Работа Городской клинической больницы №31

"Кабинетке кірсем, ішкиіммен отыр": Есікте медбикелер басшының үстінен арызданды

11559
(Жаңартылды 11:01 11.08.2020)
Алматы облысында ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың директоры ішімдікке сылқия тойып, қызметкерлеріне қол жүгірткен   

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Алматы облысының Есік қаласындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикелері мекеме директорын ішімдікке сылқия тойып, қызметкерлерге қол жүгіртеді деп айыптады.  

Айтуларынша, қызқұмар басшы төсектен бас тартқан жұмысшылардың соңына түсіп, келіспегендерге қысым көрсетеді екен. "Аманат" арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы бұл айыпты мойындамады, деп хабарлады КТК.

Эльмира Асқарова білдей басшының қызқұмар қылықтарын жалпақ жұртқа жария етуге бел буған. Алматы облысындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикесі директордың қыз-келіншектерге қол жүгіртіп, жыныстық қатынасқа тартатынын айтады.

Көзіне түскенді кабинетіне шақырып, ішімдік ішуге мәжбүрлейді, дейді шыр-пыр болған қызметкер.

"Кабинетіне шақырып, кел, ішейік деді. Мазақ қылды. Жыладым да, кабинетінен шығып кеттім. Тоқташы, бір айналып жіберші, фигураңды көрейін деді. Тікелей басшыма барып, жыладым", - дейді медбике Эльмира Асқарова.

Қарамағындағы қызметкерлерді палатада емес, төсекте көргісі келетін басшы, әсіресе ажырасқан немесе күйеуі қайтыс болған жалғызбасты келіншектерге қырғидай тиетін көрінеді.

"Кабинетке кірсем, ішкиіммен отыр. "Енді не істейміз? Бастаймыз ба?" дейді. "Нені? дедім. Ол бірақ бой бермей, шашымнан ұстап бас салды. Есін білмейтін мас. Итеріп жіберіп,  алды-артыма қарамай қаштым. Сосын жылап, әріптестеріме айттым. Бұл деген барып тұрған бассыздық қой!", - деп ашуланды медбике Айнұр Керімова.

Есік қаласындағы "Аманат" арнаулы қызмет көрсету орталығына жаңа басшы ақпан айында келген екен. Содан бері жұмысшылардан маза кетіпті. Күшейтілген карантинде "артығымен жұмыс істедік" деген наразы топ айлықтың қысқарғанына да қапалы.

"Біздің айлығымыз ай сайын төмендеп бара жатыр. Бухгалтерияға барсақ, "Бедный месяц" дейді. Сонда қалай, мемлекетте айлар "бедный", "богатый" болып бөліне ме? Эльмира деген қыз жылап келгеніне өзім куәмін. Кешкі сегізге бастық шақырды деді. Сол кезде сенімен бірге барайын, жұмыстан шығарса, шығара берсін деп айттым", - дейді бақылаушы-санитар Айдар Сәменов.

Оқи отырыңыз: Шымкент тұрғыны депутаттың былығын ашамын деп өзі сотталып кетті 

Басшылықтың бассыздығын айтқан медбикелер бас прокуратура, еңбек инспекциясы мен жауапты министрлікке арыз жазыпты. Ал аурухана басшысы Мақсат Бекетаев өзіне шаң жуытқан жоқ. "Қол астымдағы қызметкерлер күшейтілген талапқа көнбей, негізсіз жала жауып отыр" дейді ол.   

"Бәрі жала. Бәрі өтірік. Мынаны екі-үш адам ұйымдастырып отыр. Мен сотқа берейін деп жатырмын. Сот бәрін анықтайды. Қаржы полициясы бәрін тексереді, сосын өздері шешім шығарады. Айлық туралы айтқандары да өтірік", - дейді Мақсат Бекетаев.

Есік қаласындағы ақыл-есі кем адамдарға арналған орталықта 500-ден астам науқас бар. Ал оларға 300-ге жуық медициналық маман қызмет көрсетеді. "Құқығымыз тапталды" деген қызметкерлер құзырлы орындарға екі ай бұрын шағымданыпты. Ең сорақысы, олардың жанайқайына әлі күнге дейін ешкім назар аудармаған. Орталықтың қызметкерлері қызқұмар басшымыз бассыздығын тоқтатпаса, базынамызды мемлекет басшысына жеткіземіз деп отыр.

11559
Кілт сөздер:
арыз, медбике, Есік қаласы
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы басы дауға қалған вице-министрді қызметінен алып тастады
Сәбит Әбдіхалықов Әуезов театрының директоры қызметінен кетті
Режиссер Обаев Әуезов театрындағы жанжал туралы: шындықты неге бұрмалайды?
Айгүл Иманбаева үкімет басында отырған шенеунік тоқал еткісі келгенін айтты
"Бірдеңе жеді ме?": Сәбит Әбдіхалықов басқаратын театрдың әртістері шу шығарды
Әртістерге басу айтуға барған мәдениет министрі даудың ортасында қалды
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

2203
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

2203
Кілт сөздер:
видео
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

1640
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

1640
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

378
(Жаңартылды 14:44 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы пен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

378
Кілт сөздер:
қақтығыс