Архивтегі фото

"Қара су сеуіп жүр": Министрлік дезинфекцияға қатысты шулы видеоға түсініктеме берді

1331
(Жаңартылды 11:58 29.07.2020)
Қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен БАҚ өкілдері жиналып, ерітіндіні тексеріп көрді

АЛМАТЫ, 29 шілде – Sputnik. Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде көшелердің бірінде сумен дезинфекция жасалып жатқанын айтып, видео жариялады. Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның арнайы ерітінді екенін хабарлады.  

"Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әйел көшелерді дезинфекциялап жүрген әскери қызметшілерге сұрақ қойған. Ол дезинфекция үшін қарапайым су қолданылып жатқанын мәлімдеді. Шындығында, ол – әкімдік бөлімшелері көшелерді дезинфекциялауға берген арнайы ерітінді", - деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, санитарлық залалсыздандыру бөлімшелерін дезинфекциялау құралдарымен әкімдіктер қамтамасыз етеді.

"Олардың атауы көп, бірақ құрамында хлор және басқа да тотықтырғыштар болады. Қолданылатын қоспалар ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды және тіпті зең саңырауқұлақтарын жояды. Медицина және шаруашылық қызметте оларды қауіпті инфекцияларды жоюға пайдаланады", - делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Жұртты дүрліктірген видеодағы тікұшақтардың не істеп жүргені белгілі болды 

Сонымен қатар қорғаныс министрлігі таза ауада нысандарды залалсыздандыру үшін бір құрал пайдаланса, ғимараттардың ішінде басқа құрал қолданылатынын хабарлады. Ал бұл залалсыздандыру құралдары азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.

Айта кетейік, Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде көшені қарапайым сумен дезинфекциялап жүргенін мәлімдеген болатын.  

"Жай ғана су көтеріп жүрсіңдер. Мен қолымды, бетімді жудым. Іш десеңдер ішіп берейін. Далаға қарапайым қара су сеуіп жүр. Үкімет осыған ақша бөлді ғой. Шындық үшін ішуге дайынмын", - дейді әйел видеода.

Дәл осы күні қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен БАҚ өкілдері жиналып, видеоны түсірген әйелді ертіп, ерітіндіні тексеріп көрді. Көпшілік алдында ерітіндіні әзірлеп көрсетті. Әйелдің айтуынша, күндіз көшеге себілген дәл осы иісі жоқ залалсыздандыру құралы болып шықты.  

"Осыны күндіз мен жөн сұрағанда түсіндіріп айтса болады ғой", - дейді әйел.

Ал Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Мәлімов дезинфекция жасайтындарға ерітіндіні дайын күйінде беретінін, сол себепті олар тұрғынның сұрағына жауап бере алмағанын айтты.

1331
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1384)
Тақырып бойынша
Алматыда 30 адамдық банкет, 100 адамдық той өткізгендер жазаға тартылды
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Елордада дезинфекция шаралары қалай жасалды – видео
Жұмысты жандандыру коронавирусқа дейінгі кезге қайта оралуды білдірмейді – елорда әкімдігі
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

22
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

22
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

100
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

100
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды