Портфель

Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды

181
(Жаңартылды 14:20 14.08.2020)
Жезқазғанның бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

АЛМАТЫ, 14 тамыз– Sputnik. Жезқазғанның жаңа әкімі болып Қайрат Әбсаттаров тағайындалды. Бұған дейін ол "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары –басқарма мүшесі қызметін атқарған.

Жаңа басшыны Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Қайрат Бектайұлының мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар, қаладағы мәселелерді біледі және шешімін табады. Ол тәжірибесімен білімінің арқасында президент қойған міндеттерге сәйкес жұмысты ұйымдастыра алады", - деді Қасымбек.

Қаланың жаңа басшысының кандидатурасы Жезқазған мәслихатының депутаттарына кезектен тыс сессияда ұсынылды. Олар Қайрат Әбсаттаровқа бірауыздан дауыс берді.

Ал Қайрат Бегімов президент әкімшілігінің келісімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды.

Қайрат Әбсаттаров туралы не білеміз?

Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров 1966 жылы Жезқазғанда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын "автомобиль және автомобиль шаруашылығы" мамандығы бойынша;

1998 жылы О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін "экономика және өндірісті басқару" мамандығы бойынша;

 2018 жылы "МИСиС" Ұлттық техникалық зерттеу университетін "іскерлік әкімшіліктендіру магистрі" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1990-1997 жылдары Жезқазғанның автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіп кәсіпорындарында, Қарағанды облысының әкімшілік аппаратында еңбек еткен.

Әр жылдары стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінде, Қазақстан президентінің әкімшілігінде жұмыс істеген, ақпарат және байланыс министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарды. Сонымен қатар көлік және коммуникация вице-министрі, бірнеше министрлікте комитет төрағасы болды. Одан кейін премьер-министр кеңсесін, өңірлік даму департаментін басқарды.

Оқи отырыңыз: Жаңа әкім Павлодар қаласының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

2019 жылдан бастап осы күнге дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі болған.

"Құрмет" орденімен марапатталған.

181
Кілт сөздер:
жаңа әкім, Жезқазған
Тақырып бойынша
Жаңа әкім Назарбаевқа Астананың құрылысын қалай жалғастыратынын айтты
Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
Шымкентке жаңа әкім келді
Нұр-Сұлтанның "Алматы" ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ақтау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент ескі қалашығы тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды

Назарбаев "Шымкент ескі қалашығын" аралады

202
(Жаңартылды 17:39 29.09.2020)
2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын "Шымкент ескі қалашығы" тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

"Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Оқи отырыңыз: Түркістанда түрлі форумдар мен спорт шараларын өткізіп тұру қажет – Назарбаев 

Айта кетейік, "Шымкент ескі қалашығы" – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.

Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы - б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.

 

202
Кілт сөздер:
Шымкент, Назарбаев
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды
Назарбаев музейде естелік жазба қалдырды
Назарбаев Маңғыстау облысына не үшін барды?
Назарбаев пен Мирзиёев Сарыағашта өзекті мәселелерді талқылады
Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты
Архивтегі фото

"Дуа ма, әлде сиқыр ма?": Түсініксіз рәсім қарағандылықтардың зәресін ұшырды

877
Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды төрт-төрттен қадап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда ерекше рәсім жасаумен жұртты шошытқандар іздестіріліп жатыр.

Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды қадап кеткен. Оның айналасында тиындар шашылып жатыр, деп хабарлады КТК.

Ас пышағы төрт-төрттен төрт жерде қадалып тұр. Үрейі ұшқан тұрғындар бұның не үшін жасалғанын түсінбей жатыр. "Дуа ма, әлде сиқыр ма?" деп бас қатыруда. Ал мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Соңғы мәрте жасалған түсініксіз рәсім бұқараның тіптен зәресін ұшырды. Өйткені соңғысында пышақты жерге кесілген бауырмен бірге қадаған. Қазір оның қай жануарға немесе аң-құсқа тиесілі екені анықталуда.

Күйеуін қайтармақшы болған: баласына он ине тыққан әйел сотталды

Мұндай көрініс бұған дейін де болған. Ол кезде 68 жастағы зейнеткер әйел осы әдіспен аяғын емдеген. Бірақ сол үшін 8 мың айыппұл төлеген. Ал бұл жолғы елдің зәресін алғандар ұсталса да, жауапқа тартылмайды екен.

"Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Тек осы нәрсені жасаған адамды анықтауымыз керек. Оның ақыл-есі дұрыс па, бұрыс па, сол жағы тексеріледі. Егер ақыл есінде кемістігі болса, оны психдиспансер сынды мекемеге жібереміз. Алдымен қолға түсіруіміз қажет. Бірақ ол адам ешқандай жазаға тартылмайды", - дейді Қарағанды қалалық ПБ орталық бөлімше бастығының орынбасары Асылбек Сейітжанов.

877
Тақырып бойынша
Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды
Қызылордалық әйел дуадан құтылу үшін 9 миллион теңгеcін шығындаған
Әпкесін өлтірген жігіт сот залының төбесі арқылы қашып кетпекші болды – видео
Көкшетауда ақыл-есі кем адам көшеде дұға оқып, жұрттың үрейін туғызды