Сот, архивтегі фото

Шымкентте үш бала уланып өлді: дезинсектор сотталып жатыр

2613
(Жаңартылды 08:30 20.08.2020)
Кінәсі дәлелденіп жатса дезинсекция жүргізген маман 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Шымкентте үш баланың уланып өлуіне себепші болды деп айыпталып жатқан дезинсектордың ісі сотта қаралып жатыр.  

Қайғылы оқиға ақпан айында болған. Залаласыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізілмегені дәлелденсе, дезинсектор 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

42 жастағы азаматтың соты жартылай онлайн режимінде өтті. Негізі бұл іс шыжғырған шілде айында басталған. Бұл үшінші отырыс, деп хабарлады "Астана" арнасы.

"Іс бойынша бірнеше куәден жауап алынды. Қалған куәлерден алдағы сот отырысында жауап алынады", - деді Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Келтірілген деректерге қарағанда дезинсекция маманының екі фактіге қатысы болуы мүмкін. Ақпан айында тарақанды улау жұмысы кезінде көрші пәтердегі сегіз айлық нәресте көз жұмыпты. Тағы бес адам ауруханаға түскен. Тағы бір жағдай қараша айында тіркелді. Құрт-қоңызды улау кезінде бір отбасынан екі бала қайтыс болған. Осыдан кейін полиция үш сәбидің өліміне белгісіз химикат себепші деп күдіктенді.

Ажалы картоптан болды: Ақмола облысында төрт адам жертөледе көз жұмды

"Қылмыстық іс бойынша екі фактіге, яғни екі жерге зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізгені үшін айыпталып отыр. Арнайы рұқсаты болмаса да, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген", - деп атап өтті судья Қайрат Ізбасаров.

Сот барысында сегіз куәнің төртеуі тыңдалған. Қалғандары келесі процестерде көрген-білгенін айтуы тиіс.

2613
Кілт сөздер:
улану, Шымкент
Тақырып бойынша
Депутаттар белгісіз заттан уланған баланы еске алды
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Туыстарының үйіне қонаққа барған: Шымкентте бір отбасы уланып қалды  
Арқалықта бір тәулік ішінде тоғыз адам көз жұмды
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

27
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

27
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Архивтегі фото

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

46
Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.    

46
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, есірткі, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  
Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты