Өңірлер

Қарғалы өзеніндегі сұмдық көрініс тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы прогуливаются вдоль городских рек
Алматинцы прогуливаются вдоль городских рек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарғалыда су орнына көбік ақты. Экологтар мұның не нәрсе екенін әзірге айта алмай отыр, өзеннен сынама алынып, зертханаға жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. Алматыдағы Қарғалы өзеніндегі сұмдық көрініс тұрғындар мен экологтарды аяғынан тік тұрғызды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан тап-таза тау өзенінің қатты көпіршіп, су емес, көбік ағып жатқаны анық көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

"Не болып жатыр, жұртым, қараңдаршы! Жоқ, ұнтақтың иісі шығады", - дейді видео авторы.

Өзеннің көбікке оранған сәтін өтіп бара жатқан куәгердің бірі ұялы телефонға түсіріп, дабыл қаққан, деп хабарлады КТК.

Қарғалының мүшкіл халін естіген экологтар мен жергілікті билік өкілдері өзен бойына келгенімен, мұндай көріністі байқамапты. Десе де полициямен бірлесіп анықтау жұмыстары басталып кетті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр – Тоқаев

Әкімдіктегілердің айтуынша, Қарғалы өзенінің бойында ешқандай кәсіпорын жоқ. Маңайда тек жеке тұрғын үйлер орналасқан.

Тосын оқиғаның ешқандай табиғи құбылыс еместігін мойындаған тексерушілер енді әр үйді қадағалауға алды. Тіпті өзен суының ластанғанын анықтау мақсатында  сынама алынып, зертханаға жіберілген. Бірақ сараптама қорытындысының қашан шығатыны белгісіз.

"Алдын ала ешқандай болжам жоқ. Еш мәлімет, факті болмай тұр. Соған байланысты бұл сұраққа бірден жауап беру қиын. Алдағы уақытта анықталады деген ойдамыз. Анықталған жағдайда Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасымен бірге шара қолданамыз", - дейді Наурызбай аудандық қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің аға инспекторы Мадияр Шымырқұлов.

Жаңалықтар
0