Өңірлер

Атырауда шетелдікті 500 мың теңге үшін күштеп ұстаған

© AFP 2024 / Noel Celis Мужчина со связанными руками
Мужчина со связанными руками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция екі күдіктіні ұстады. Енді олардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Атырауда деструктивті діни ағымды ұстанатын екі тұрғын Өзбекстан азаматын күштеп ұстап, одан 500 мың теңге (1200 долларға жуық) бопсалаған.

"Екі белгісіз адам Өзбекстан азаматынан ақша бопсалау арқылы қалтасын қалыңдатпақ болған. Оған күш қолданып, 24 тамызда үйіне алып барған, бірақ көп ұзамай 500 мың теңге әкелуін талап етіп, босатқан", - деп хабарлады ІІМ ресми сайты.

44 жастағы шетелдік сол күні полицияға арызданған.

Полицейлер ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп күдіктілерді – 37 жастағы Атырау қаласының және 41 жастағы Жылыой ауданының тұрғынын ұстады. Олардан заттай айғақтар алынды.

Түркістан облысының тұрғыны жасөспірім қызды интимді видеомен бопсалаған

41 жастағы ер адам бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған екінші адам үйқамақта отыр. Күдіктілер деструктивті діни ағымды ұстанған.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер  үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе мүлкі тәркілене отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0