Жазасын өтеуші Абайдың портретін салды

Петропавл түрмесінде Абайдың алып суреті салынды фото

345
(Жаңартылды 15:09 10.08.2020)
Автор ұлы ақынның суретін екі күннің ішінде салып шықты. Алдымен қарындашпен контурын сызған, одан кейін бояуды қолданған

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Петропавл қаласындағы ЕС-164/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген Қайрош ұлы Абайдың үлкен суретін салып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметіне сәйкес, суреттің биіктігі – 3 метр, ал ені – 5 метр. Ойшылдың 18-ші қара сөзінен үзінді де бар. Қайрош өз шығармасын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр.

Оқи отырыңыз: Америкалықтар Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқыды – видео

Автор ұлы ақынның суретін екі күннің ішінде салып шықты. Алдымен қарындашпен контурын сызған. Одан кейін бояуды қолданған. Оның айтуынша, қабырғаға сурет салудың қиындығы сол, бояу тез ағып кетеді. Сондықтан қателік жасауға болмайды.

Заключенный нарисовал портрет Абая
ДУИС Северо-Казахстанской области
Жазасын өтеуші Абайдың портретін салды

Қайроштың өзі Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Бала кезінен Абайдың шығармашылығына қызығып өсіпті. Ақын өлеңдерін талай рет оқыған. 15 шақтысын жатқа біледі. Сурет салып, мүсін жасаумен де айналысады. Ондай өнер әкемнен берілді дейді. Бірақ бір рет қателік жіберіп, түрмеге түсіп қалған.

"Қайрош Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотталып, үш жылға бас бостандығынан айырылған. Сол күні бір кісімен сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Арақтың кесірінен қатты кетіп қалыпты. Сот жазасын қауіпсіздік деңгейі орташа мекемеде өтеуге шешім шығарды", - дейді түрме бастығы Тамерлан Валиев.  

Қайроштың түрмедегі бір жылы артта қалды. Бүгінде ол қоғамдық шараларға жиі қатысады. Қолданбалы өнер мен көркемсурет секциясына да жазылыпты. Осы уақытқа дейін бірнеше рет марапат алған. Соның арқасында жазасын жеңілдетілген шарттармен өтеуге мүмкіндік алды. Қайрош ұлы ақынның мерейтойына өз үлесін қосуды көздеді. Сөйтіп, ұзақ ойланып, қабырғаға үлкен суретін салып шығуға шешім қабылдаған. Абайдың мүсінін де жасаған.  

"Абайдың қара сөздерін оқыған сайын әрбір сөздің мағынасына терең үңілемін, жаңа қырынан тани бастаймын. Жасаған қателігім үшін қатты өкінемін. Бір жыл артта қалды. Енді, тағы екі жыл бар. Қызым мені күтіп жүр. "Скайп" арқылы сөйлесіп тұрамыз. Сол үшін мекеме басшылығына алғыс білдіремін", - дейді Қайрош.

345
Кілт сөздер:
түрме, Петропавл, Абай
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (57)
Тақырып бойынша
Тоқаев жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды
Абайдың әні алғаш рет жапон тілінде шырқалды – видео
"Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады
10 тамыз – Абай күні: мерекелік шараларға шолу
Қазақстандық балалар салған суреттен Мәскеуде Абай портреті құрастырылады
Пәтер кілті

Пневмониядан қайтыс болған ауыл имамының ұлына баспана кілті табыс етілді

493
(Жаңартылды 17:52 27.09.2020)
Тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары аясында Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен марқұм Мәдікәрім Құрбанбаевтың балаларына мүфтият салып берген баспананың кілтін табыс етті.

Мүфтияттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жылдан бері дін жолында қызмет етіп, Исламды насихаттап, түрлі игі шаралардың басы-қасында жүрген Мәдікәрім Құрбанбаев пневмония кеселіне шалдығып, қайтыс болған. Артынша өмірлік жан жары да осы жаман індеттен көз жұмған.

"Өте қиын сәтте рухани һәм материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Ел үлесі – пәтерге" акциясының аясында асар әдісімен салынған 5 бөлмелі үйді марқұмның артында қалған ұлы Абдулбасидке табыс етті", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

493
Тақырып бойынша
Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

4644
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

4644
Кілт сөздер:
видео
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

56
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

56
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды