Бір үйір жылқы, архивтегі сурет

Бір үйір жылқыны іздеуге шыққан: Атырау облысында фермер шұңқырдан өлі табылды

8909
47 жастағы фермерді өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 1982 жылғы тұрғыны ұсталды. Күдікті бұған дейін де істі болған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысында бір жұма бұрын жоғалып кеткен 47 жастағы фермердің денесі шұңқырдан табылды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылыой ауданының тұрғыны, фермер Нұрәлі Нұртілеуов 6 қыркүйекте жоғалған бір үйір жылқыны іздеуге шығып, сол күйі оралмаған.

Ер адамды облыс полицейлері, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері мен еріктілер іздеді.

"Іздеу жұмыстары нәтижесінде полицейлер 14 қыркүйек күні таңертең Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 100 шақырым жерде тереңдігі 15-20 метр шұңқырдан Нұртілеуовтің мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды

Күдікті ұсталды. Ол Құлсары қаласының 1982 жылғы тұрғыны, бұрын істі болған.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

8909
Кілт сөздер:
полиция, жылқы, Атырау облысы
Тақырып бойынша
ШҚО-да жоғалып кеткен 7 жасар бала ауыл маңынан өлі табылды: күдікті ұсталды
Көкшетауда перзентханадан қашып кеткен әйел өлі табылды
Таразда мейрамхана маңынан ер адамның денесі табылды
Архивтегі фото

Карантинде той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

42
Екібастұз қаласында үйлену тойы өткен, онда 60 адам болған. Мейрамхана иесіне қатысты материал жиналды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Павлодар облысында мониторинг топтары рейдтік іс-шара өткізу кезінде карантин режимін бұзған қоғамдық тамақтану орындарын анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.  

Мұхтар Әуезов көшесінде орналасқан Екібастұз мейрамханаларының бірінде үйлену тойы өткен, онда 60 адам болған.

"Мейрамхана иесіне қатысты материал жиналып, шешім қабылдау үшін Екібастұз қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді", – деді полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Басқа мейрамханада ер адам отбасымен бірге туған күнін атап өткен. Барлығы 25 қонақ, сондай-ақ мекеме қызметкерлері болған. Кафе иесі карантиндік нормаларды ескермегені үшін жауапқа тартылды.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда туған күнін тойлаған шенеунік айыппұл төледі 

Полицейлер азаматтарды денсаулығын сақтауға, сондай-ақ карантин режимі жағдайында тәртіп бұзбауға шақырады.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысының аумағында 468 заңбұзушылық анықталды.   

42
Кілт сөздер:
той, карантин
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда мектепке барып жүрген оқушыдан коронавирус табылды
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Нұр-Сұлтанда түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды
Елорданың бас санитар дәрігері қандай жағдайда қатаң карантин енгізілетінін айтты
Елордада кинотеатрлар қашан ашылуы мүмкін
Масанчи ауылы

Қордайдағы тәртіпсіздік: жеті адамға қатысты сот үкімі шықты

334
Сотталғандардың әрқайсысы түрмеде жазасын өтеп қана қоймай, зардап шеккендердің қорына 20 АЕК көлемінде ақша аударады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматы горнизонының әскери сотында Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адамға қатысты үкім шығарылды.

Ресми мәліметке сәйкес, Қордай ауданы Алматы горнизонына қарайды. Оған қоса, сотталған бір азамат әскери қызмет атқарған. Сол себепті осы қылмыстық істер әскери сотта қаралды. Жауапқа жеті адам тартылды. Олар:

  • Ерлан Буралкинов;
  • Алмат Тілеуғалиев;
  • Ұлан Атанбаев (әскери қызметші);
  • Абзал Нұраханов;
  • Мырзағали Дүйсенбаев;
  • Рүстем Бежібаев;
  • Бақытбек Ибрагимов.

Сот үкіміне сәйкес, Ерлан Буралкинов, Алмат Тілеуғалиев пен Ұлан Атанбаев үш жылға бас бостандығынан айырылды. Рүстем Бежібаев төрт жылға, Мырзағали Дүйсенбаев бес жылға сотталды. Бесеуі де жазасын  қауіпсіздігі орташа дәрежедегі мекемеде өтейді.

Ал сот Абзал Нұрахановқа 8 жыл берсе, Бақытбек Ибрагимов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алғашқысы жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде, екіншісі қауіпсіздігі максималды колонияда өтейді.

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: бір адам тергеу изоляторында қайтыс болды  

Бұдан бөлек, сотталғандардың әрбіреуі зардап шеккендердің қорына 20 АЕК көлемінде ақша аударып беруге міндеттелді.

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік

Жамбыл облысының Қордай ауданында 7 ақпанға қараған түні жаппай төбелес болды. Қайғылы оқиға салдарынан он бір адам көз жұмды.

Өрттің салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар, сондай-ақ автокөліктер бүлінді.

Кейіннен 120-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатқандығы белгілі болды. 1 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

334
Кілт сөздер:
сот үкімі, тәртіпсіздік
Тақырып бойынша
Қордайдағы қақтығыс: 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Қордайдағы қақтығыс: арнайы операция кезінде 25 адам ұсталды 
Қордайдағы қақтығыс: өртенген үйлер демеушілер есебінен қалпына келтіріледі
Әкімдік Қордайда 11 нысан неге қалпына келтірілмей жатқанын түсіндірді
Сапарбаев президентке Қордайдағы жағдайды баяндап берді
Архивтегі фото

Қытайда тәрбиеші өлім жазасына кесілді

0
Балабақша қызметкері Ван Юнь әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қытайдың Цзяоцзо қаласында халық соты балабақша қызметкерін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости.

Сот материалдарына сәйкес, "Мэнмэн" балабақшасында жұмыс істеген Ван Юнь деген келіншек орта топқа жауапты тәрбиешімен жанжалдасып қалған. Артынан әріптесінен өш алу мақсатында оның тобына барып жүрген балаларды улауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, 2019 жылы 27 наурызда таңертең Сунь есімді тәрбиешінің балалары жейтін ботқаға натрий нитритін салып жіберген. Сол күні 25 бала уланып, ауруханаға түсті. Бір бала көз жұмды.

Оқи отырыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды 

Тергеу шаралары барысында Ван Юньн осы іспетті тағы бір қылмыс жасағаны анықталды. Осыдан үш жыл бұрын үйдегі жанжалдан кейін ол күйеуін улаған. 2017 жылы ақпан айында алдымен интернет арқылы натрий нитритіне тапсырыс берген. Ал химиялық затты алғаннан кейін суға қосып, күйеуіне берген. Ол кезде ер адам уланғанмен қатты зардап шекпеген.    

Цзяоцзо қаласының орта санаттағы халық сотының шешімімен Ван Юнь өлім жазасына кесілді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, балабақша
Тақырып бойынша
Шымкентте балабақшада төрт бала мен тәрбиеші уланып қалды
Алматы облысында балабақшадағы видеодан кейін тәрбиеші хабарсыз кетті
Алматыда балабақшадан сәби ұрламақ болған әйелге қатысты тың дерек шықты
Бүлдіршінді сорпамен күйдірген балабақша қызметкері жазадан құтылды
Шипажайда баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды