Ерғали Сыдыманов

Алматы облысының бас санитар дәрігеріне қандай жаза қолданылады?

1528
(Жаңартылды 12:43 20.08.2020)
Талдықорған қаласының әкімдігі облыстың бас санитар дәрігеріне қатысты қандай жаза қолданылатынын айтты. Әкімдік өкілі ең оңтайлы және әділ шешім қабылданды деп санайды

АЛМАТЫ, 20 тамыз — Sputnik. Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов кәсіпкерлермен дөрекі сөйлескені үшін қатаң сөгіс алады. Бұл туралы Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы Instagram парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, аймақтың бас санитар дәрігеріне қатысты іс Алматы облысының әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды.

Нұр Қанатұлы Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға Сыдымановқа тәртіптік жаза ретінде қатаң сөгіс жариялау ұсынылғанын айтты.

Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы көптеген адамның Сыдымановты қызметінен босатуды талап еткеніне қарамастан, мұндай жазаны ең оңтайлы, адекватты және әділ деп атауға болатынын мәлімдеді.

"Біріншіден, ол өз кінәсін толық мойындап, қала мен облыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Екіншіден, адамды балағаттап, жеке басын қорлаған жоқ, әсіресе қол сұғушылық болған жоқ. Үшіншіден, ол денсаулық саласында мол тәжірибесі мен еңбек өтілі бар өз ісінің маманы болып саналады", - деп атап өтті Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы.

Ол сондай-ақ, Сыдымановқа мүмкіндік беру керек екеніне баса назар аударды. Айтуынша, әрбір шенеунікті осындай теріс қылығы үшін жұмыстан босата берсе, онда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін ешкім қалмайды. Қанатұлы әкімдікте кадрлардың ауысуына байланысты белгілі бір мәселелердің бар екенін де айтты.

"Жақында көптеген азаматтық, қоғамдық белсендіні, блогерлер мен кәсіпкерлерді мемлекеттік қызметке шақырдым, алайда олар бұл ұсыныстан бас тартты. Себебі мұнда жұмыс көп екенін және оның өте қиын екенін жақсы біледі. Жалақы туралы жазғым да келмейді", - деді Қанатұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған кәсіпкерлері облыстың бас санитар дәрігері қызметіне жаңадан кіріскен Ерғали Сыдымановтың әрекетіне қатысты наразылық білдірді.

Әлеуметтік желіде тараған видеода тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы кәсіпкердің сауда үйлерін, азық-түлік сатпайтын базарлар мен авто бөлшек дүкендеріндегі тыйымды алып тастау туралы өтінішіне дөрекі жауап берген.

Біраз уақыт өткен соң Еркеғали Сыдыманов адамдармен "қарапайым тілде" сөйлескісі келетінін айтты. Кешірім сұрап, басшылықтың кез келген шешімін қабылдауға дайын екенін жеткізді.

Денсаулық сақтау министрі Алматы облысының бас дәрігерінің бұл әрекетіне байланысты мемлекеттік қызметкер мұндай мінез көрсетпеуі керек екенін айтқан болатын.

1528
Кілт сөздер:
видео, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Батыс Қазақстанда шенеунікке не үшін шабуыл жасалды?
Абаев журналистерге "жыны келген" әріптесі туралы: еш уақытта ашуланбау керек
Қостанай облысында әкім қол астындағы қызметкерін тілдеді
"Неге өтірік айтасың?": желіде қазақстандық әкімнің видеосы қызу талқыланып жатыр
Жүйкесі сыр берген: Көпбалалы аналарға тағы бір шенеунік дөрекілік көрсетті
Пәтер кілті

Пневмониядан қайтыс болған ауыл имамының ұлына баспана кілті табыс етілді

502
(Жаңартылды 17:52 27.09.2020)
Тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары аясында Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен марқұм Мәдікәрім Құрбанбаевтың балаларына мүфтият салып берген баспананың кілтін табыс етті.

Мүфтияттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жылдан бері дін жолында қызмет етіп, Исламды насихаттап, түрлі игі шаралардың басы-қасында жүрген Мәдікәрім Құрбанбаев пневмония кеселіне шалдығып, қайтыс болған. Артынша өмірлік жан жары да осы жаман індеттен көз жұмған.

"Өте қиын сәтте рухани һәм материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Ел үлесі – пәтерге" акциясының аясында асар әдісімен салынған 5 бөлмелі үйді марқұмның артында қалған ұлы Абдулбасидке табыс етті", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

502
Тақырып бойынша
Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

4677
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

4677
Кілт сөздер:
видео
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

60
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

60
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды