Блокбекет, архивтегі фото

Қазақстанның тағы бір өңірінде жолдарға бекеттер қойылды

1866
(Жаңартылды 17:33 30.07.2020)
Павлодар полицейлері мен ветеринарлар көше аралап, құрбандық шалу ережелерін бұзу фактілерін анықтайды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Павлодар облысында патрульдік бекеттер қойылды. Негізгі мақсат – Құрбан айт кезінде малды заңсыз тасымалдауға жол бермеу, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Ресми мәліметке сәйкес, өңірде 11 мобильді бекет қойылды. Атап айтқанда, Павлодар қаласында – 5, Екібастұзда – 3, ал Ақсу қаласында 3 бекет жұмысын бастады. Бұдан бөлек, полицейлер мен ветеринарлар көше аралап, құрбандық шалу ережелерін бұзу фактілерін анықтайды.

"Тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда кінәлі адамдар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406-бабы – "Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша жауапқа тартылады. Осы бапқа сәйкес, 20 айлық есептік көрсеткіш (55 560 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, құрбандық шалу ережелерін сақтамағаны үшін тағы бір бап бойынша жаза бар. Ол – Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы ("қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу"). Бұл бапта тура сондай жаза – 20 айлық есептік көрсеткіш (55 560 теңге) көлеміндегі айыппұл қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан қаласының айналасына бекеттер қойылды

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан шығаберіс жолдарға бекеттер қойылған болатын.

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирус індетінің таралуына байланысты мешіттерде Құрбан айт намазын оқымауға шешім қабылдады. Ал  24 шілде күні Қазақстан Qurban2020.kz сайты іске қосылды. Ол арқылы құрбандық малға онлайн тапсырыс беруге мүмкіндік бар. Бірақ еттің бір бөлігін үйге алып кетуге болмайды. Құрбандық малдың барлық еті мұқтаж адамдарға таратылады. Онлайн-құрбандық жасау үшін сайт арқылы малды таңдап, ақшасын төлеу керек. Мұқтаж жандар да өтініш қалдыруы қажет. Онлайн тапсырыстар 30 шілдеге дейін қабылданады.   

1866
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, бекет
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (592)
Тақырып бойынша
Президентті алаңдатқан Көбейтұз көлінде не болып жатыр – видео
Қазақстанда екі қала қатаң карантинге жабылады
Бүгіннен бастап карантин күшейтілді: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Алматы кіреберісінде бекеттер қойылады
Саябақта серуендеп жүрген әйел

Қостанай облысында карантин жеңілдеді: тұрғындар нені білуі тиіс

41
Бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетіліп, Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Бүгіннен бастап Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шұғыл штабтың шешіміне сәйкес, бүгіннен бастап 500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендері ашылады. Ал одан үлкен сауда орындары  "клиентке дейін жеткізу" форматында істей береді.

Бұдан бөлек, саябақтар және сол жерде орналасқан сауда орындары ашылады. Бірақ аттракциондар мен балалар алаңы, батуттар, велосипед және балалар ойыншықтарын жалға беру қызметі жұмыс істемейді.

Ал саябақ аумағына бір үйдің адамдары болмаса, үш адамнан артық топтасып кіруге болмайды. Адамдар арасындағы арақашықтық сақталуы тиіс.

Қаладағы қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 мен кешкі сағат 21:00 арасында жүреді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда карантин кезінде қандай мәселе ушыға түскені айтылды

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мен Қарағанды облысында карантин шаралары жеңілдетілген болатын. Ал Ақмола облысы бойынша Бурабай мен Зерендіде суға түсуге рұқсат берілді.

41
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (592)
Тақырып бойынша
ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады
Министр карантин қандай жағдайда ұзартылатынын айтты
Қостанайда карантин режимін бұзған жолаушы полицейдің құлағын тістеп алды   
Қазақстанда тағы бір облыста карантин жеңілдетіледі
Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті
аурухана, коронавирус

"Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

249
(Жаңартылды 17:22 10.08.2020)
Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде Атырау облысы Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген ақпарат тарады. Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Мақат ауданында балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деп тараған ақпарат жалған", - делінген хабарламада. 

Мақат аудандық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Асұлан Әбдірахмановтың айтуынша, ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан жоқ.

"Ауданда балалар коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр деген жалған ақпарат болып саналады. Қазір аурухананың провизорлық стационарында 11 адам емделіп жатыр, ішінде бір ғана бала бар. Он айлық нәрестеге суықтан пайда болған пневмония деген диагноз қойылды. Сәбидің жағдайы жақсы, жақында үйіне шығарылады", - дейді Әбдірахманов. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 442 адамға жетті. Пневмонияға шалдыққандар 13 280 науқас болды. Ресми статистикаға сүйенсек, коронавирустан 1269, ал пневмониядан 164 адам қайтыс болды. 

249
Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер
Кісен, архивтегі сурет

Ресей Қазақстанға ұйымдасқан топ құрған адамды тапсырды

0
Есірткі Қазақстанға поштамен жіберілген. Бизнесті ұйымдастырушы құжаттарды қолдан жасағаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз - Sputnik. Ресей Қазақстанға есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топты құрған Қазақстан азаматы Стас Ларинды берді. Бұл туралы Ресейдің бас прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ол қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі (трансұлттық ұйымдасқан топты құру, жетекшілік ету)
286-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттар контрабандасы), 297-бабы 4-бөлігі (есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сату және сақтау) және 385-баптың 2-бөлігі (жалған құжат қолдан жасау) бойынша айыпталып отыр.

Ларин 2016 жылы есірткі контрабандасымен айналысатын трансұлттық ұйымдасқан топ құрған. 2017 жылдың қазан айына дейін жетекшілік етті.

Ларин 2019 жылдың желтоқсанында Новосибирск  облысында ұсталды. Жуырда Стас Ларин арнайы конвоймен Қазақстанға жеткізілді.

0