Өңірлер

Түркістан облысында жанжалдың немен аяқталғаны белгілі болды

© Sputnik / Табылды КадырбековБумажная деловая папка, архивное фото
Бумажная деловая папка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Келтірілген залалдың сомасын анықтау үшін сараптама тағайындалды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында әйел өзінің танысымен жанжалдасып, оның күйеуінің көлігіне зақым келтірді, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Созақ аудандық ішкі істер бөлімшесінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын сағат 13.00-де үйіне таныстарының келіп, жанжал кезінде келген әйелдердің бірі күйеуінің автокөлігін зақымдағанын айтып арызданған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 202-бабы ("бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

"Созақ ауданының полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктінің жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында әйелдің жәбірленушімен қарым-қатынасы нашар болғандықтан, көліктің әйнегін сындырып тастағаны анықталды", - делінген ақпаратта.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Келтірілген залалдың сомасын анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0