Полиция мен жедел жәрдем көлігі

Оралда кәсіпкерді отбасымен қырып салды: күдіктілер Ресейде іздестіріліп жатыр

3678
(Жаңартылды 10:31 04.09.2020)
Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер Ресейде жасырынуы мүмкін деген болжам жасап отыр

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек — Sputnik. Оралда үш бірдей адамды өлтіргендер Ресейде жасырынуы мүмкін. 

Отбасымен бірге өлтірілген оралдық кәсіпкердің өліміне қатысты тергеу сегіз ай жүргізіліп жатыр. Күдіктілер әлі де ұсталған жоқ, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Қылмыскерлер полиция оқиға орнына келгенше ізін суытты. Қылмыс болған жерде іздер қалған, айғақ заттар табылды. Саусақ іздері де тексерілді", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Николай Колоницкий.

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер Ресейде жасырынуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Күдіктілер туралы ақпарат көрші өңірлерге жіберілді.

Запрометовтар отбасының мүшелері 2020 жылдың 14 қаңтарында Янайкино ауылында өлтірілді. Өрт сөндірушілер жеке үйдегі жалынды ауыздықтаған кезде үш мәйіт тапты. 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, әйелі және 42 жастағы ұлының денесінде бірнеше пышақ жарақаты болды.

3678
Кілт сөздер:
қылмыс, кәсіпкер, Ресей, Орал
Тақырып бойынша
Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті
Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті
Қостанайда зейнеткер бірге тұрып жатқан әйелдің 4 жасар немересін өлтірді
Екі мың теңге үшін өлтірді: Ақтөбеде сұмдық оқиға ізі суымай ашылды
Шығыс Қазақстанда екі адамды өлтірді деген күдікпен басқа облыстың тұрғыны ұсталды
Архивтегі фото

Қарағанды облысында ұрланған көлік өртеніп кетті

7
Полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында біреудің көлігін айдап әкеткен азамат жол апатына ұшырады, деп хабарлады Polisia.kz.  

20 қыркүйек күні Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына 47 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны хабарласып, аудан орталығына туысының үйіне келгенде түнгі сағат 1.00 шамасында белгісіз біреу аулада тұрған автокөлігін айдап әкеткенін жеткізген.

Арада біршама уақыт өткенде полицияға ауылдан шығаберісте қатты жылдамдықпен жүрген көлік аударылып, өртеніп кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері өртенген ұрланған көлік екенін анықтады.

Оқи отырыңыз: Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды 

Куәгерлер көлік аударылғанда оның ішінен белгісіз азамат шығып, оқиға орнынан ізін суытқанын айтқан.

Автокөліктің қатты өртенгені сондай, қайта жөндеуге жарамсыз болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған іске қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстап, оған қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

7
Кілт сөздер:
ұрлық, көлік
Тақырып бойынша
Түркістанның екі тұрғыны ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Денис Теннің өліміне күдікті өз өмірі туралы шындықты айтты
Алматыда 350-ге жуық көлік айнасын ұрлаушы ұсталды
Ұрланған ақшаға көлік алған: Шымкент тұрғынын өртеп жіберген қаскүнем ұсталды
Алматыда көлік айдап әкеткен қос ұры өлім аузынан қалды - фото
Жоғалған автокөлік нөмірін үйден шықпай-ақ қалпына келтіруге болады
Теңге, ақша

Қырылған құсқа 390 миллион теңге өтемақы беріледі

40
(Жаңартылды 17:34 21.09.2020)
Республикалық эпизоотикалық топ өтемақыны қырылған құстың иесінің жеке есепшотына аударып отырады, деп атап өтті вице-министр Исаева

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауынан зардап шеккендерге өтемақы беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлық әкімдікте арнайы комиссия құрылды. Олар қырылған құстың орташа нарықтық бағасын анықтайды. Ал өтемақыны республикалық эпизоотикалық топ төлейді", - деді Исаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, арнайы комиссиялар қырылған құстың нарықтық бағасын анықтағаннан кейін тиісті құжаттар республикалық эпизоотикалық топта қаралады. Ветеринарлық қызметтің құжаттары да соған жіберіледі.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді 

"Республикалық эпизоотикалық топ өтемақыны қырылған құстың иесінің жеке есепшотына аударып отырады. Егер барлық құжат дұрыс болса, онда ақша үш күнге жетпей түседі. Қазіргі кезде республикалық эпизоотикалық топта шамамен 390 миллион теңге бар. Бұның барлығы өтемақы ретінде беріледі", - деп атап өтті Исаева.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарында құс тұмауы анықталды. Осыған байланысты бірнеше елді мекенде шектеу шаралары енгізіліп, құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды.   

40
Кілт сөздер:
құс, өтемақы
Тақырып бойынша
Құс тұмауы Қазақстанның тағы бір облысына жетті
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды
Бірнеше облыста құс тұмауы тіркелді: мамандар аурудың қалай тарағанын анықтады