Өңірлер

Автобустарда маскасыз отырған жолаушыларды анықтайтын жоба іске қосылды

© Sputnik / Тимур БатыршинОбщественный транспорт в Алматы
Общественный транспорт в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда қоғамдық көлікте санитарлық ережелердің сақталуын бақылауға мүмкіндік беретін пилоттық жоба қолға алынды

АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы қоғамдық көліктерде жолаушылардың маска таққанын онлайн режимде тексеруге мүмкіндік беретін пилоттық жоба енгізілгенін айтты.

Енді қаладағы автобустар мен троллейбустардың іші видеокамера арқылы қадағаланады. Санитарлық ережелердің сақталуын онлайн режимде бақылайтын орталыққа бәрі көрініп тұрады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

"Видеосараптама маскасыз жүрген жолаушыларды анықтап, сондай-ақ, бетпердені дұрыс тақпаған жолаушыларды тануға мүмкіндік береді. Сондай жағдай анықталса, диспетчер жүргізушімен байланысып, жағдайды түзеткенге дейін қоғамдық көлікті тоқтатады. Бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігін бақылауға мүмкіндік береді",- деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа жүйе сынақтың алғашқы күнінен бастап өз тиімділігін көрсетті.

"Ақылды" камералардың көмегімен алғашқы үш күннің өзінде автобустардағы әлеуметтік арақашықтықтың сақталмағаны анықталды. 52 адам маскасыз болса, 89 адам оны дұрыс тақпаған. Тестілеу жалғасады", - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев  Instagram парақшасында.

Қоғамдық көлік ішіне орнатылған бейнекамера автобустағы жолаушылар ағынын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы қажетті бағыт бойынша көлік саны көбейтілетін болады.

Жаңалықтар
0