Бердібек Сапарбаев

Ауыл тұрғыны Сапарбаевқа: шыдамның да шегі бар

4685
Тұрғындар соңғы 35 жылда ауылда еш өзгеріс болмағанын алға тартты. Олар әкімнің қызметінен кетуін талап етіп отыр

АЛМАТЫ, 24 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі тұрғындарының шағымын тыңдады. Тұрғындардың бірі ауыл әкімінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлады облыс әкімінің сайты.

Кездесу барысында ауыл тұрғыны Гүлзағира Ешмағамбетова ауыл әкімі Зубаржат Қамиеваның жұмысын сынға алып, шенеуніктің сөзі мен ісі үйлеспейтінін айтты.

Сонымен қатар әйел тұрғындардың әкімнің өз орнын босатуын талап етіп жатқанын жеткізді. Айтуынша, әкім ауылдастарының сөзіне құлақ аспайды. 

Елді мекеннің тағы бір тұрғыны Гүлдария Ақбасова ауыл әкімінің азаматтар арасындағы алауыздыққа ықпал ететінін айтты.

"Кейінгі кездері әкім арамыздағы қарым-қатынаста көптеген келіспеушілік тудырып жатыр. Оның жалғыз мақсаты – ауыл әкімі орнынан айырылмау. Ауылдық мәдениет үйі ұзақ уақыттан бері жұмыс істемейді. Алайда әкімнің туыстары сол жерден жалақы алып отыр. Бұл аз десеңіз, ол ауыл тұрғындарының жартысын қорқынышпен ұстап отыр. Бірақ шыдамның да шегі бар, біз енді барлық жаққа баруға дайынбыз",- дейді әйел.

Тағы бір тұрғын соңғы 35 жылда ауылда еш өзгеріс болмағанын алға тартты. 

"Ол мектеп ішіне дәретхана салу бойынша ешқандай жұмыс жүргізбеді. Зубаржат Қамиеваның әкесі 20 жыл бойы ауылдық округті басқарды. Өзі жеті жыл бойы әкім болып келе жатыр", - дейді тұрғын.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жақын арада ауыл әкіміне қатысты мәселе шешілетінін айтты.

"Әкімнің "креслосы" мұрагерлік бойынша берілмейді. Жеті жыл ауылды абаттандыру, тұрғындарға тиісті жағдай жасау үшін жеткілікті мерзім. 2013 жылдан бастап әкім тек төрт ескі электр бағанасын ауыстырды. Сонда ауылдағы 96 бағанды ауыстыру үшін қанша уақыт қажет?", - деді Сапарбаев.

Сондай-ақ, ауыл әкімінің президентке шағым жазғанының заңсыз әрекет екенін айтты.

"Зубаржат Талғаткызы, сіз президентке шағым жаздыңыз. Алайда сіздің барлық әрекетіңіз заңға қайшы. Мұнда барлық шағымды тексеретін арнайы комиссия жібереміз. Егер заңсыз әрекеттер расталса, шенеунік заң аясында жауапкершілікке тартылады. Біз шағын ауыл тұрғындарының бір-бірімен араздасуына жол бермейміз", - деді аймақ басшысы.

Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындары көтерген мәселенің барлығы мемлекеттік бағдарлама аясында шешілетінін жеткізді.

4685
Кілт сөздер:
ауыл, Бердібек Сапарбаев
Тақырып бойынша
"Басқаша сөйлесеміз": Сапарбаев жұмысы шикі басқарма басшыларына шүйлікті
Сапарбаев Қордайдағы қақтығысқа қатысты тың деректі бөлісті
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Бақылау жоқ": Сапарбаев жиында кімге шүйлікті
"Немереңізді ауыртып аласыз": Бердібек Сапарбаев тұрғындарға үндеу жасады
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

28
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

28
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

110
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

110
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды