Өңірлер

Тоқаев Қостанай облысына барды

© Photo : сайт АкордыКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұмыс сапары аясында перзидент аймақтағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, дихандармен және тауар өндірушілермен кездеседі деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Перзидент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, дихандармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі", – деп жазды Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, тамыз айының соңына қарай президент Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшысы сапар барысында Мақтаарал ауданында болып, Сардоба су қоймасы апатының салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездесті.

Сонымен қатар, Арыс қаласына барып, былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қалпына келтіру жұмысымен танысты. Тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген теміржол вокзалын аралап көрді.

Оқи отырыңыз: Ата-аналар баланың білімі үшін ваучермен төлейді – Тоқаев ұсыныс жасады

Қазақстан президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына болып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарымен де танысты. "Сапар орталығының" қызметін көріп, жаңадан салынған "Жібек жолы" саябағын аралады.

Жаңалықтар
0