Иллюстративті фото

12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Орал тұрғыны неліктен қатаң жазаланбады?

3171
(Жаңартылды 11:29 24.08.2020)
Сот әлеуметтік желіде наразылық тудырған, сонымен қатар Қазақстанның балалар омбудсмені назар аударған үкімге қатысты түсініктеме берді

АЛМАТЫ, 24 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде қазақстандықтар 12 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Орал тұрғынына кесілген үкімге наразылық білдіріп жатыр.

Қылмыстық іс "Жас баланы зорлаудан" "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабына ауыстырылды. Содан кейін сотталушыға екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Оралда жасөспірімді зорлады деп айыпталған ер адам түрмеде отырмайтын болды 

Сот бұл шешімді шығару барысында алқабилердің нені басшылыққа алғанын түсіндірді.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы, "Зорлау" – жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау. Күш қолдану мен қауіп төндірудің не екені түсінікті. Дәрменсіз күй – жәбірленуші белгілі бір себептерге байланысты қарсылық көрсете алмайтын жағдай. Оның ішіне 14 жасқа дейінгі бала да кіреді. Мұндай жағдайда қылмыскердің жәбірленушінің жасы туралы білуі өте маңызды", - деп "Мой Город" басылымы сот өкілінің түсініктемесінен үзінді келтірді.

Сотталушы, Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны істі алқабилердің қарауын сұраған. Бұл іс бойынша он алқаби шешім қабылдады, оның ішінде жеті әйел, үш ер адам бар. Шешім көпшілік дауыспен қабылданды.

"Алқабилер үкіміне сәйкес, сотталушы жәбірленушінің 14 жасқа толмағанын білмеген. Сонымен қатар жыныстық қатынасқа ерікті түрде түскен. Заң судьяға алқабилер шешіміне ықпал етуге тыйым салады. Алқабилердің ішінде кімнің қалай дауыс бергені жарияланбайды. Бұл – кеңесу бөлмесінің құпиясы", - деп хабарлады сот.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағым берілуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін алқабилер жыныстық қатынасқа қыз өз келісімін берген деген тұжырым жасады. Сондай-ақ, қыздың психикалық және физиологиялық дамуына байланысты жыныстық қатынастың мәнін түсінетіні айтылды.

Алқабилер ер адамның кәмелетке толмаған баласының бар екенін, сондай-ақ бұрын-соңды сотты болмауын жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды. Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға еш негіз жоқ деп есептеді, сол себепті алқабилер дауыс беріп, ер адамды 2,5 жылға бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

3171
Кілт сөздер:
Орал, педофил, жыныстық қатынас
Тақырып бойынша
Ақтөбеде жасөспірім жеті жасар баланы зорлады
Алып қашып, зорлады: шымкенттік 19 жастағы бойжеткен "күйеу жігіт" туралы айтып берді
Жасөспірімді соққыға жыққан экс-әкімге қатысты сот шешімі шықты
Бір кабинетте отыратын әріптесін зорлады деген күдікке ілінген дәрігер ақталып шықты
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

18
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

18
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Архивтегі фото

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

43
Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.    

43
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, есірткі, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  
Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты