аптап ыстық

Жеті облыста дабылды ескерту жарияланды

2446
2-3 тамызда бірқатар өңірде аптап ыстық болады, ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі де болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Ауа райына байланысты жеті облыста дабылды ескерту жарияланды. 

2 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз басым бөлігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында күндіз оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с, 34-36 градус қатты ыстық.

2-3 тамызда Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні -15-20 м/с, Жезқазғанда 2 тамызда 35-37 градус қатты ыстық болады.

2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус аптап ыстық күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Орал қаласында найзағай, түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз 2 тамызда Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Қостанай қаласында 36 градус аптап ыстық күтіледі.

Ақмола облысында 31-36 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

2446
Кілт сөздер:
ауа райы, дабылды ескерту
Иллюстративті фото

Шымкентте жоғалған қыз Алматы облысынан табылды

33
Хабар-ошарсыз кеткен қызды табуға Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жоғалған қызды Алматы облысының Қаскелең қаласынан тапты.

Абай ауданының полиция басқармасына әйел қызының жоғалып кеткені туралы арызданды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқи отырыңыз: Түркістанда жоғалған бойжеткеннің екі апта бойы не істегені белгілі болды 

Хабар-ошарсыз кеткен қыздың жүрген жерін анықтау мақсатында Абай АПБ-ның барлық жеке құрамы мен полиция департаментінің бөлімшелері жұмылдырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында, атап айтқанда, республиканың барлық өңіріне бағдар жіберілгеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен қыздың Алматы облысының Қаскелең қаласында екені анықталды.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қызды Шымкент қаласына жеткізді.

 

33
Кілт сөздер:
Шымкент
Тақырып бойынша
Түркияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
19 жыл бұрын ұшты-күйлі жоғалған қазақстандық қыз Тәжікстаннан табылды
"Қызымды жылатқан" Есікте жігітпен желі арқылы танысқан қыз жоғалып кетті
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео
СҚО тасжолында КамАЗ бен Тойота соқтығысты

Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды: жеңіл көлік жапырылып қалды  

111
Апат Челябі – Новосібір  тасжолында Пеньково ауылының маңында болды. Соққыдан кейін КамАЗ жол жиегіне ұшып түсті, ал шетелдік көлік металл үйіндісіне айналды

ПЕТРОПАВЛ, 12 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Челябі – Новосібір автожолында Қызылжар ауданындағы Пеньково ауылының маңында болған.

"Мағжан Жұмабаев ауданының 62 жастағы тұрғыны Toyota Camry көлігімен қарсы жолаққа шығып кетіп, Булаево қаласының 56 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның 1957 жылы туған жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. КамАЗ жүргізушісі зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

КамАЗ и Тойота столкнулись на трассе в СКО
© Photo : пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области
СҚО тасжолында "КамАЗ" бен "Тойота" соқтығысты

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полковник Қанат Айтбаевтың айтуынша, барлық қажетті сараптама тағайындалды.  

Осы жылдың жеті айында Солтүстік Қазақстан жолдарында 98 жол апаты болып, салдарынан 13 адам көз жұмып, 129 адам жарақат алды.

111
Кілт сөздер:
Солтүстік Қазақстан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақтау – Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды – видео
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Қостанай облысында 7 жасар бала полициядан қашқан әкесінің көлігінде көз жұмды
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші ірі апатқа себепкер болды