақтандыру қоры басшылығы рұқсат бермей отыр.

"Қала әкімі де жұмыс істесін деп отыр, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен министр қолдау білдіріп хабарласып жатыр. Тек міндетті медициналық сақтандыру қоры ғана шартқа қол қоюға асығар емес. Ал ол уақытта адамдар қиналып жатыр", - деп жазды депутат.

Оның айтуынша, ауруханаларда барлық қажетті жабдық бар, медицина қызметкерлерінің саны да жеткілікті. Емхана басшылығы арнайы желдету орнатып, хирургия және реанимация бөлімдерін жабдықтады.

 

Смирнова қала басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жүгінді.

"Алматы міндетті медициналық сақтандыру қоры басшысының лауазымына сәйкестігін қарауды сұраймын. Дәл қазір дайын емхананы жабық ұстау - қылмыс", - деп түйіндеді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Ирина Смирнова "Халық Арена" базасында іске қосылатын коронавирус жұқтырғандарға арналған провизорлық стационарды ұйымдастыруды сынға алған болатын.

 

3834
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, депутат
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1364)
Тақырып бойынша
Қазақстандықтарға арнайы қордан бір миллион теңге беріледі - талабы қандай
Қазақстандық дәрігер коронавирус індеті қашан тоқтайтынын айтты
Әкімдік вирусқа қарсы препараттар кімдерге тегін берілетінін хабарлады
Ғалым пневмонияның "қазақстандық" түріне қатысты пікір білдірді
Денсаулық министрлігі ауыр жағдайда жатқан науқастар туралы ақпарат таратты 
Нурлан Аубакиров

Қарағанды әкімі желіде шу тудырған жағдайға қатысты түсініктеме берді видео

856
Қарағанды әкімінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирінен кейін қолданушылар оның сағатын қызу талқылаған болатын. Бұл сағаттың 5 мың доллар тұратыны айтылған

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров желіде қызу талқыланып жатқан қымбат сағаты қайдан келгенін айтты. 

"Тікелей эфирге шығар алдында шешіп тастаған сағатыма 10 жыл болды. Ulysse Nardin сағаты. Оны маған 2010 жылы 35 жасқа толған кезімде жақындарым сыйға тартты. Бұған дейін түсірілген суреттерді көре аласыздар. Бұл менің сағатым, жасырған емеспін", - деді әкім.

Ол қаланы аралап келген соң ыстықтап галстук пен сағатын алып тастағанын қосқан. Басқа ойым болмағанын жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

Еске сала кетсек, Қарағанды әкімінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирінен кейін қолданушылар оның сағатын қызу талқылаған болатын. Бұл сағаттың 5 мың доллар тұратыны айтылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

856
Кілт сөздер:
түсініктеме, сағат, видео, әкім, Қарағанды
Тақырып бойынша
Әкімнің тойдағы даулы мәлімдемесі желіде қызу талқылануда – видео   
Қазақстанда бірнеше әкімнің үстінен іс қозғалды
Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары ұсталған сәттің видеосы жарияланды
22 жасында әкімнің кеңесшісі болған Самира Тайтенова жайлы не білеміз
Әкімнің заңсыз әрекеті әшкере болды - видео
Кісен, архивтегі сурет

Қостанай әкімдігінде тағы бір қылмыс ашылды

77
Жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша заңсыз аукцион өткізді деген күдік бар. Мемлекетке келген шығын көлемі 32 миллион теңгеден асады

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай әкімдігінде істейтін тағы бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғалары қызмет бабын асыра пайдаланған. Олар 37 084 336 теңге тұратын жер учаскесінің бағасын 4 524 607 теңгеге дейін төмендетіп, арзан бағаға жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша заңсыз аукцион өткізді деген күдік бар. Осылайша, бір кәсіпкерге жағдай жасаған. Ал мемлекетке келген шығынның көлемі 32 107 268 теңге.

Әкімдіктің бір топ қызметі дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасағаны үшін айыпталған болатын. Ал 23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеуде жүрген Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын.

"Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - дейді агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

 

77
Кілт сөздер:
әкімдік, Қостанай
Тақырып бойынша
Агенттік жұмыстан кеткен басшылар туралы ақпарат жариялады
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 
Арыс қаласына бөлінген қаржыны ұрлаған БҚО шенеуніктері ұсталды
Шенеуніктер оқушыларға бөлінген қаржыны жымқырды
Ермек Тұрсынов

"Бұлардың істеп жүргені - мазақ": Ермек Тұрсынов ашық сұхбат берді

0
(Жаңартылды 23:20 07.08.2020)
Кинорежиссер бір жылдан бері қандай ұсынысы әлі де жүзеге асырылмағанын, кімнің фильмдері көңілінен шықпайтынын айтты

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстандық кинорежиссер, сценарист, Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ермек Тұрсынов ұлттық кеңестегі ұсынысынан кейін мәдениет министрімен қандай қарым-қатынаста екенін, сондай-ақ, қазіргі кино жайлы ойын Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Ұлттық кеңестегі ұсыныс

"Ұлттық қоғамдық кеңес құрылған кезде көбіне саясатқа байланысты мәселелер көтерілген болатын. Біраз нәтижелі жұмыс жүргізілді. Әсіресе, митингіге байланысты сұрақтардың жауабы шешілді. Бірнеше салмақты, маңызды шешім қабылданды деп айтуға болады. Ал мен мәдениетке байланысты мәселені көтердім", - дейді Тұрсынов.

Ермек Тұрсынов
© Photo : Ермек Тұрсыновтың жеке архивінен алынды
"Министрмен келіспей қалдық"

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2019 жылы өткен отырысында Ермек Тұрсынов мәдениет және спорт министрлігін бөлуді ұсынды. Тұрсыновтың айтуынша, содан кейін мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова режиссерға қоңырау шалған.

"Ол кісіге менің ұсынысым ұнаған жоқ. Мәдениет пен спортты бөлуді ұнатпады. Сөзге келіп қалдық деп айтуға келмес, бірақ пікіріміз екі түрлі болды. Келіспей қалдық. Ал көпшілік менің айтқанымды өте жақсы қабылдады. Қазірге дейін сол отырыста айтқан сөзімді желіде жариялап отырады", - дейді режиссер.

Ермек Тұрсынов сол отырыстан бері бір жылға жуық уақыт өтсе де, ұсынысының еш нәтиже бермегенін айтып өтті. Алайда республика аумағын аралаған кезінде адамдар ілтипат танытып, режиссер пікірімен толық келісетінін жеткізетін көрінеді.

"Ұлттық кеңес мүшелері мәдениет пен спортты бөлу туралы ұсынысымды өте жақсы қабылдады. Мен қазір де солай ойлаймын. Бәрі мәдениеттен басталады", - дейді Тұрсынов. Ең өкініштісі – сол ұсыныс тек сөз болып қалды, деп толықтырды ол.

"Кино үйі" төңірегіндегі дау

Қазақстан кинематографистер одағының төрағасы одақ жұмыс істейтінін, алайда "Кино үйі" төңірегіндегі даудың екі жылдан бері шешімі табылмай жатқанын айтты.

"Кино үйі" мәселесі бір орыннан жылжымай тұр. Екі жылдан бері соттасып жатырмыз. Қара шаңырағымызды өзімізге қайтара алмай жүрміз. Сот жалғасып жатыр, қашан бітетіні тіпті белгісіз. Оны ешкім айта алмайды. Бармаған жерім жоқ. Қазір одақ мүшелері отырып жұмыс істейтін орын жоқ. Кейде "Қазақконцерт" ғимаратында, кейде мейрамханада кездесіп, жиналыс өткіземіз. Кейде "Қазақфильмнің" бірінші қабатындағы аядай бөлмеде жиналамыз", - дейді Тұрсынов.

Айтуынша, бұл мәселе кеше туындаған жоқ. Бір кездері одаққа басшылық еткен кісі "Кино үйінің" жартысын сатып жіберген. Одан кейін де басшылыққа келгендер қалған жарты бөлігін жалға беріп қойған. Содан бері сот процесі жүріп жатыр.

"Қазақфильм" басшылығы туралы

Ермек Тұрсыновтан бір салада жүрген әріптесі Ақан Сатаевтың "Қазақфильмге" басшы болып тағайындалғанына қатысты пікірін де сұрадық. Алайда режиссер бұл шешімнің артында жаман оқиға тұрғанын, алайда дәл қазір ашып айта алмайтынын жеткізді.

"Мұны дәл қазір ашып айта алмаймын. Себебі бұл мәселе қазір талқыланып жатыр. Қай жаққа шығаратынын айта алмаймын. Бірнеше аптада бұл мәселе шешіледі. Сатаевтың алдында "Қазақфильмді" Арман Әсенов басқарды. Оны бұл қызметте тоғыз ай қызмет істегеннен кейін орнынан алып тастау, меніңше, қате. Не болатынын көреміз", - дейді Тұрсынов.

Айтуынша, "Қазақфильмді" экономикадан хабары бар маман басқаруы керек.

"Қазақта "қисық аяққа қызыл кебіс не керек?" деген сөз бар. Режиссер – өнердің адамы, ал бұл қызметке есептің адамы, экономиканы білетін адам керек", - деді Ермек Тұрсынов.

"Істеп жүргені - мазақ"

"Тақиялы Періште", кешегі "Қыз Жібек" фильмдері ақша үшін жасалған жоқ. Бұл киноның авторлары ең алдымен елдің көңілін, елдің санасын ойлады. Ақша жағына келер болсақ, ол кейінгі заманның "модасына" айналып кеткен ұғым. Иә, ақшаға да мән беру керек, бірақ ақшадан басқа ешқандай мақсат болмаса, ол шедевр болмайды", - дейді Тұрсынов.

Премьера фильма Томирис
© Sputnik / Владислав Воднев
"Томирис" фильмінің премьерасы

"Ал арзанқол фильмнің миллиондап табыс табуы – көрерменнің надандығын көрсетеді, - деп жалғастырды Тұрсынов. - Қоянбаевтың түсіргенін кино деп айтуға болмайды, осыны адамдарға айтып түсіндіру керек. Баян Алакөзова да кітап жазды, бірақ ол әдебиет емес. Нұртас Адамбаев, Нұрлан Қоянбаев, Қайрат Нұртас пен Төреғалидің түсіріп жатқаны кино емес. Кино деп "Тақиялы періште", "Атамекен", "Қыз Жібекті" атауға болады. Ал бұлардың істеп жүргені – мазақ".

Сонымен қатар Тұрсынов "Томиристі" кино деп санамайтынын, бірақ оған әртістік құрамның еш кінәсі жоқ екенін айтты.

"Томирис" – кино емес. Бұған басқа алып-қосарым жоқ. Әртістердің еш жазығы жоқ, қойылған тапсырманы орындауға тырысты. Негізгі жауап беретін – режиссер", - деп түйіндеді сөзін Тұрсынов.

Режиссер Ермек Тұрсынов
© Photo : Ермек Тұрсыновтың жеке архивінен алынды
Ермек Тұрсынов режиссерлік мансабын "Келін" фильмінен бастаған. 2012 жылы режиссердің "Шал" фильмі шықты

Ермек Тұрсынов 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Режиссерлік мансабын "Келін" фильмінен бастаған. 2012 жылы режиссердің "Шал" фильмі шықты. Сонымен қатар Тұрсынов бірқатар фильмге сценарий жазған.

0
Кілт сөздер:
Ермек Тұрсынов, режиссер
Тақырып бойынша
"Томиристің" қазақшасы қайда?": Ақан Сатаев халықтан кешірім сұрады
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
Тұрсынов Димаштың жетістігіне ортақтасатын шенеуніктерді сынап тастады
Режиссер Ақан Сатаев басшылық қызметке тағайындалды
Белгілі режиссер Ақан Сатаев тұңғышын ұзатты – фото