Топырақ, архивтегі фото

Алакөлге демалуға барған 17 жастағы қыз қайғылы жағдайға ұшырады

18981
(Жаңартылды 19:10 01.08.2020)
Мәйітті қазып алу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен Алакөл жағалауындағы құтқарушылар отряды жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көктұма ауылында жар құлап, 17 жастағы қыз баланы топырақ басып қалды.  

Курортты өңірге бірнеше күн бұрын келген демалушы алған ауыр жарақатының салдарынан көз жұмды, деп хабарлады Хабар 24.

Мәйітті топырақ астынан қазып алу жұмыстарына жергілікті тұрғындар мен Алакөл жағалауындағы құтқарушылар отряды жұмылдырылды.

Қарағанды облысында шомылып жүрген үш қыз суға батып кетті

Қазір осы оқиғаға байланысты арнайы жұмысшы тобы құрылып, қайғылы оқиға болған жер тексеріліп жатыр.

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Қанағатовтың айтунша, биыл 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, Алакөлдің Ақши және Көктұма ауылдарының тұсындағы жағалауын нығайту жұмыстары басталған.

18981
Кілт сөздер:
қайғылы оқиға, демалыс, Алакөл
Тақырып бойынша
Жасөспірім қарындастарын құтқармақ болған: отбасылық демалыс қайғылы аяқталды
Демалыстағы трагедия: қызды құтқарған астаналық ажал құшты
Қазақстанда үш күнде 15 адам суға батып кетті 
Шығыс Қазақстанда бойжеткен шанадан құлап қаза тапты
Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған
Бала, аривтегі фото

Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты

19
Қазақстанда кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдері қазақ тіліне аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал шетелдік мультарналарды қазақ тіліне аудару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы вице-министр Болат Тілепов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен руханияттың өзегі – тіл мәселесіне қатысты бастамалар қарастырылып жатыр.

"Мәселен, елімізде кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз. Әрине, кез келген тілдің ертеңі – бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты танымал шетелдік мультарналардан бастау керек деген ұсыныс бар", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, осы іспетті бастамалардың барлығы қоғамдық талқылаудан өтеді. Сол кезде зиялы қауым, сарапшылар мен ата-аналардың пікірі ескеріледі.

"Таңданыспен қарайды": Тоқаев қазақ тілінің мүшкіл хәлі туралы айта бермеуге шақырды 

Айта кетейік, брифинг кезінде вице-министр "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үш жылдың ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халық алдында есеп берді.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бағдарламаны басқарудың институтционалдық негізі қаланды, барлық өңірде жобалық кеңселер ашылды. Сөйтіп, әр жердің ерекшелігіне қарай мазмұндық жоспарлар жасалды. Дегенмен, іс-шараларды өткізу кезінде науқаншылыққа да жол берілді.

"Жасыратыны жоқ, кейбір жерлерде есеп беру мен науқаншылық сияқты үрдістер болған. Ол жайында мемлекеттік комиссияның отырысында да айтылды. Нәтижесінде өңірлердегі барлық шараға қайта талдау жасалып, рухани жаңғыруға мүлдем қатысы жоқ, мағынасы саяз, мақсаты сұйық көптеген шара алынып тасталды. Мәселен, былтырғы жоспарда 229 шара көзделген болса, биыл барлығы – 97", - деп түйіндеді Тілепов.

19
Кілт сөздер:
рухани жаңғыру, қазақ тілі
Тақырып бойынша
Тоқаев қазақ тілін тиімді оқытудың әдісін тапты
Депутаттар алдында жауабын 100 пайыз орыс тілінде берген шенеунік сөз естіді
"Кім жауап береді?": депутат қазақ тілінің мәселесін көтерді
"Бұл қорлау емес": Бекболат Тілеухан мәжілістегі әріптестерінің қылығына күйініп кетті
Карантинде қазақ тілін үйренуге арналған қосымшаны қолданушылар саны артты
Шымкент, қала келбеті

Шымкенттегі жағымсыз иістің себебі анықталды

19
Қазгидромет мамандары жалпы қала бойынша 7-12 тамыз аралығында ластану деңгейі жоғары болмағанын хабарлады

АЛМАТЫ, 13 тамыз – Sputnik. Шымкент тұрғындары қаланың кей аудандарында пайда болған жағымсыз иіске шағымданды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК өңірлік филиалы осыған байланысты тексеріс жүргізді.

"Шымкентте алты бекетте атмосфералық ауаны бақылау жұмыстары қолға алынды. Оның төртеуі қолмен сынама алу арқылы, екеуі автоматты түрде жүргізіледі. Тексеріс барысында 11 көрсеткіш анықталады: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртек оксиді, аммиак, формальдегид, күкіртсутек, озон", - деп хабарлады Қазгидромет.

Екі бекетте шекті рұқсат етілген норма деңгейі асып кеткені белгілі болды.  

  • Самал-3 шағын ауданындағы №5 бекетте 7 және 11 тамызда қалқыма заттар (шаң)  көлемі 2 шекті рұқсат етілген нормаға дейін 10 рет және РМ-10 қалқыма бөлшегі дәл осы күндері 1,5 шекті рұқсат етілген нормаға дейін 5 рет асып кеткені анықталды;
  • Нұрсат шағын ауданындағы №6 бекетте азот диоксиді 9 тамызда 1,6 шекті рұқсат етілген нормаға дейін бір рет, сондай-ақ, аммиак 7 тамызда 6,0 шекті рұқсат етілген нормаға дейін бір рет асып кеткен.

"Қалған заттар бойынша шекті нормадан асып кету фактісі тіркелген жоқ. Жалпы қала бойынша жоғары (10 шекті рұқсат етілген нормадан көп) және экстремалды жоғары ластану (50 шекті рұқсат етілген нормадан көп) жағдайлары тіркелген жоқ",- деп хабарлады Қазгидромет.

Шекті рұқсат етілген нормадан асып кету жағдайларының жиілеуіне байланысты "Қазгидрометтің" өңірлік филиалы  қаланың кей аудандарында атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеп жатыр. Жоспардан тыс өлшеу шараларының нәтижесі қосымша жарияланады.

19
Кілт сөздер:
Қазгидромет, Шымкент
Тақырып бойынша
Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріле ме: экологтар талабына министр жауап берді
Айыппұл өседі – Тоқаев министрге тапсырма берді
Үкімет Көбейтұзға қатысты шешім шығарды
Туристер Қазақстанның ең таза өзені ағып келетін Сілеті су қоймасын ластап жатыр