Бақытжан Сағынтаев

"Күнәһар болғым келмейді": Сағынтаев қисайып қалған үйдің тұрғындарына жауап берді  

5177
(Жаңартылды 14:12 23.07.2020)
Алматы әкімі қалада қисайған алты үй бар екенін, қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады

АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы Зерделі ықшамауданында қисайып қалған тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауқымды жұмыс жүргізілді. Үйді қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Үй тексерістен толық өтті. Тұрғын үйдегі пәтерлердің есігі сынып, қабырғалары шытынаған болатын – соның бәрі қалпына келтірілді. Жұмыс бітті, біраз адам үйіне кіре бастады. Тұрғындардың сұрақтары бар, сол себепті әр пәтер иесімен жеке сөйлесіп жатырмыз", - деді қала әкімі.

Айтуынша, мұндай мәселе бір тұрғын үйге ғана қатысты емес. Бұдан бөлек тағы бес үй жөндеуден өтеді.

"Мәселе өткен жылдың соңында қисайған №719 үймен шектелмейді. Сол маңда тағы бірнеше үй бар. Қисайған үйдің жанындағы екінші үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қателеспесем, осындай жағдайда тұрған алты үй бар. Барлығы біздің бақылауымызда тұр", - деп сендірді Сағынтаев.

Үй тұрғындары қала әкімімен кездескен кезде үйдің сапалы жөнделетініне қаншалықты кепілдік беретінін де сұраған.

"Мен де адам баласымын. Мен де Құдайдан қорқамын. Өтірік айтып, болар-болмас жұмыс бітіріп, үйлеріңізге кіріңіздер деп күнәһар болғым келмейді" деп жауап бердім. Қазір де осы сөзімді қайталағым келеді. Жөндеу біткен кезде әрбір үйге мұқият қарап отырамыз. Бұл бір ғана адамның тұратын үйі емес, көпқабатты, көппәтерлі үй", - деп түйіндеді сөзін Сағынтаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда екі қонақүйі бар түрік кәсіпкері Сағынтаевқа тың ұсыныс жасады

Айта кетейік, 23 шілдеде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфирде қаладағы коронавирус инфекциясына қатысты ахуалды баяндап, қала тұрғындарының сауалына жауап берді. 

5177
Кілт сөздер:
Алматы, Сағынтаев
Тақырып бойынша
Сағынтаев ауруханалардағы медициналық жабдықтардың жетіспеу себебін түсіндірді
Бекшин Алматы тұрғындарының вирусты қайда жиі жұқтыратынын айтты
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды
Алматыда жаңа бағдарлама қабылданды: енді оттегі әр төсек-орынға келіп тұрады
Қостанай қаласы

Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін 

114
(Жаңартылды 17:34 07.08.2020)
23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik.  Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов отставкаға кетуі мүмкін. Себебі оның орынбасарына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, қазіргі кезде Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары әкімдіктің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Олар лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, дүкен құрылысына арналған жер учаскесінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгертіп, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасағаны үшін күдікке ілінді", - дейді Биғайдаров.

Ал 23 шілде күні Қостанай қаласы әкімінің өкімімен тергеудегі Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Финк қызметінен босатылған болатын.

"Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, онда 10 күнтізбелік күн ішінде қала әкімі отставкаға кетуі тиіс", - деп атап көрсетті Биғайдаров.

114
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Қостанай
Тақырып бойынша
Алматыда бұрынғы әкімнің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
"Әкімнің уәдесі қайда?": Теңіз кенішінің жұмысшылары тағы бас көтерді
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Денсаулық вице-министрі коронавирустың екінші толқыны туралы айтты
Петропавлда ер адам екі ұлымен бірге өрт кезінде қайтыс болды

"Әйелі үйде болмаған": Петропавл тұрғыны екі баласымен бірге ажал құшты

1037
(Жаңартылды 14:48 07.08.2020)
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте үйдің шатыры толығымен өртеніп, жалын көрші үйге шарпи бастағанын анықтады

АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Петропавлда жеке үйдегі өрт кезінде ер адам мен оның екі ұлы көз жұмды. Балалар бес және тоғыз жаста болған. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"6 тамыздан 7 тамызға қараған түні сағат түнгі екі жарымда Жұмысшы кентінде Щорс көшесі, 24 мекенжайындағы тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде №4 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы және сонымен бірге №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің тағы екі техникасы жіберілді", - деп хабарлады Атығаев.

Мужчина и двое его малолетних сыновей погибли в огне в Петропавловске
© Photo : ДЧС СКО
Петропавлда ер адам екі ұлымен бірге өрт кезінде қайтыс болды

Оқиға орнына бірінші болып барған бөлімше үйдің шатыры толығымен отқа оранғанын анықтады. Бұл өрт шыққаны туралы хабардың кеш жіберілгенін көрсетеді. Өрт әрі қарай көрші үйге тараған.

"Көршілердің айтуынша, үйде үй иесі мен балалары болған. Газ-түтіннен қорғау қызметі сағат 2.51-де 2011 жылы туған баланың денесін, бір минуттан кейін 2015 жылы туған екінші баланың денесін тапты. Сағат 2.55-те 1988 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Балалардың анасы үйде болмаған", - деді Атығаев.

Қаза болғандардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Өрттің және өлімнің себебін жедел-тергеу тобы анықтайды.

Нұр-Сұлтанда моншадан әйел адамның мәйіті табылды

Нұрлан Атығаев отбасының тату-тәтті, берекелі болғанын айтты. Шаңырақ иесі көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген, таяуда ғана сапардан оралған.

Айта кетейік, жыл басынан бері өрттен 28 адам қаза болды, өткен жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны артып отыр.

1037
Кілт сөздер:
өрт, Петропавл
Тақырып бойынша
Үш кішкентай бала үйде жалғыз қалған: Көкшетауда қайғылы оқиға болды
Корея тұрғындары ерлік жасаған қазақ жігітін мемлекеттік марапатқа ұсынды
Көкшетауда шырт ұйқыда жатқан 120 адамды құтқарушылар оятты
Атырауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: көлік жүргізуші көз жұмды
Ақмола облысында үйінді астынан үш баланың мәйіті табылды
Қызметкер, жұмыс

Агенттік жұмыстан кеткен басшылардың есімін жариялады

0
(Жаңартылды 18:01 07.08.2020)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды отставкаға жіберу және тәртіптік жазаға тарту нормасының орындалуы бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғасын тәртіптік жауапкершілікке тарту жоспарланған болатын. Атап айтқанда, индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитовқа тікелей бағынатын қызметкер сыбайлас жемқорлық әрекетін жасаған. Заң бойынша комитет басшысы жауап беруі тиіс. 

"25 шілде күні комитеттің Ақмола облыстық департамент басшысы Молдағұловқа қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Мамыр айында ол бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпкерден 700 мың теңге сомасында заңсыз сыйақы алып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестат алуға қатысты оң шешім қабылдауға уәде берді", - дейді агенттік мамандары. 

Департамент басшысы осы қылмыс үшін параның он есеге артық мөлшерін, яғни, 7 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан да өмір бойына айырылды. Алайда комитет төрағасы Баитов Молдағұловқа қатысты сот үкімінің заңды күшіне енуіне дейін өз еркімен қызметінен босатылды.

"Бұдан бөлек, Қостанай облысы әкімінің өкімімен білім басқармасының басшысы Цымбалюк өз еркімен жұмыстан кетті. 29 шілде күні оған бағынышты "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" КММ-нің басшысы Павличенко қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша кезекті төлемді жедел аударғаны үшін пара алған. Сот үкімі заңды күшіне енбеген", - деді құқық қорғаушылар.

 

0
Кілт сөздер:
басшы, жұмыс
Тақырып бойынша
Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді
"Ұпай жинайсыз деді": Тоқаев үкіметті неге отставкаға жібермегенін ашық айтты
Ұлттық ұланның лауазымды қызметкері ұсталды – видео
Әкімдікке қарасты кәсіпорынның былық-шылығы ашылды - видео
Қостанай әкімі отставкаға кетуі мүмкін