Қыз, архивтегі фото

Түркістанда үйленбек болған жігіт достарымен бірге сотталып кетті

11800
(Жаңартылды 16:13 26.08.2020)
Түркістан қаласында 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінен төрт жігіт көлікке күштеп мінгізіп, алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Түркістан қалалық соты қыз алып қашқан төрт жігітке үкім кесті.

20 жастағы бойжеткенді еркінен тыс ұрлап, көндіру үшін зорлағандардың алды сегіз жылға сотталды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

"Сот үкімімен үш сотталушыға қатысты "адам ұрлау" бабымен әрқайсына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тағы бір сотталушы "Адам ұрлау" және "Зорлау" баптары бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Түркістан қалалық сотының төрағасы Айгүл Жаңбырбаева.

Бұл оқиға былтыр 3 желтоқсан күні Түркістан қаласында болған еді. 20 жастағы бойжеткенді таңертең оқуға бара жатқан жерінен төрт жігіт көлікке мінгізіп, алып кеткен. Қызды көндіру үшін Шымкенттегі туыстарының үйіне әкеліп, болашақ "күйеу" жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып күш қолданған. Тіпті өміріне  қауіп төндіріп, еркінен тыс зорлағаны сотта өз дәлелін тапты деді телефон арқылы сұқбат берген сот төрағасы.

Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен бұған дейін жігіттің жеңгелерін де жауапқа тартуды сұраған болатын.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қыз алып қашқан бес жігіттің басы бәлеге қалды 

11800
Тақырып бойынша
Қызылордада қыз алып қашқан жігіттер сотталды
Жамбыл облысынан қыз алып қашқан түркістандық төрт жігіт сотталып кетті
Алып қашып, зорлады: шымкенттік 19 жастағы бойжеткен "күйеу жігіт" туралы айтып берді
Түркістан облысында қыз алып қашқан жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін - видео
Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент ескі қалашығы тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды

Назарбаев "Шымкент ескі қалашығын" аралады

231
(Жаңартылды 17:39 29.09.2020)
2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын "Шымкент ескі қалашығы" тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

"Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Оқи отырыңыз: Түркістанда түрлі форумдар мен спорт шараларын өткізіп тұру қажет – Назарбаев 

Айта кетейік, "Шымкент ескі қалашығы" – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.

Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы - б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.

 

231
Кілт сөздер:
Шымкент, Назарбаев
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды
Назарбаев музейде естелік жазба қалдырды
Назарбаев Маңғыстау облысына не үшін барды?
Назарбаев пен Мирзиёев Сарыағашта өзекті мәселелерді талқылады
Түркістан қаласында жаңа әуежай іске қосылды: рәсімге Елбасы қатысты
Архивтегі фото

"Дуа ма, әлде сиқыр ма?": Түсініксіз рәсім қарағандылықтардың зәресін ұшырды

887
Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды төрт-төрттен қадап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда ерекше рәсім жасаумен жұртты шошытқандар іздестіріліп жатыр.

Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды қадап кеткен. Оның айналасында тиындар шашылып жатыр, деп хабарлады КТК.

Ас пышағы төрт-төрттен төрт жерде қадалып тұр. Үрейі ұшқан тұрғындар бұның не үшін жасалғанын түсінбей жатыр. "Дуа ма, әлде сиқыр ма?" деп бас қатыруда. Ал мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Соңғы мәрте жасалған түсініксіз рәсім бұқараның тіптен зәресін ұшырды. Өйткені соңғысында пышақты жерге кесілген бауырмен бірге қадаған. Қазір оның қай жануарға немесе аң-құсқа тиесілі екені анықталуда.

Күйеуін қайтармақшы болған: баласына он ине тыққан әйел сотталды

Мұндай көрініс бұған дейін де болған. Ол кезде 68 жастағы зейнеткер әйел осы әдіспен аяғын емдеген. Бірақ сол үшін 8 мың айыппұл төлеген. Ал бұл жолғы елдің зәресін алғандар ұсталса да, жауапқа тартылмайды екен.

"Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Тек осы нәрсені жасаған адамды анықтауымыз керек. Оның ақыл-есі дұрыс па, бұрыс па, сол жағы тексеріледі. Егер ақыл есінде кемістігі болса, оны психдиспансер сынды мекемеге жібереміз. Алдымен қолға түсіруіміз қажет. Бірақ ол адам ешқандай жазаға тартылмайды", - дейді Қарағанды қалалық ПБ орталық бөлімше бастығының орынбасары Асылбек Сейітжанов.

887
Тақырып бойынша
Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды
Қызылордалық әйел дуадан құтылу үшін 9 миллион теңгеcін шығындаған
Әпкесін өлтірген жігіт сот залының төбесі арқылы қашып кетпекші болды – видео
Көкшетауда ақыл-есі кем адам көшеде дұға оқып, жұрттың үрейін туғызды