Өңірлер

Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео

© Photo : предоставлено очевидцамиНаручники
Наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдіктілер полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, "Тойота Ланд Крузер" жол талғамайтын көліктерімен қашып кетпекші болды

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Полицейлер жасырынбақ болған есірткі диллерлерін қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігіне қарасты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы мен арнайы бөлімшелер Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде Қызылорда қаласынан 320 километр қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясын анықтады. Онда суаруға арналған бассейн мен агроқұралдарды сақтау және тұруға арналған жерасты үңгірі болған.

Алқапқа жақын ұшып бару кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған екі "Тойота Ланд Крузер" жол талғамайтын көлігі қашып кетпекші болды. Көліктегілер полиция қызметкерлерінің талабына бағынбады.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді

Полицейлер алдымен ескерту жасап, бірнеше рет дөңгелекке оқ атты. Содан кейін ғана екі көлік тоқтауға мәжбүр болды.  

Полиция қызметкерлері жергілікті үш тұрғынды ұстады.  Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді және медициналық мекемеге жеткізілді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңалықтар
0