Архивтегі фото

Шақалақты өлтірді деп айыпталған экс-бас дәрігер тергеушіні сұрақтың астына алды

4197
(Жаңартылды 08:32 09.09.2020)
Атырауда нәрестені мұздатқышқа салуды бұйырған бұрынғы бас дәрігер куәгер ретінде шақыртылған тергеушіні сұрақтың астына алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Атырауда мұздатқыштан табылған шақалақты тергеуші сараптамаға кешіктіріп жіберген.  

Естіген елдің жағасын ұстатқан қылмыстық істі қарап жатқан сот процесі карантин жеңілдетілгелі офлайнға көшкен. Басты айыпталушы – перенаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері. Ол бүгін де әдеттегідей белсенді. Куәгер ретінде шақыртылған тергеушіні сұрақтың астына алды. Шақалақтың мәйітін анықтаған соң, неліктен оны бірден арнайы сараптамаға жібермегенін сұрады, деп хабарлады "Астана" арнасы.  

"Заң бойынша ол бала сот-дәрігерлік сараптамаға жіберілуі керек. Бірақ сіздер баланың мүрдесін 5 сағат бойы перзентханада ұстағансыздар. Потологиялық- анатомиялық заңында жазылған, 24 сағаттың ішінде зерттеліп біту керек, өйткені ол қорытындыларына әсер етеді", - дейді  айыпталушы Қуаныш Нысанбаев.

Айыпталушы нәрестенің денесін Орал қаласына тасымалдау тәртібі де дұрыс орындалмады дейді. Тергеуші болса, тасымалдау тәртібін егжей-тегжей білмесе де, сәби денесін салқын күйінде жеткізуге тырысқанын айтты.

"Егер мен қандай температурада сақталу керектігін білмесем, бір нәрсені бұздым деген сөз емес. Мен баланың денесі бүктетіліп жатпасын деп оның бойына лайықты ыдыс іздедім. Сосын оны тапқан соң, жан-жағына соғылмасын деп жаялықпен орадық. Мүрде сақталсын деп контейнер айналасына мұз қойдық. Мен қарапайым талаптарды орындадым", - деп түсіндірді Атырау облысының СЖҚІҚ департаментінің тергеушісі, куәгер Айбек Уандықов.

"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды 

Алайда бұл жауап сотталушылар мен олардың адвокаттарын қанағаттандырмады. Айтуларынша, алдымен Атыраудағы сот-сараптамалық орталыққа жібергенде уақыт жоғалтпас еді.

Еске сала кетейік, бұл жағдай былтыр қыркүйекте жалпақ жұртқа жария болды. Перзентхана дәрігерлері тірі шақалақты мұздатқышқа салды деген күдікке ілікті. Айыпталушы орындығында бұрынғы бас дәрігерден бөлек, оның қарамағында жұмыс істеген 3 қызметкері бар. Олар сотқа тергеу абақтысынан жеткізілді. Тағы бір айыпталушы үйінен онлайн қатысты. Қапыда қалған шақалақтың ата-анасы да сотқа қатысып жатыр. Бірақ қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Аты шулы іске 162 куәгер шақыртылмақ. Жалпы қылмыстық іс 45 томнан тұрады.

4197
Кілт сөздер:
Атырау, дәрігерлер, бала
Тақырып бойынша
"Тірі нәрестені өлі көрсеткен": Атырауда медициналық қызметкерге сот үкімі шықты
Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды
Тоңазытқыштағы бала өлімі: перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр
Атырауда нәрестені қасақана өлтірді деген күдікпен тағы бір дәрігер ұсталды
Иллюстративті фото

Шымкенттің екі тұрғыны баласына бүйрегін берді

4
Екі әйелдің де ұлы ұзақ уақыт бойы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен, екі жағдайда да операция сәтті аяқталды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында №1 клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясы бойынша екі операция сәтті аяқталды, деп хабарлады Otyrar.kz өңірлік сайты.

Екі жағдайда да анасы баласына бүйрегін берген. Дәрігерлер 55 жастағы әйелдің бүйрегін алып, екі жыл "бүйрек жеткіліксіздігі" диагнозымен есепте тұрған және гемодиализден өткен 33 жастағы ұлына салып берді.

Екінші жағдайда Шымкенттің тағы бір тұрғыны ұзақ жыл бойы төсекте жатқан ұлына бүйрегін ауыстырып салуға келісті. Дәрігерлер трансплантацияны 10 қыркүйекте өткізді. Операция екі сағатқа созылды және сәтті аяқталды.

Оқи отырыңыз: Оралда бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіт үйленді 

Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында 2013 жылдан бері бүйрек алмастыру бойынша 160 операция жасалған, сондай-ақ, 21 адамның бауырын алмастырып салған. Алайда қазір гемодиализ орталығында бүйрек трансплантациясын қажет ететін 400-ге жуық науқас бар.

Қазақстанда бір жыл ішінде ағзасын алмастыруды қажет ететін 221 адам қайтыс болды. Осы аралықта Нұр-Сұлтан мен Павлодар қаласының екі тұрғыны қайтыс болған соң донор болуға келіскен.

4
Кілт сөздер:
бүйрек доноры, Шымкент
Тақырып бойынша
Адам ағзаларын алған: Тұрғымбаев белгілі дәрігердің ісі туралы айтты
Ақтөбеде бүйрегін ауыстырған науқасқа көмектескен шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін
Бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған жігіт ерекше құрметке бөленді
Дәрігер науқастың бүйрегін қатерлі ісікпен шатастырып алып тастады
Дәрігер жұртты донор болуға қатысты ұстанымын тірі кезінде білдіріп кетуге үндеді
Архивтегі фото

"Бомба түскендей шулап жатыр": әкімдік спортзалдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

184
(Жаңартылды 15:57 22.09.2020)
Салынып жатқан спортзалдың бір блогында шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен, дүрлігуге себеп жоқ, дейді Алматы облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында дене шынықтыру кешенінің шатыры опырылып құлауына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, мамандар апаттың себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысының әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Ұйғыр ауданындағы Шоңжы ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің үшінші блогы – спортзалдың шатырын жасағанда металл конструкция опырылып құлаған. Бұл блоктың жалпы ауданы 1058,4 шаршы метрді құрайды. Ал бірінші және екінші блоктарға зақым келмеген. 

"Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Құрылыстың бас мердігері – "Лидер-НК" ЖШС. Нысанның құрылысы өткен жылы қараша айында басталды", - дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған әкімнің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов басшылық етеді. Жұмыс тобының өкілдері апаттың себебін анықтау мақсатында оқиға орнына аттанды. Олардың арасында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаев та бар. Оның айтуынша, дүрлігуге себеп жоқ. Өйткені шатыр құлаған нысан – дене шынықтыру кешенінің бір блогы ғана. Ал фотодан үлкен бір аймақ сияқты көрінеді.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады   

"Қазір жұрт ядролық бомба түсіп кеткендей шулап жатыр. Шын мәнінде бір блокта шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен. Ана бір жас бала фотоға түсіргенде дұрыс қырынан алмаған. Сөйтіп, суретті жан-жаққа таратып жіберген. Қазір комиссия қай жерден қате кеткенін анықтауға кірісті. Бір айдың ішінде белгілі болатын шығар. Біз де осында жүрміз", - деді Усманов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.       

Оның сөзіне қарағанда, дене шынықтыру кешені Шоңжы ауылының шетінде орналасқан. Құрылыстың екі блогы салынып тұр. Үшінші блоктың шатыры қалпына келтіріледі.

"Жоспар бойынша нысанды жыл соңына дейін тапсыру қажет. Болмаса, тағы бір айға созамыз. Ауыр жұмыс емес, жылдам аяқтайды", - деп түйіндеді Усманов.

Құрылыстың жалпы құны – 1,1 миллиард теңге. Ол жерде бір уақытта 180 спортшы жаттығу жасай алады.

184
Кілт сөздер:
бомба, шатыр, спорт зал
Тақырып бойынша
Оралда темекі тартуға шыққан тұрғындар балконмен бірге құлап кетті
Астанада кран құлап, 29 жастағы жігіт қаза тапты
Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті
Астана билігі "сақалды" құрылыстардағы крандарды алып тастауға кірісті
"Отырамыз ба тозып?" Қарағандыда құлап қалған үйдің тұрғындары шу көтерді