Блок бекет

Әкімдік желіде тарап кеткен ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

1981
Құрбандыққа шалатын малды қала аумағына кіргізуге жол бермеу үшін Павлодар айналасында блок бекеттер қойылатыны айтылған еді

ПАВЛОДАР, 31 шілде – Sputnik. Павлодар әкімдігі блок бекеттерге байланысты әлеуметтік желілерде тарап кеткен ақпаратты жоққа шығарды. 

"Желіде Павлодар облысы бас санитар дәрігері орынбасарының 29 шілдедегі қаулысына сәйкес, құрбандық малын қалаға кіргізуге жол бермеу үшін кіреберісте блок бекеттер орнатылады деген ақпарат тарады. Тек онлайн-құрбандыққа арналған мал ғана кіргізілетіні айтылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Блок бекеттер орнатылмайды" - делінген Павлодар әкімдігі таратқан ақпаратта. 

Бас санитар дәрігердің қаулысында коронавирустың таралуын болдырмау үшін Құрбан айтта адам көп жиналатын шараларға тыйым салынғаны айтылған болатын. Құжатта мал сою, үйлер мен көлікте құрбандық малын сатуға тыйым салу қарастырылған.

Тағы оқыңыз: "Мән-мағынасы осында": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Айта кетсек, Алматыда құрбандыққа шалынатын малды қалаға кіргізуге тосқауыл болу үшін блок бекеттер орнатылған болатын. 

1981
Кілт сөздер:
құрбан айт, түсініктеме, желі, әкімдік
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1384)
Тақырып бойынша
Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты
Карантин кезіндегі Құрбан айт: ұлық мерекеде қандай шектеулер енгізілді?
Карантиннен кейін алдымен қандай нысандар ашылатыны айтылды
Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты
Қазақстанда тағы 1414 адам коронавирус жұқтырды
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

36
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

36
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

117
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

117
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды