Өңірлер

Алматыда карантин режимін бұзған нысандарға 39 миллион теңге айыппұл салынды

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуБургер ресторана Black Star Burger
Бургер ресторана Black Star Burger - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин кезінде жұмыс істеген 5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж бөлмесі, 7 караоке клубы анықталды

АЛМАТЫ, 18 тамыз — Sputnik. Алматыда 20 шілдеден 17 тамызға дейін карантин режимін сақтамаған түнгі клуб, мейрамхана иелеріне 39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция бастығының айтуынша, 20 шілдеден бері қалада 3423 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Қалада карантин режимінің сақталуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топтар құрылды. Оның құрамына тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлері, аудан әкімдігінің өкілдері және полицейлер кірді. Бірлескен топтар жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде барлығы 3423 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 126-сы заңды тұлғалар", - деп атап өтті полиция басшысы.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда мейрамханалар карантин кезінде жұмыс істеген

Сонымен қатар Алматыда карантин режимін сақтамаған бірқатар мейрамхана, массаж бөлмелері анықталып, оларға 39 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Карантинді сақтамаудың қаншалықты қауіпті екенін азаматтардың бәрі бірдей түсіне бермейді. Оны тәжірибе көрсетіп отыр. Тұрғындар той тойлап, клубтарға барады, қорқор шегеді. Осылайша, рейд кезінде 5 сауна, 7 түнгі клуб, 32 кафе, 17 мейрамхана, 12 массаж бөлмесі, 7 караоке клубы анықталды", - деді Таймерденов.

Аталған нысан иелеріне Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес, 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0