Есенбек Сиғуатов

Атыраулық чемпионның өліміне қатысты тың дерек шықты

510
(Жаңартылды 17:12 12.08.2020)
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 12 тамыз – Sputnik. Атырау облысында тоғызыншы тамызда төбелес кезінде танымал атыраулық спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов көз жұмды. Кісі өліміне қатысты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады өңірлік "Мой город" басылымы.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 9 тамызда сағат 3.10-да Дамба ауылының екі тұрғыны арасында қақтығыс туған.

"Жанжал барысында бір адамға оқ тиген. Содан кейін ол ауруханаға жеткізілді. Алған жарақатынан ер адам көз жұмды", - делінген полиция ақпаратында.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Атырау басшысы әкімдіктің алдында болған келеңсіз оқиға үшін кешірім сұрады

Айта кетейік, қайғылы оқиға тоғызыншы тамызда Дамба мен Құрманғазы ауылының жігіттері арасындағы төбелес кезінде болды. Оқ чемпионның жүрегіне тиген. Есенбек Сиғуатов бір апта бұрын 18-ге толған еді.

510
Кілт сөздер:
күдікті, Атырау облысы, спортшы
Тақырып бойынша
Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
"Жағдай қиындап кетті ": Атырау ауруханасында орын жоқ
Атырау тұрғындарын шошытқан қара түтіннің не екені анықталды
Итті тоңазытқыштың есігімен азаптаған Атырау тұрғынына қатысты іс қайта қозғалды
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

2301
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

2301
Кілт сөздер:
видео
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

1647
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

1647
Таулы Қарабақтағы қақтығыс

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді: бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар

515
(Жаңартылды 14:44 27.09.2020)
Таулы Қарабақта Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығыс ушықты, бейбіт тұрғындар қаза тапқаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Армения Әзербайжанның екі тікұшағы пен үш ұшағын жойғанын хабарлады. Ал Әзербайжанның әскерилері 12 армян зенит кешенін жойғанын мәлімдеді.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы екі тарапты да оқ жаудыруды доғаруға шақырды.

"Тараптарды дереу атысты доғарып, жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздерге кірісуге шақырамыз", - делінген ресейлік министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия толыққанды Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

Армения осы жағдайға байланысты әзірге Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына (ОДКБ) жүгінген жоқ. Никол Пашинян шұғыл түрде елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізбек.

Әзербайжанның әуе күштері Тертер-Агдам, Физули-Джебраиль, сонымен қатар Муровдаг тауы бағытында ұрыс жүріп жатқанын хабарлады.

Ал мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян елде соғыс жағдайын енгізіп, мобилизация жариялады.

515
Кілт сөздер:
қақтығыс