Әжей, архивтегі сурет

Алматы полициясы әжейлерге шабуыл жасаған ер адамды ұстады

371
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол Алматы қаласындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек — Sputnik. Алматы полициясы әжейлерге шабуыл жасаған ер адамды ұстады.

39 жастағы ер адам зейнет жасындағы әйелдің мойнындағы алқаны жұлып алып, қашып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Күдікті Ресей тумасы, қылмысты жалғыз өзі жасаған. Ол күндіз бетін медициналық маскамен жауып жүрген. Бұрын спортпен айналысқандықтан, жылдам жүрген. Зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, одан түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсады", - делінген ақпаратта.

Айта кетсек, ұсталған адам бұрын тонау және қарақшылық бойынша сотталған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 191-бабы ("Tонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ол Алматы қаласындағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмыстық эпизодқа қатысы бар екені дәлелденгенін айтты. Зардап шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. 

Олар  254-40-42, 8-707-888-11-50, 8-771-456-27-93, 8-771-288-88 -14, 8-708-740-50-60 телефон нөміріне хабраласа алады.

371
Кілт сөздер:
ұрлық, әжей, полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Астаналық әйел дүкендегі киімді киіп, ұрлап кетті - видео
Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады
Татуласуға жол жоқ: ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады
Астана мешітінде ұрлық жасаған тұрғын ұсталды
Астанада автобустағы ұрлық видеобақылау камерасына түсіп қалды
Иллюстративті фото

Шымкенттің екі тұрғыны баласына бүйрегін берді

21
Екі әйелдің де ұлы ұзақ уақыт бойы бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен, екі жағдайда да операция сәтті аяқталды

АЛМАТЫ, 22 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласында №1 клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясы бойынша екі операция сәтті аяқталды, деп хабарлады Otyrar.kz өңірлік сайты.

Екі жағдайда да анасы баласына бүйрегін берген. Дәрігерлер 55 жастағы әйелдің бүйрегін алып, екі жыл "бүйрек жеткіліксіздігі" диагнозымен есепте тұрған және гемодиализден өткен 33 жастағы ұлына салып берді.

Екінші жағдайда Шымкенттің тағы бір тұрғыны ұзақ жыл бойы төсекте жатқан ұлына бүйрегін ауыстырып салуға келісті. Дәрігерлер трансплантацияны 10 қыркүйекте өткізді. Операция екі сағатқа созылды және сәтті аяқталды.

Оқи отырыңыз: Оралда бейтаныс қызға бүйрегін берген жігіт үйленді 

Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында 2013 жылдан бері бүйрек алмастыру бойынша 160 операция жасалған, сондай-ақ, 21 адамның бауырын алмастырып салған. Алайда қазір гемодиализ орталығында бүйрек трансплантациясын қажет ететін 400-ге жуық науқас бар.

Қазақстанда бір жыл ішінде ағзасын алмастыруды қажет ететін 221 адам қайтыс болды. Осы аралықта Нұр-Сұлтан мен Павлодар қаласының екі тұрғыны қайтыс болған соң донор болуға келіскен.

21
Кілт сөздер:
бүйрек доноры, Шымкент
Тақырып бойынша
Адам ағзаларын алған: Тұрғымбаев белгілі дәрігердің ісі туралы айтты
Ақтөбеде бүйрегін ауыстырған науқасқа көмектескен шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін
Бүйрегін бейтаныс қызға сыйлаған жігіт ерекше құрметке бөленді
Дәрігер науқастың бүйрегін қатерлі ісікпен шатастырып алып тастады
Дәрігер жұртты донор болуға қатысты ұстанымын тірі кезінде білдіріп кетуге үндеді
Архивтегі фото

"Бомба түскендей шулап жатыр": әкімдік спортзалдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді

284
(Жаңартылды 15:57 22.09.2020)
Салынып жатқан спортзалдың бір блогында шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен, дүрлігуге себеп жоқ, дейді Алматы облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында дене шынықтыру кешенінің шатыры опырылып құлауына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, мамандар апаттың себебін анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысының әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, Ұйғыр ауданындағы Шоңжы ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің үшінші блогы – спортзалдың шатырын жасағанда металл конструкция опырылып құлаған. Бұл блоктың жалпы ауданы 1058,4 шаршы метрді құрайды. Ал бірінші және екінші блоктарға зақым келмеген. 

"Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Құрылыстың бас мердігері – "Лидер-НК" ЖШС. Нысанның құрылысы өткен жылы қараша айында басталды", - дейді әкімдік мамандары.

Қазіргі кезде облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасы бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған әкімнің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов басшылық етеді. Жұмыс тобының өкілдері апаттың себебін анықтау мақсатында оқиға орнына аттанды. Олардың арасында облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаев та бар. Оның айтуынша, дүрлігуге себеп жоқ. Өйткені шатыр құлаған нысан – дене шынықтыру кешенінің бір блогы ғана. Ал фотодан үлкен бір аймақ сияқты көрінеді.

Оқи отырыңыз: Кәсіпкер Нұр-Сұлтанның қымбат үйлерінің қорқынышты фотоларын жариялады   

"Қазір жұрт ядролық бомба түсіп кеткендей шулап жатыр. Шын мәнінде бір блокта шатырдың кішкентай бір шеті құлап кеткен. Ана бір жас бала фотоға түсіргенде дұрыс қырынан алмаған. Сөйтіп, суретті жан-жаққа таратып жіберген. Қазір комиссия қай жерден қате кеткенін анықтауға кірісті. Бір айдың ішінде белгілі болатын шығар. Біз де осында жүрміз", - деді Усманов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.       

Оның сөзіне қарағанда, дене шынықтыру кешені Шоңжы ауылының шетінде орналасқан. Құрылыстың екі блогы салынып тұр. Үшінші блоктың шатыры қалпына келтіріледі.

"Жоспар бойынша нысанды жыл соңына дейін тапсыру қажет. Болмаса, тағы бір айға созамыз. Ауыр жұмыс емес, жылдам аяқтайды", - деп түйіндеді Усманов.

Құрылыстың жалпы құны – 1,1 миллиард теңге. Ол жерде бір уақытта 180 спортшы жаттығу жасай алады.

284
Кілт сөздер:
бомба, шатыр, спорт зал
Тақырып бойынша
Оралда темекі тартуға шыққан тұрғындар балконмен бірге құлап кетті
Астанада кран құлап, 29 жастағы жігіт қаза тапты
Петропавлда жұмысшының үстіне құрылыс плитасы құлап кетті
Астана билігі "сақалды" құрылыстардағы крандарды алып тастауға кірісті
"Отырамыз ба тозып?" Қарағандыда құлап қалған үйдің тұрғындары шу көтерді  
Шикі ет

Желіні шулатқан видео: полиция шикі ет жеп отырған баланың ата-анасын іздеп жатыр

0
Бүлдіршіннің заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қазнетте тараған видеода шикі ет жеп отырған баланың әке-шешесін іздестіріп жатыр.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

"Біз ақпаратты ішкі істер министрлігіне жолдадық. Баланың заңды өкілдері табылғаннан кейін, олармен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Қажет болған жағдайда балаға медициналық көмек көрсетіледі. Ата-аналар балаларының денсаулығына, физикалық, психикалық, рухани және моральдық дамуына қамқорлық жасау керек екенін ұмытпауы керек", - деді ол.

Овечкина ата-аналарға балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Желіні шулатқан ролик 21 қыркүйекте жарияланды. Видеода бала шикі ет жеп отыр, кадр сыртынан әйелдің күлген даусы естіледі.

"Кәдімгідей тістеп отыр, жұлып алды әне. Бола берсін бе", - деп сұрайды бір әйел.  

"Не болады, жей берсін", - деп жауап береді екіншісі.  

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылады. Бірі "мұнда тұрған ештеңе жоқ" десе, енді бірі баланың ішіне инфекция түседі деп алаңдаған.

0
Кілт сөздер:
ет, видео, бала