Такси белгісі

Оралдық әйел таксиде босанды

6200
(Жаңартылды 14:03 31.08.2020)
Оқиға орнына жедел жәрдем көлігімен жас фельдшерлер келген, алайда әйелді сол жерде болған акушер-гинеколог босандырды

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Оралда әйел такси ішінде босанды. 

Куәгер Азамат Әбуғалиев 29 тамызда көлік жуатын жерде досымен сөйлесіп тұрған. Олар кенет көлік тоқтап, артынан жедел жәрдем келгенін көрген. 

"Менің досым Тимур Мұхамедияров облыстық перинаталдық орталықта акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Жас фельдшердің келгенін көріп, көмек қажет емес пе деп сұрады", - деді Әбуғалиев "Мой Город" өңірлік басылымына.

Акушер-гинеколог әйелдің көлікте босанып жатқанын көріп, бірден қолғап пен спирт сұраған.

"Ол босанған әйелге көмектесті. Кіндігін кесті. Бәрі жақсы өтті. Ана мен баланың жағдайы жақсы", - деді куәгер.

Анасы мен ұлы облыстық перинаталды орталыққа жеткізілді.

Айта кетейік, өткен жылдың күзінде "Қызылорда – Нұр-Сұлтан" пойызының бастығы Меруерт Қорабаева жолаушы әйелді босандырып алды. Босанған әйел баланың есімін оның құрметіне Меруерт деп қойды. Пойыз бастығы кейінірек "Халық сүйіктісі" сыйлығы барысында "батыл жүрек" номинациясына ие  болды.

6200
Кілт сөздер:
такси, әйел, Орал
Тақырып бойынша
Сәбидің атын қойды: студент таксиде жүкті әйелді босандырып алды
Алматы тұрғыны ХҚКО ғимаратында босанды
Астанада 70 жастағы әжей таксиде 6 миллион теңгесін тастап кетті
Алматыда таксиде әйелді қатыгездікпен өлтірді: оқиға немен аяқталды?
Жолаушы Ақтөбе-Ақтау пойызында босанды
Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын

18
Әкімнің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 420 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шынымен де кінәлі деп танылып, сот үкімі шықса, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Әкімнің орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы 182 миллион теңге (420 мың доллардан астам) көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазды "Ақ Жайық" басылымы.

"Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заңға сәйкес, отставкаға кетуге дайынмын. Оны қабылдай ма, жоқ па, президент өзі шешеді", - деді әкім Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қарашасында "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін басшы қызметінен кетуге міндетті.   

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бірнеше әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұған дейін заң аясында қандай қызметкерлер тікелей бағынышты ретінде қарастырылатынын түсіндірген болатын.

18
Кілт сөздер:
отставка, әкім, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Нұр-Сұлтанда әкім қызметінен кетті
Жезқазғанға жаңа әкім тағайындалды
Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті
Архивтегі фото

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды

43
Күдіктілерді тінту шаралары барысында жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топтың тоғыз мүшесі сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сотталушыларға 10 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында Жамбыл облысында полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қырғызстаннан Қазақстанға аса ірі көлемде "марихуана" есірткі затын тасымалдаумен айналысқан адамдарды әшкерелеп, ұстаған болатын.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында өзге өңірдің екі тұрғыны 700 келі есірткімен ұсталды 

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың айтуынша, тінту шаралары барысында ұсталғандардан жалпы салмағы 100 килограмм марихуана есірткі заты табылған.

"Алдын ала тергеу нәтижесінде топ басшылары мен мүшелері шекарада марихуана сатып алып отырғандығы анықталды, оны сату үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіп отырған", - дейді Қалметов.

Жыл басынан бері облыс бойынша есірткімен байланысты 508 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан 2,5 тоннадан астам түрлі есірткі заттары, оның ішінде 1,5 келі героин, 55 келі гашиш және 2,5 келіден астам синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.    

43
Кілт сөздер:
қылмыстық топ, есірткі, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қызылордада полицейлер есірткі диллерлерін тікұшақпен қуып жүріп ұстады – видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді  
Байқоңырда көпбалалы ана сотталды
Шетелде өмір бойына сотталған тағы бір қазақстандық туралы ақпарат шықты