Архивтегі фото

Бекшин көп реттік маскаға айыппұл салу жайлы сұраққа жауап берді

160
(Жаңартылды 17:29 03.09.2020)
Бір реттік маска гигиеналық жағынан тиімді, себебі оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отырады, деп түсіндірді Алматының бас санитар дәрігері  

АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері бір реттік және бірнеше рет қолдануға болатын медициналық бетпердені тағуға байланысты нақты талаптың жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Медициналық бетпердеге келер болсақ, бір реттік немесе көп реттік масканы тағуды әр азамат өзі шешеді. Біз оған нұсқау бере алмаймыз. Ең бастысы – оны уақытында ауыстырып тұру, бетпердені дұрыс тағу. Бетпердеге қарап бір реттік немесе бірнеше рет қолданылатынын ажырата алмаймыз, ол үшін сараптама қажет болады", - деді Бекшин.

Көп реттік масканың зауытта жасалғаны бар, кей жағдайда қолдан тігіледі. Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, бір реттік маска гигиеналық жағынан тиімді, себебі оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отырады.

"Бізде бір реттік немесе бірнеше рет тағуға болатын масканы пайдалану туралы талап жоқ. Алайда бір реттік гигиеналық жағынан жақсырақ, сол себепті дәрігерлер бір реттік бетперде тағуды ұсынады. Егер оны 2-3 сағат ауыстырып отыратын болса, ол адамды коронавирус инфекциясынан қорғайды", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат етілді 

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин қалада коронавирус инфекциясына қатысты жағдайдың тұрақталғанын айтты.

"Ауруды жұқтыру көрсеткіші екі есе төмендеді. Індеттің күнделікті өсімі шілдемен салыстырғанда 35 есе төмендеді. Соған сәйкес, қала ауруханаларындағы төсек-орындардың 85%-і босады", - деп түйіндеді қаланың бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның көп реттік маска таққаны үшін айыппұл салынғанын айтқан видеосы тарады. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда көп реттік бетперде тағуға қатысты ешқандай тыйым салынбағанын мәлімдеді.

"Матадан тігілген бетпердені қолдануға болады. Матадан тігілген көп реттік масканы пайдалануға тыйым салынбаған", - деді министрліктің ресми өкілі.

160
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин, бетперде
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1537)
Тақырып бойынша
Министрлік мектептер қандай жағдайда карантинге жабылатынын айтты
ДДҰ ұсынысы: балаларға қай жасқа дейін маска тақпауға болады
Маска қайда? Санитарлық қызмет Нұр-Сұлтандағы ірі базарларда рейд өткізді
Мектепке баратын оқушыларға маска мен қолғап кию міндетті ме – министрлік жауабы
Алматыда камера арқылы 1800-ге жуық жолаушының маска тақпағаны анықталды
Иллюстративті фото

Өскемендік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль алды

30
IOI 2020 нәтижесі бойынша "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов екінші орынды иеленді

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Өскемендік оқушы информатикадан халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"Қазақстанның құрама командасы информатикадан халықаралық олимпиадаға (International Olympiad in Informatics – IOI 2020) қатысты. IOI 2020 нәтижесі бойынша Өскемен қаласы "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің түлегі Темірлан Байболов күміс медаль жеңіп алды", - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, биыл жарысқа 80-нен астам елдің оқушысы қатысты. Қазақстандық команданың құрамына информатика пәнінен республикалық олимпиада және іріктеу турының нәтижелері бойынша жеңімпаз атанған 4 оқушы кірді.

Оқи отырыңыз: Көзі көрмейтін қазақ баласы халықаралық олимпиадада суперчемпион атанды 

Айта кетейік, информатика бойынша халықаралық дода аясындағы интеллектуалды біріншілікте бүкіл әлемнің жас бағдарламашылары жиналады.

Олимпиада әлемде ақпараттық технологиялар саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

30
Кілт сөздер:
күміс жүлде, олимпиада, Өскемен
Тақырып бойынша
"Көзіме жас алдым": үздік атанған ұстаздардың әңгімесі
Алматылық оқушы Қытайда өткен олимпиадада "алтын" олжалады
Атырауда олимпиададан келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады – видео
Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

41
Жолаушылар көпірінің жалпы құны – 364 миллион теңге. Енді стансаның айналасында жол айрығының құрылысы жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 25 қыркүйек – Sputnik. Алматы – Шамалған теміржол өткелінде жаяу жүргіншілер көпірінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаевтың айтуынша, көпірдің құрылысына бір жыл уақыт кетті.

"Өткен жылы қыркүйекте облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстары шұғыл түрде басталды. Жұмыс барысында жергілікті тұрғындармен кеңестік, олардың барлық қалауы ескерілді. Бұл құрылыс жұмыстарымен қатар ұзындығы 9 шақырым жол жөндеуден өтті. Жаяу жүргіншілер көпірінің жалпы құны – 364 миллион теңге", - деді Жасыбаев.

Глава управления пассажирских перевозок и авто дорог Алматинской области Ержан Жасыбаев у пешеходного моста близ станции Шамалган
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев

Жаяу жүргіншілер көпірінің биіктігі – 11 метр, ені – 60 метр, мүгедектерге арналған лифтілер мен арба сүйреген әйелдерге арналған пандустар бар.

Қазір стансаның айналасында жол айрығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы айналма автокөлік жолын салу жобасын дайындап жатыр. Жасыбаевтың айтуынша, 2021 жылы маусымда құрылысқа тендер жарияланады.

Жаяу жүргіншілер өткелінің ашылуына Алматы облысының басшысы Амандық Баталов та қатысты.

Аким Алматинской области Амандык Баталов на открытии пешеходного моста на переезде близ станции Шамалган
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов

Бір жыл бұрын мұнда қайғылы оқиға болды. Сол кезде стансадағы барлық мәселені шешуге уәде бердім. Ақша бөлінді, жаяу жүргіншілер көпірі салынды. Мердігерлерге рақмет, олар құрылысты сапалы әрі уақытында аяқтады. Бұл жерде көлік ағыны көп болмауы үшін стансаны айналып өту үшін басқа бағдар жасадық. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бәрі менің бақылауымда", - деді Баталов.

Шамалғандағы трагедия

2019  жылы қыркүйектің ортасында Алматы – Шамалған аралығындағы реттелетін теміржол өткелінде №43 Алматы-Қостанай пойызы жолаушылар автобусымен соқтығысты.

Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, үш жолаушы (оның ішінде екі бала) ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

  • Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
    © Sputnik / Тимур Батыршин
1 / 6
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды

Қайғылы жағдайдан кейін Алматы облысы әкімінің тапсырмасымен аралықта жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.   

2020 жылы сәуірдің соңында осы іс бойынша сот аяқталды.

Сот темір жол қызметкері Ахмеджановты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.

Қарасай аудандық соты бекет кезекшісін үш жарым жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Тергеу материалдарында 2019 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 19:00 шамасында Ахмеджанов өткелдің кезекші реттеушісі болып жұмысқа кірісіп, Шамалған стансасының теміржол өткелінде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етпегені айтылған.

41
Кілт сөздер:
жол апаты, Шамалған
Тақырып бойынша
Шамалғандағы трагедия: апаттан кейінгі жантүршігерлік кадрлар
Шамалғандағы трагедия: дәрігерлер автобуста қалып қойған екі баланың жағдайын айтты
Енді Нұр-Сұлтанда: елордада автобус тепловозбен соқтығысты – видео
Полиция Шамалғандағы апаттың куәгерлерін іздеп жатыр
Павлодарда жүк пойызы электровозбен соқтығысты – видео
Пойыз апатынан қаза болған жүргізушінің анасы: "Баламды кінәламасыншы"
Шамалғандағы трагедия: қайтыс болған жүргізушінің әйелі өз шындығын айтты – видео
Диктофон

Релизден бас тарту керек кәсіби PR маманының лайфхактары

0
SputnikPro сарапшысы онлайнды дамыту, ерекшеленуден қорықпау, адамдарға сену – БАҚ-ты алға жылжытудың негізгі ерекшелігі екенін айтады  

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы баспасөз қызметінің жетекшісі Анна Старкова көрші елдердің журналистеріне неліктен релиз жазудан бас тарту керектігін айтып берді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары іс-шараның ақпараттық серіктесі бола отырып, өзінің логотипін түрлі алаңдарда орналастыратын. Пандемия кезінде жағдай өзгерді. Өзін-өзі таныту үшін медиа топтың баспасөз қызметі ерекше кейстерді ойластыра бастаған.

Сарапшының бірінші ұсынысы: стандартты релиздерді жазу тәжірибесінен бас тарту.

"Адамдармен оларға түсінікті тілде сөйлесу керек. Кері байланыс орната бастасаңыз, ол нарықтың ойыншысы болсаңыз, сізді тыңдайды, сізге келіп, оқи бастайды", - деп санайды Старкова.

Сарапшының келесі кеңесі – бұқаралық ақпарат құралдары онлайнды ғана дамытпау керек.

"Мұны пандемия кезінде істей бастадық. Біз барлығы дерлік интернетті қолданатын әлемде өмір сүріп жатырмыз", - деп атап өтті маман.

Қазір, оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі анонимділік танымал болудан қалып барады.

"Бізді ("РИА Новости" ХАА Телеграм каналы) оқи бастады, өйткені РИА Новости, мысалы, Лукашенконың инаугурациясында не болғанын айтты. Сол кезде ол жаңалыққа айналады, бұл тексерілген ақпарат. Шын мәнінде болған нәрсе, сыбыс емес", - деп атап өтті Старкова.  

Сарапшының тағы бір ұсынысы – ерекшеленуден қорықпау. Баспасөз қызметі пандемия жағдайында "трендтерді қарап, оларды батыл түрде пайдаланған".

"Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдарға сенім арту керек, өйткені ең алдымен біреумен араласуың керек. Оларды алға жылжытуың керек, нәтижесінде сіздің брендіңіз алға жылжиды", - деп сендірді Старкова.

Кәсіби PR маманының бесінші кеңесі – дос болу.

"Бұл, шынын айтқанда, ең маңызды кеңес. Басқа ақпарат құралдарымен, баспасөз қызметтерімен, тіпті бәсекелестермен де достасу керек. Кофеге шақырыңыз, бранчи жасаңыз, лайфхактармен бөлісіңіз. Бұл бәріне қатысты", - деп есептейді ол.  

SputnikPro білім беру жобасының жиырма бірінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

0