Медбикелер, аурухана

"Сонда не үшін керекпіз?!": павлодарлық медбике қазақстандықтарға үндеу жасады 

3229
(Жаңартылды 12:41 17.07.2020)
Оның айтуынша, бүгінде медицина мамандары ауруханаға түскен әрбір науқастың өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерін салып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Павлодар қаласында жұмыс істейтін Екатерина есімді медбике интернетте теріс пікір жазатын пациенттер мен желі қолданушыларына үндеу жасады. Маман өзінің Instagram парақшасында жазба жариялап, науқастарды емдеп жүрген медбикелеге де оңай емес екенін жеткізді.

Оның айтуынша, бүгінде медицина мамандары ауруханаға түскен әрбір науқастың өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерін салып жатыр. Пациенттер болса, мұны түсінбейді. Тіпті, дәріні қандай мөлшерде және қалай егу керектігін үйрететіндер бар.

"Осы біз, медицина қызметкерлері керекпіз бе? Кей кезде маған керек емес болып көрінеді. Иә, мүлдем керек емеспіз. Өйткені сіздер ем-домды жақсы білесіздер. Дәріні қандай мөлшерде және қалай егу керектігін, тіпті қай жерге салу қажеттігін де айтып отырасыз. Сонда біз не үшін керекпіз? Аяқты сүрту үшін бе?", - деп жазды Екатерина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от K A T E R I N A (@katrin_essa_)

Маман біреудің алғысын күтпеймін дейді. Желіде дәрігерлер туралы жазатын теріс пікірлер жанына қатты батады. Біреулер "Ой, соншама тау қопаратындай не істеп жатыр?" деп жазса, енді біреулер ауруханаға жатқызылған туған-туысы туралы айтып, оған ешбір көмек көрсетілмейтініне арызданып отырады. "Ауруханада бәрібір емдемейді, ал дәріні мен үйде де іше аламын" деп жазатындар да аз емес.

"Бізде күнде 4 медбике жұмысқа шығады. Екеуі бекетте отырса, тағы екеуі процедура жасап жүреді. Ал бөлімшеде 70 науқас бар. Әрбіреуіне "система" қойылады, дәрі егіледі, сынама алынады, қан қысымы, сатурация мен дене қызуы өлшенеді. Соның бәрін медбикелер істейді", - дейді Екатерина.  

Маманның сөзіне қарағанда, ондайда әрбір пациенттің жанында отыруға уақыт жоқ. Ал адамдар көңіл бөлуді талап етеді. Медбикелер науқастың қасында үнемі отырмаса да, іштей алаңдайды, адамның жазылып шыққанын тілейді. 

"Біз әрбір пациенттің көңіліне қарап, отыра алмаймыз. Оған уақыт жоқ. Бірақ ол адамның жазылып шыққанын тілейміз, соған бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Біз де тұншығып жүреміз. Себебі қорғаныс костюмін шешуге болмайды. Туған-туыстарымыз үшін алаңдаймыз. Олар да ауырып жүр. Соған қарамастан, күнде сізге және сіздердің жақындарыңызға көмек көрсетуге асығамыз", - деп атап көрсетті ол.

Осы орайда медбике қазіргі жағдайдың мән-жайын білмейтін пациенттер мен желі қолданушыларына теріс пікір жазбауға өтініш жасады. Алғыс айтпауға да болады. Себебі медицина мамандары үшін ауруханадан шыққан әрбір пациент, құтқарылған әрбір өмір алғыспен пара-пар.

 

3229
Кілт сөздер:
үндеу, науқастар, медбике, Павлодар
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1364)
Тақырып бойынша
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
"Олар үшін мен ұялдым": елордалық медбике изолятордағы "өмір" туралы айтып берді
Видеоға түсірді: коронавирус жұқтырған медбике қалай қиналып жатқанын көрсетті
"Мұндайды ешқашан көрген емеспін": медбике ауруханадағы жағдай туралы ашық айтты
Ресейлік дәрігер Қазақстан ауруханасында не болып жатқанын айтып берді
Қостанай қаласы

Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 

7
(Жаңартылды 17:34 07.08.2020)
23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik.  Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін. Себебі оның орынбасарына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, қазіргі кезде Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасағаны үшін күдікке ілінді", - дейді Биғайдаров.

Ал 23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын.

"Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

7
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Қостанай
Тақырып бойынша
Алматыда бұрынғы әкімнің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
"Әкімнің уәдесі қайда?": Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты
Петропавлда ер адам екі ұлымен бірге өрт кезінде қайтыс болды

"Әйелі үйде болмаған": Петропавл тұрғыны екі баласымен бірге ажал құшты

998
(Жаңартылды 14:48 07.08.2020)
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте үйдің шатыры толығымен өртеніп, жалын көрші үйге шарпи бастағанын анықтады

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Петропавлда жеке үйдегі өрт кезінде ер адам мен оның екі ұлы көз жұмды. Балалар бес және тоғыз жаста болған. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"6 тамыздан 7 тамызға қараған түні сағат түнгі екі жарымда Жұмысшы кентінде Щорс көшесі, 24 мекенжайындағы тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде №4 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы және сонымен бірге №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тағы екі техникасы жіберілді", - деп хабарлады Атығаев.

Мужчина и двое его малолетних сыновей погибли в огне в Петропавловске
© Photo : ДЧС СКО
Петропавлда ер адам екі ұлымен бірге өрт кезінде қайтыс болды

Оқиға орнына бірінші болып барған бөлімше үйдің шатыры толығымен отқа оранғанын анықтады. Бұл өрт шыққаны туралы хабардың кеш жіберілгенін көрсетеді. Өрт әрі қарай көрші үйге тараған.

"Көршілердің айтуынша, үйде үй иесі мен балалары болған. Газ-түтіннен қорғау қызметі сағат 2.51-де 2011 жылы туған баланың денесін, бір минуттан кейін 2015 жылы туған екінші баланың денесін тапты. Сағат 2.55-те 1988 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Балалардың анасы үйде болмаған", - деді Атығаев.

Қаза болғандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрттің және өлімнің себебін жедел-тергеу тобы анықтайды.

Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

Нұрлан Атығаев отбасының тату-тәтті, берекелі болғанын айтты. Шаңырақ иесі көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген, таяуда ғана сапардан оралған.

Айта кетейік, жыл басынан бері өрттен 28 адам қаза болды, өткен жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны артып отыр.

998
Кілт сөздер:
өрт, Петропавл
Тақырып бойынша
Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды
Корея тұрғындары ерлік жасаған қазақ жігітін мемлекеттік марапатқа ұсынды
Көкшетауда шырт ұйқыда жатқан 120 адамды құтқарушылар оятты
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақмола облысында үйінді астынан үш баланың мәйіті табылды