Ұшақ қанаты. Архивтегі фото

Атырау тұрғындарын шошытқан қара түтіннің не екені анықталды

8667
Кеңестік өндірістің ұшақтары қалыпты биіктікке көтерілгенше, жанармайды өте көп тұтынады, күн аса ыстық кезде қозғалтқышқа ауа жетпегендіктен, түтін пайда болады, деп түіндірді әуежай өкілі

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Атырау әуежайынан аспанға көтеріліп, артынан шұбатылған қою қара түтін қалдырып бара жатқан ұшақ көпшіліктің көңілін күпті қылды.

Өйткені бұған дейін де түрлі-түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың видеосы әлеуметтік желіде тарап, талай алып-қашпа әңгімеге себеп болған. Атырау тұрғындары бұл жолы да шошып отыр, деп хабарлады КТК.

"Жігіттер қараңдаршы, ұшақ ұшып бара жатыр, иә, бұл Атырауда жоқ ұшақ, бұрын-соңды ұшпаған, бірдеңе шашып бара жатыр...", - дейді оқиға куәгері.

Жұрт айтқандай, мұндай ұшақ Атырауда расымен жоқ. Инженерлік-авиация қызметі өкілдерінің  айтуынша, бұл ұшақтар Атырауға транзиттік бағытта ұшып-қонады. Кеңес одағы кезінде 1960 жылдары шығарылған "Антонов-12" жүк тасымалдаушы әуе кемесі көршілес елдерде әлі қолданыста жүр. Олар Атыраудағы ірі өндірістік кәсіпорындарға мұнай-газ қондырғыларын тасымалдайды.

Оқи отырыңыз: Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды 

Аталған әуе кемелері Атырау әуежайына аптасына екі рет келіп кетеді екен. Ұшақтың өзіндік салмағы 61 тонна, ал жүк көтеру салмағы 21 тонна. Мамандар "бұл тұрғындар үшін аса қауіпті емес" деп, шұбатылған қара жолақтың не екенін түсіндірді.    

"Тұрғындар арасында  үлкен дау туғызып жатқан бейнежазбаларға қатысты айтарымыз бар. Бұл қалыпты жағдай. Кеңестік өндірістің ұшақтары осындай әсер береді. Өйткені ол кезеңде ешкім экологиялық қауіпсіздік туралы бас қатырған жоқ.  Ескі ұшақтардың барлығы қалыпты биіктікке көтерілгенше, жанармайды өте көп тұтынады, күн аса ыстық кезде қозғалтқышқа ауа жетпегендіктен, сондай түтін пайда болады", - деп түсіндірді Атырау халықаралық әуежайы, инженерлік-авиациялық қызметінің басшысы Андрей Ким.

8667
Кілт сөздер:
түтін, Атырау облысы
Тақырып бойынша
"Қызыл түсті ұнтақ" сеуіп жүрген ұшақтарға қатысты шындық жария етілді – видео
Маңғыстау әкімдігі желіде тарап кеткен видеоға қатысты түсініктеме берді
Жамбыл облысында даулы видеодан кейін бас дәрігер науқасты сотқа берді
"Ұшақпен белгісіз зат шашады": министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді 
Архивтегі фото

Ақтөбе облысында әкім тергеуге алынды  

38
Ауыл әкімі мен бас маман өздерінің карточкалық шоттарына 2,1 миллион теңге жалақы мен іссапар төлемдерін негізсіз аударған

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл әкімі тергеуге алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысында ауылдық округ әкімі мен әкім аппаратының бухгалтерлік есеп жөніндегі бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Аталған тұлғалар өздерінің карточкалық шоттарына жалпы сомасы 2,1 миллион теңге жалақы мен іссапар шығыстары бойынша төлемдерді негізсіз аударған", - дейді тергеушілер.

Ал Жамбыл облыстық әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты бөлім басшысы алаяқтық жасаған. Ол осы басқарманың құрылымдық бөлімшесінің қызметкеріне жоғары лауазымға тағайындауға жәрдем көрсетемін деп, 400 мың теңгесін алдап алған.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео 

Алматы қаласында ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" РММ-нің бас сарапшысына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол роликтер шығару бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 1 миллион теңге сомасында қаражат алды деп айыпталып отыр", - делінген ресми хабарламада.

38
Тақырып бойынша
Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео
Петропавлда әкімдікте істейтін жас жігіт парамен ұсталды – видео
Сөмкесінен екі бума ақша шықты – әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды
Аса ірі көлемде пара алған басқарма төрағасына қатысты тергеу басталды
Демалыста жүрген полиция майорының заңсыз әрекеті әшкере болды
Архивтегі фото

Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті видео

1142
Процессингтік орталықтың басшысы мен қызметкері мемлекет бюджетіне 270 миллион теңгеден астам залал келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қалалық полиция департаментінің лауазымды тұлғасын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Алматы қаласы полиция департаменті процессингтік орталығының басшысы мен қызметкері 800 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатты алып жатқан кезде ұсталды", - делінген ресми хабарламада.  

Олар үш жылдан бері бюджет қаражатын жымқырған. Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер 2017 жылдан бастап жалған сот орындаушысымен сөз байласып, жол қозғалысы ережелерін бұзған адамдардың ақшасын алып, қалтасына басып отырған.

"Автоматтандырылған деректер базасына бюджетке түскен ақша қаражаты туралы жалған мәліметтер енгізілген. Алдын ала дерек бойынша, аталған тұлғалардың қылмыстық әрекетінен мемлекет бюджетіне 25 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық үшін төленуі тиіс 270 миллион теңгеден астам қаржы түспеген", - дейді тергеушілер.

Оқи отырыңыз: "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы ұсталды 

Қазіргі кезде екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

1142
Кілт сөздер:
полиция, видео, қылмыс
Тақырып бойынша
Маңғыстауда Нигерия азаматы полицейге пара бермек болды
Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео
Демалыста жүрген полиция майорының заңсыз әрекеті әшкере болды
Полицейлер парамен ұсталды – видео
Алматы облысында "Нұр жолы" бекетінде сегіз кеденші ұсталды
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған видео

0
Елорда әкімдігінің лауазымды қызметкерлері заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға лицензияларды заңсыз берген

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда әкімдігінің лауазымды тұлғасын тергеуге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы мен басқа да тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Олар 100 000 теңгеден 1 000 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін заңды тұлғаларға құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 1,2,3-санаттағы лицензияларды заңсыз бергені үшін айыпталып отыр", - дейді тергеушілер.

Ал Алматы облысы Кербұлақ ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы мен басқа да қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін тергеуге алынды.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясының лауазымды тұлғасы қылмыс үстінде қолға түсті – видео

"Олар 2019 жылдың шілде-тамыз айларында "Сарыөзек ауылының сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу" объектісі бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 35 855 570 теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды",- делінген ресми хабарламада.

0
Кілт сөздер:
видео, пара