Тауықтар

Қазақстанның солтүстігінде үй құсы қырылып жатыр: прокуратура жағдайды бақылауға алды

1712
Солтүстік Қазақсан облысының үш ауданында үй құстары жаппай қырылып қалған, оған не себеп болғаны әзірге белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының үш ауданында үй құстарының жаппай қырылу фактілері тіркелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаппай қырылу Тимирязев ауданының Тимирязево, Элеваторный елді мекендерінде, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Чернобаевка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында тіркелді. Барлығы 686 бас құс қырылды", - деп мәлімдеді прокуратурадан.

Олар өртеліп, аулаларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

"Ветеринарлық қызмет зертханалық тексеріс үшін құстың қаны мен ішкі ағзаларын алды. Олар құстың жаппай қырылу себебін анықтау үшін Петропавл қаласына жолданды. Облыс прокуратурасы жағдайды өз бақылауына алды. Қазір тексеріс шаралары жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді қадағалау органынан.

Прокуратура аудан тұрғындарын тыныштық сақтап, байбалам салмауға шақырды.

1712
Кілт сөздер:
құстар, Солтүстік Қазақстан облысы
Алматы, күз

Еліміздің сегіз өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жарияланды

376
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дейді синоптиктер

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Қазгидромет еліміздің жеті өңірі мен Нұр-Сұлтан қаласында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің хабарлауынша, ертең Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның ықпалынан күн ашық болады. Тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады деп болжанып отыр.

Дабылды ескертулер

27 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.

Атырау облысының кей жерінде шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ертең түнде Түркістан облысының таулы аудандарында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысында кей жерінде тұман түседі. Түнде 2 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысында түман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде  кей жерде 2 градус үсік болады деп болжанып отыр.

27-28 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында кей жерде тұман түседі.

27-29 қыркүйекте Жамбыл облысында тұман, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең кей жерде 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

27 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

376
Иллюстративті фото

Қыздар төбелесінен кейін жұмыстан кеткен мектеп директорлары қайта шақыртылды

555
Ақтөбе облыстық білім басқармасы Темір аудандық білім бөлімінен жасақталған комиссия асығыс шешім қабылдағанын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе облысында орамал таққан қыздардың төбелесінен кейін Темір аудандық білім бөлімінің басшысы қатаң сөгіс алды.

Ал осы оқиғадан соң жұмыстан кеткен Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл орта мектептерінің директорлары қызметтеріне қайта оралды, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Облыстық білім басқармасының дерегінше, Темір аудандық білім бөлімінен жасақталған комиссия асығыс шешім қабылдаған.

"Облыстық білім басқармасы жалпы оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бұл аталған директорларды орнынан босату негізсіз екендігін анықтады. Сондықтан да директорлар өз орнына қайта тағайындалды. Аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды", - дейді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйек күні Кеңқияқ елді мекенінде жоғарғы сыныптың оқушы қыздары арасында төбелес болды. 8 сыныптағы қызды аямай сабап, оны таспаға түсіріп таратқан.

Оқи отырыңыз: "Қазпоштаның" Балқаштағы бөлімшесінде қыздар төбелесті – видео

Қазіргі кезде бұл оқиға бойынша "бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыздардың шаш жұлысып, тепкілесуіне не себеп болғанын енді облыстық білім басқармасынан құрылған арнайы топ анықтамақшы.

555
Кілт сөздер:
мектеп директорлары, төбелес, қыздар
Тақырып бойынша
Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған
Көшедегі қыздар төбелесі видеоға түсіп қалды