Жамбыл облысында төрт тәулік бойы өрт сөндіріп жатыр

Жамбыл облысында өртті төрт тәулік бойы сөндіріп жатыр

161
Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 200-ден астам қызметкері мен 50-ден астам техника жұмылдырылған

АЛМАТЫ, 22 шілде — Sputnik. Жамбыл облысы Қарабөгет ауылынан елу шақырым жерде осымен төртінші тәулік бойы табиғи өрт болып жатыр. Отқа оранған аумақ 34 мың гектар шамасында деген алдын ала болжам жасалып отыр.

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі өрт 18 шілде күні басталғанын хабарлады. Құрғақ шөп пен сексеуіл өртенген.

Четвертые сутки тушат природный пожар в Мойынкумском  районе Жамбылской области
© Photo : ДЧС
Отқа оранған аумақ 34 мың гектар болды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

Өртті ауыздықтауға төтенше жағдайлар департаментінің 200-ден астам қызметкері мен 50-ден астам техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, МИ-2 тікұшағы қолданылып жатыр.

"21 шілде күні түнде отқа оранған аумақ 34 мың гектар болды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрт болып жатқан жердегі желдің екпіні секундына 10 метр. Ауа температурасы +36 градус шамасында", - деді ведомствода.

Соңғы 24 сағат ішінде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында табиғи өрт сөндірілді.

161
Кілт сөздер:
өрт, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
"Тоқтамай тұр": Тоқаев маңызды мәселе туралы айтты
"Зейнетке шығу жасы төмендейді": министрлік түсініктеме берді
Мүфтият Құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады
Еңбек министрлігі қанша қазақстандыққа 42 500 теңге түскенін айтты
Стационарда неге видео түсіруге болмайды – министрдің түсініктемесі
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

13
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

13
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды
Бала, ойыншық

Оралда 6 жасар қызды алып кетпек болған бейтаныс адам қарсылыққа тап болды видео

910
(Жаңартылды 20:05 03.08.2020)
Сол маңнан өтіп бара жатқан жергілікті тұрғын қаскүнемнің әрекетіне назар аударып, қызды аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Оралда белгісіз біреу аулада ойнап жүрген қызды алып кетпек болды, бірақ ол ойы жүзеге аспады. Сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видео Желіде жарияланды.   

Оқиға 2 тамызда Зашаған шағын ауданында Мөңкеұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласында болған, деп хабарлады "Мой Город" өңірлік басылымы. Видеодан ер адамның қызға жақындап, біраз уақыттан кейін бірге кетіп бара жатқан сәтін көруге болады.   

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана (@42500_tenge)

Бейтаныс адам бірнеше метр жүріп үлгереді, бірақ бір нәрседен күдіктенген жергілікті тұрғындардың бірі оның жолын бөгеп, ұрып-соққан. 

Сәтбаевтағы оқиға: полицияның педофилді үйінен қалай алып шыққаны белгілі болды

Қыздың ата-анасы полицияға шағым түсірді. Кейін ер адамның жеке басы анықталып, қамауға алынғаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта қыздың анасының арызы Зашаған полиция басқармасының бөлімінде тіркеліп, ер адам анықталып, қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Ведомство күдіктінің орта дәрежеде мас болғанын хабарлады. 

910
Кілт сөздер:
қыз, Орал
Тақырып бойынша
Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
Шымкентте белгісіз біреу 5 және 8 жастағы қыздарды зорламақ болды
20 жылға сотталуы мүмкін: Қызылордада 29 жастағы жігіттің азғындық әрекеті әшкере болды
Ақтауда педофил ұсталды - видео