Өңірлер

Шымкент әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Жазылу
Жаңа орынбасар еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Атырау облысы әкімінің орынбасары болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде — Sputnik. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Шыңғыс Мұқан тағайындалды. 

"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта. 

Жаңа орынбасар туралы не білеміз

Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы "Қайнар" университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және "Болашақ" бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @akimat_shymkent

Еңбек жолын "Жас Алаш" газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы, "Жайық-пресс" ЖШС-інің бас директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Атырау облысы әкімінің орынбасары, KazPetroDrilling АҚ-ның корпоративтік даму бойынша вице-президенті қызметтерін атқарған.

Айта кетсек, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі бірдей орынбасарын қызметінен босатты. Екі шенеунік те әкім орынбасары болып осыдан төрт ай бұрын тағайындалған болатын.

Жаңалықтар
0