Архивтегі фото

Мемлекеттік кәсіпорын басшысы 10 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

2829
(Жаңартылды 09:46 08.09.2020)
"Еңбек-Өскемен" басшысы шілде мен тамызда кәсіпкерлердің келісімшартына қол қойғаны үшін пара алған. Тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында "Еңбек-Өскемен" мемлекеттік кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады КТК.

Тергеу мәліметі бойынша, ол шілде және тамыз аралығында бірқатар кәсіпкердің келісімшартына және орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған. Мекеме басшысы кәсіпкерлерге осындай жолмен қаржы аударғаны үшін пара алған көрінеді. Ол жалпы көлемі 10 миллион теңгені қалтаға басты деген күдік бар.

Тоқаевтың тапсырмасы: облыс әкімінің орынбасары мен аудан әкімі отставкаға кетті 

Қазір қамқор басшы абақтыға тоғытылды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Енді сот алдында жауап береді.

"Лауазымды тұлғаға қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр. Түпкілікті шешімді сот қабылдайды", - дейді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.  

2829
Кілт сөздер:
кәсіпкер, пара
Тақырып бойынша
Бір бума ақшаны терезеден лақтырып жіберген шенеунік ұсталды – видео
Қызылордада тергеу департаменті басшысының орынбасары тергеуге алынды – видео
"Бірігетін кез келді": Тоқаев жемқорларға қарсы күрес тәсілін өзгертетінін мәлімдеді
"Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталды: істің мән-жайы белгілі болды
Нұр-Сұлтанда басқарма басшысы 1 миллион теңгеге дейін пара алған – видео
Пәтер кілті

Пневмониядан қайтыс болған ауыл имамының ұлына баспана кілті табыс етілді

480
(Жаңартылды 17:52 27.09.2020)
Тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары аясында Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен марқұм Мәдікәрім Құрбанбаевтың балаларына мүфтият салып берген баспананың кілтін табыс етті.

Мүфтияттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жылдан бері дін жолында қызмет етіп, Исламды насихаттап, түрлі игі шаралардың басы-қасында жүрген Мәдікәрім Құрбанбаев пневмония кеселіне шалдығып, қайтыс болған. Артынша өмірлік жан жары да осы жаман індеттен көз жұмған.

"Өте қиын сәтте рухани һәм материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Ел үлесі – пәтерге" акциясының аясында асар әдісімен салынған 5 бөлмелі үйді марқұмның артында қалған ұлы Абдулбасидке табыс етті", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

480
Тақырып бойынша
Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

4622
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

4622
Кілт сөздер:
видео
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

56
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

56
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды