Архивтегі фото

Ақтөбеде онлайн сабақта күтпеген жағдай болды: мұғалімнің басы дауға қалды

13461
(Жаңартылды 11:18 09.09.2020)
6 "Ж" сыныбы онлайн математика сабағын өтіп жатқанда, белгісіз біреу оқушылардың атымен кіріп, кедергі келтірген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. ZOOM конференциясынан тағы да шу шықты. Бұл жолы Ақтөбедегі нөмірі 17 мектеп-гимназияның 6-сынып оқушыларына онлайн сабақ үстінде белгісіз біреу анайы сөздер жазған. Мұны көрген ата-аналар келеңсіздікті әлеуметтік желіде жариялап, білім платформасының қолайсыздығын жіпке тізді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Қазір полиция онлайн сабаққа қатысты тексерісті бастап кетті. Жаға ұстатарлық жағдай нөмірі 17 мектеп-гимназиясында болған. 6 "Ж" сыныбы онлайн математика сабағын өтіп жатқанда, белгісіз біреу оқушылардың атымен кіріп, кедергі келтірген. Тіпті ойына келгенін жазған соң, мұғалім сабақты дереу тоқтатыпты. Ата-аналар да бұған көз жұма қарай алмады. Олар балалардың психикасы бұзыла ма деп қауіптенеді.

"ZOOM-мен жұмыс істеу өте қиын. Балаға ауыр. Мұғалімді естімей қалады. Біресе өзінен өзі тоқтап қалады. Бала қиналады. Кеше мынадай жағдай болды. Балалар осындай балағат, анайы сөздерді оқиды. Ол деген баланың жүйкесіне әсер етеді", - дейді Ирина Ченцова.

"Өткен аптада сабақ кезінде қазақстандық әртіс шығып кетті. Өзінен-өзі сабаққа кедергі келтірді. Сосын мұғалім өшіріп тастады. Бұл бірінші жағдай емес. Негізі мектепте білім алғанға жетпейді", - дейді тағы бір ата-ана Адина Өтегенова.

Мектеп басшылығы пән мұғалімінен түсініктеме алған. Айтуларынша білім платформасын 30 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз дұрыс қолданбаған. Ол онлайн сабақты ашық қалдырған, осы кезде сабаққа бөтен адам кіруге мүмкіндік алған деп отыр.

"Сабақ беретін зейнеткер мұғалім. Горбачева Ирина Федоровна ZOOM-да конференция өткізгенде ашық түрінде қалдырған ғой. Үлкен апай болған соң қалай жабу керектігін білмеген. Бірнеше рет кедергі келтірген, бірінші Нұртас-2 деп кірген. Екінші рет Бекназар-2 деп кірген", - деп түсіндірді Ақтөбе қаласы №17 мектеп-гимназиясының директоры Амангелді Оңғарбаев.

Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта порно көрсетілді: шенеуніктер мән-жайды түсіндірді 

Дегенмен сабақтағы келеңсіздікке 30 оқушы куә болды. Олардың ата-аналары бұған бей-жай қарай алмай, анайы хабарламаларды көшіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Осылайшы білімге жауаптылардан араша сұрайды. Облыстың атқамінерлері болса, сабақ үстінде балағат, әрі анайы жазбалар қалдырған белгісіз жан оқушы емес дейді.   

"Сабақ барысында балаға балағат сөздерді айтқан оқушы емес екендігі анықталды. Бір баланың атымен кірген", - деп атап өтті Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлнәз Мырзағалиева.

Оның кім екенін енді полиция анықтамақ. Ал оған қандай жаза қолданылатынын тәртіп сақшылары айтуға құлықсыз.

Ал басы дауға қалған педогог ескерту алыпты. Оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында сабақ кезінде порно қосылып кеткен болатын.  

13461
Кілт сөздер:
мұғалім, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Алматыда онлайн сабақ кезінде порно қосылып кетті
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Zoom-да өтіп жатқан онлайн сабақ кезінде мұғалім қайтыс болды
Ұялы телефон, архивтегі фото

Батыс Қазақстанда мұғалім жалаңаш отырып видео түсірді

5794
(Жаңартылды 18:28 24.09.2020)
Аудандық білім бөлімі мұғалімнің бұл видеосын алғаш рет көріп отырғанын айтып, жағдайды реттеуге уәде берді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында ата-аналар TikTok-та әдепсіз видео түсірген мұғалімнің үстінен шағымданды. Бұл туралы "Мой Город" басылымы хабарлады.

Январцев орта мектебінде баласы оқитын ата-аналардың айтуынша,  меңгеруші қызметін қатар атқаратын ағылшын тілі пәні мұғалімі TikTok-та арнайы эффекттер мен бейәдеп сөздерді қолданып видео түсірген. Сол видеоны желіде жариялаған. Ал мектеп оқушылары әлеуметтік желіні белсенді қолданады. Олар ұстазының парақшасына тіркелген және оның видеосын қарайды, дейді оқушылардың бірінің анасы.

"Менің қызым телефонды қолынан тастамайды. Қазір TikTok пайда болды, сол жақта бәрі видео жариялайды. Мұғалімі TikTok-қа әдепсіз видеолар жариялайды. Ол видеода боғауыз сөздер де бар, мұғалім кеудесін жалаңаштап тастаған. Шәкірттері оны көреді", - дейді ол.

Әйел ұстаз балаларға үлгі болуы қажет деп санайды. Сондай-ақ, мұғалімдердің мұндай видео жариялауына қарсы.

"Оқушылардың ата-анасы бұл туралы мектеп әкімшілігіне айтты, бірақ ешқандай жауап болған жоқ", - дейді әйел.

Ал Бәйтерек аудандық білім бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин видеоны енді көріп отырғанын мәлімдеді. Ол жағдайды реттеуге уәде берді.

Оқи отырыңыз: Қостанайлық мұғалім жылап тұрып видео жариялады - министрлік жауабы 

"Мектепке барып, жағдайды реттеймін. Мектеп директорымен сөйлестім, ол ата-аналардың бұл мәселе жайында айтпағанын жеткізді. Қандай жағдай болмасын, мұғалім мұндай видео жарияламауы керек. Жалпы мұғалімдер балаларға үлгі болып, әлеуметтік желіге жүктейтін материалдарын бақылап отыруы тиіс", - деп түсіндірді Сафиуллин.

Ал мұғалімнің өзі бұл видеоны жариялағанына өкінеді.

"Мұның қате болғанын түсінемін және өкінемін. Парақшамды өшіремін. Оқушылар мен әріптестерімнен осы видеоны жүктегенім үшін кешірім сұраймын", - деді мұғалім.

Қазір мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасын өшірді, видео да жойылды.

5794
Кілт сөздер:
видео, мұғалім
Тақырып бойынша
Қазақстанда мұғалімдер үшін ұлттық біліктілік тесті басталды
Кезекші сынып мұғалімдерінің жалақысы артады – қосымша қаржы қайдан алынады
Ақтөбеде онлайн сабақта күтпеген жағдай болды: мұғалімнің басы дауға қалды
Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді
Алматы облысында екі мұғалім оқушы қыздарды зорлады деп айыпталып жатыр
Аурудан қырылып қалған фабрика құстары

Құс тұмауы оңтүстік өңірлерге де жетті

1272
(Жаңартылды 14:19 24.09.2020)
Өңірлердегі құс тұмауының алдын алу үшін қосымша вакцина дозалары сатып алынып, 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Бүгінде құс тұмауы жеті облыста тіркелген. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бір тәулікте құс тұмауынан кейбір аймақтарда құстардың қырылуы тіркелген жоқ.

  • Ақмола облысында жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 бас құс қырылды (соңғы тәулікте – 0);
  • Жамбыл облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте – 6);
  • Қарағанды облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс (соңғы тәулікте – 12);
  • Қостанай облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше бір тәулікте – 1 112 және 109 567);
  • Павлодар облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 бас құс (соңғы тәулікте – 0);
  • Солтүстік Қазақстан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше бір тәулікте 1 143 және 39 535);
  • Түркістан облысында – жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 бас құс (соңғы тәулікте – 196).
"Жалпы, жеке аулаларда 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды. Олар – "Бескөл құс фабрикасы" ЖШС (93 849 бас) және "Агроинтерптица" (109 567 бас)", – дейді министрлік мамандары.

Құс тұмауына қарсы вакцинамен қалай қамтамасыз етіледі

Министрлік мәліметіне сәйкес, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша жыл басынан бері құс тұмауына қарсы вакциналардың 3 377 900 дозасы бөлінді.

Құс тұмауының тіркелуіне байланысты республикалық қордан қосымша 1 359 148 доза вакцина шығарылды (СҚО үшін – 873 мың доза, Қостанай облысы үшін – 21 мың, Павлодар облысы үшін – 465 мың доза).

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Сондай-ақ, 2020 жылғы 22-23 қыркүйекте өңірлерге қосымша 1 015 518 вакцина таратылды. Олар:

  • Ақмола облысы – 510 300 доза;
  • Қостанай облысы – 345 218 доза;
  • Қарағанды облысы – 100 000 доза;
  • Жамбыл облысы – 60 000 доза.

Сондай-ақ, қосымша 699 355 вакцина сатып алынып, олар 1 қазанға дейін тиісті жерлерге жеткізіледі.

1272
Кілт сөздер:
құстар, қауіпті ауру, ауру
Тақырып бойынша
Қытайда тағы екі адамға құс тұмауы тиді
Қазақстанда құс тұмауы өршіді – адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін бе?
Құс тұмауы Қазақстанның тағы бір облысына жетті
Бірнеше облыста құс тұмауы тіркелді: мамандар аурудың қалай тарағанын анықтады
Архивтегі фото

Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады

0
(Жаңартылды 20:00 24.09.2020)
Ғалымдар шілде айында ыстық және климаты ылғалды елдерде COVID-19 індетінің күшею себебін түсіндірді 

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ауадағы ылғалдың булану жылдамдығы – коронавирустың таралуына себеп болған негізгі жағдайлардың бірі. Инфекция әдісін модельдеген ғалымдар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды EurekAlert!.  

Америкалық Физика институтының мамандары теориялық модельдеу мен гидродинамикалық тәжірибелерді қолдана отырып, ылғалдылықтың, қоршаған ортаның температурасы мен желдің жылдамдығының құрамында вирус бөлшектері бар сілекейдің ең кішкентай тамшыларының таралуына әсерін зерттеген.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді 

Мамандар булану процесі жұқпалы бөлшектердің таралуы үшін шешуші фактор болатынын анықтады.

Сонымен қатар, температура жоғарылап, жылдам булану есебінен ылғалдылық төмендеген жағдайда вирустың өміршеңдігі  айтарлықтай төмендейтіні айқындалды. Ал ыстық ауа райында ылғалдылық жоғарыласа, коронавирустың таралу ықтималдығы арта түседі.  

"Біз жоғары температура мен ылғалдылықтың төмендеуі сілекей тамшыларының булану жылдамдығын жоғарылататынын анықтадық. Ал бұл вирустың өміршеңдігін айтарлықтай азайтады", – дейді зерттеу авторларының бірі Талиб Дбоук.

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижесі пандемияның климаты ыстық әрі ылғалды және халық тығыз орналасқан қалаларда күшею себебін айқындауға көмектескен.

Зерттеу COVID-19 індетінің таралуын болдырмау үшін әлеуметтік қашықтық пен маска киюдің маңыздылығын қолдайтын жұмыстар тізіміне қосылды.

0
Кілт сөздер:
ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады
Ғалымдар коронавирусты өлтіретін ақуыз ойлап тапты
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін