Иллюстративті фото

Алматыда 30 адамдық банкет, 100 адамдық той өткізгендер жазаға тартылды

326
Ақмола облысында карантинге қарамастан, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкен істеп тұрған. Оның иесіне 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі карантин талаптарын бұзу оқиғалары бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтың айтуынша, 5-14 шілде аралығында бақылаушылар 16 572 нысанды тексеріп шыққан. Соның ішінде 1 617 нысанда тәртіп бұзушылықтар анықталған.

"564 нысан жұмысын өз еркімен тоқтатты. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша 225 хаттама рәсімделді. Ескерту жасалып, айыппұл салынды", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте.

Ол жабық нысандарда тұрғындар бетперде тақпайтынын, қашықтықты сақтамайтынын атап өтті, кебірінде арнайы белгілер орнатылмаған, дене қызуын өлшемейді, дезинфекция жасалмайды.  

Мәселен, Ақмола облысында карантинге қарамастан, аумағы 500 шаршы метрден асатын дүкен істеп тұрған. Оның иесіне 638 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Оқи отырыңыз: Енді той өткізгендер де, тойға барғандар да айыппұл төлейді

"Ал Қостанай облысындағы нысандардың бірінің қызметкерлері бетперде де, қолғап та кимей жүрген. Антисептик қойылмаған. Сол сияқты Семейде сауда үйі мен базарға айыппұл салынды. Сосын қазақстандықтар банкет ұйымдастыруды қоятын емес. Алматыда бір жерде 30 адамдық банкет анықталса, тағы бір мейрамханада 100 адам қатысқан үйлену тойы анықталды. Ондай жағдайлар аз емес", - деп атап көрсетті Сұлтанғазиев.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы ("халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саладағы заңнама талабын бұзу") бойынша қомақты айыппұл қарастырылған: 

  • жеке тұлғаларға –30 АЕК (83 340 теңге);
  • лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік нысандар мен коммерциялық ұйымдарға – 230 АЕК (638 940 теңге);
  • орта кәсіпкерлік нысандарға – 310 АЕК (861 180 теңге);
  • ірі кәсіпкерлік нысандарға –  1 600 АЕК (7 500 600 теңге).
326
Кілт сөздер:
карантин, той
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (577)
Тақырып бойынша
Бүгіннен бастап карантин күшейтілді: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов
Карантинде отырған отбасы үйдің шатыры арқылы қашқан – видео
Нұр-Сұлтан тұрғыны далада жүгіргені үшін қамауға алынды
Үкіметте карантинге қатысты қосымша шаралар қабылданды
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

34
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

34
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды
Бала, ойыншық

Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған бейтаныс адам қарсылыққа тап болды видео

937
(Жаңартылды 20:05 03.08.2020)
Сол маңнан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын қаскүнемнің әрекетіне назар аударып, қызды аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Оралда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген қызды алып кетпек болды, бірақ ол ойы жүзеге аспады. Сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видео Желіде жарияланды.   

Оқиға 2 тамызда Зашаған шағын ауданында Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында болған, деп хабарлады "Мой Город" өңірлік басылымы. Видеодан ер адамның қызға жақындап, біраз уақыттан кейін бірге кетіп бара жатқан сәтін көруге болады.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Бейтаныс адам бірнеше метр жүріп үлгереді, бірақ бір нәрседен күдіктенген жергілікті тұрғындардың бірі оның жолын бөгеп, ұрып-соққан. 

Сәтбаевтағы оқиға: полицияның педофилді үйінен қалай алып шыққаны белгілі болды

Қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Кейін ер адамның жеке басы анықталып, қамауға алынғаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта қыздың анасының арызы Зашаған полиция басқармасының бөлімінде тіркеліп, ер адам анықталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Ведомство күдіктінің орта дәрежеде мас болғанын хабарлады. 

937
Кілт сөздер:
қыз, Орал
Тақырып бойынша
Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
Шымкентте белгісіз біреу 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болды
20 жылға сотталуы мүмкін: Қызылордада 29 жастағы жігіттің азғындық әрекеті әшкере болды
Ақтауда педофил ұсталды - видео