Жандарбек Бекшин

Бекшин тұмаумен ауыратындардың қашан көбеюі мүмкін екенін айтты

5234
(Жаңартылды 18:46 14.09.2020)
Алматы қаласы эпидемиологиялық қызметінің болжамы бойынша қарашаның аяғында тұмау және ЖРВИ-мен ауыратындар саны артады

АЛМАТЫ, 14  қыркүйек – Sputnik. Алматыда қарашаның аяғында ЖРВИ және тұмаумен ауыратындар көбеюі мүмкін. Мұндай болжамды қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қаланың эпидемиологиялық қызметінің болжамы бойынша тұмау және ЖРВИ-мен ауыратындар саны қарашаның аяғында көбейіп, 2021 жылдың ақпан-наурыз айында аурушаңдықтың шыңына жетуі мүмкін", - деді Бекшин.

Айтуынша, коронавирус пен тұмаудың берілу жолдары да бірдей. Қаланың бас санитар дәрігері екі инфекцияны да жұқтырып алудың алдын алуға шақырды, себебі екі жағдайда да салмақ адамның өкпесіне түседі.

Біз қазір коронавирустың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екеуінің қорғану жолы бір-біріне ұқсайды: медициналық маска мен қолғап кию, арақашықтық сақтау, деп толықтырды ол.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин тұмауға байланысты жағдай асқынатын болса, карантин енгізу жайлы сұраққа тоқталды. Ол вакцина салудың арқасында инфекцияның таралуына тосқауыл қойылатынын айтты.

Оқи отырыңыз: Алматыда тұмауға қарсы вакцинаның 130 мың дозасы сатып алынды 

"Тұмауға байланысты карантиннің болу-болмауы біздің тұрғындарға вакцина салғанымызға тікелей байланысты. Біздің міндет – ешқандай карантинді болдырмау. Қазір мектеп, балабақша, кей кәсіпорындарға шектеу шараларын қойып жатырмыз. Тұмау асқынса, осы нысандарға шектеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алайда қазір тұмауға қатысты айтарлықтай өзгерістер жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда ЖРВИ, тұмаумен ауыратындарға медициналық көмек көрсету үшін 92 автокөлік бөлінді. Сондай-ақ, ауруханаларда науқастарды емдеу үшін 485 орын қосымша бөлініп отыр.

5234
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, тұмау
Тақырып бойынша
Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Цой балалар қай жастан кейін коронавирусты жылдам тарататынын айтты
Денсаулық сақтау министрі вакцинаны кімдерге салуға болмайтынын айтты  
Пәтер кілті

Пневмониядан қайтыс болған ауыл имамының ұлына баспана кілті табыс етілді

502
(Жаңартылды 17:52 27.09.2020)
Тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапары аясында Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен марқұм Мәдікәрім Құрбанбаевтың балаларына мүфтият салып берген баспананың кілтін табыс етті.

Мүфтияттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көп жылдан бері дін жолында қызмет етіп, Исламды насихаттап, түрлі игі шаралардың басы-қасында жүрген Мәдікәрім Құрбанбаев пневмония кеселіне шалдығып, қайтыс болған. Артынша өмірлік жан жары да осы жаман індеттен көз жұмған.

"Өте қиын сәтте рухани һәм материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Ел үлесі – пәтерге" акциясының аясында асар әдісімен салынған 5 бөлмелі үйді марқұмның артында қалған ұлы Абдулбасидке табыс етті", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, тұрғын үй Түркістан облысының имамдары мен облыстық "Зекет" қорының өкілдігі және ерікті жамағаттың қолдауымен салынды.

Оқи отырыңыз: 2021 жылы салымшылар зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға пайдалана алады

502
Тақырып бойынша
Баспана алуға арналған бағдарламалар: мамандар жиі қайталанатын қателікті атады
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді
Зейнетақы жинағына баспана алу шарттары белгілі болды
"5-10-20" және "7-20-25" бағдарламалары бойынша қалай баспана алуға болады
Мемлекет арендалық баспана ақысын қалай төлейді?
әйел

Өскеменде қолына баласын ұстаған тыр жалаңаш әйел көшеде шу шығарды

4671
Көшедегі көліктердің жанында айғай-шу шығарып жүрген тыр жалаңаш әйелдің қолында алты айлық баласы болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Өскемен тұрғындары қолына кішкентай нәрестесін ұстап көшеде жүрген әйелді видеоға түсіріп алған. Әйелдің өзі де, баласы да тыр жалаңаш, деп жазады YK-news.kz. Ал далада ауа температурасы он градус қана.

Видеодан тыр жалаңаш әйелдің көшеде бағдаршамға тоқтаған көліктердің жанында жүргенін көруге болады. Басылымның хабарлауынша, жүргізушілердің бірі оны көлігіне отырғызады, бірақ әйел айғайлап, адамдарды көмекке шақыра бастайды. Біршама уақыттан кейін оқиға орнына полицейлер келеді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, видеодағы әйел 33 жаста, ал қолындағы баласы алты айлық қана екен.

"Әйел арнайы медициналық мекемеге жеткізілді, ол жерде дәрігерлер оған не болғанын анықтайды", - деп хабарлады полиция.

Ал сәби ана мен бала орталығына жеткізілді, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деді тәртіп сақшылары.

4671
Кілт сөздер:
видео
Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

Қазақстан премьері мен Татарстан басшысы Қостанайда кездесті

60
(Жаңартылды 21:17 27.09.2020)
Автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Қостанайда премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан президенті Рустам Минниханов кездесіп, үш бірдей автомобиль жасау жобасын бастап берді. Нысандарға тартылған инвестиция көлемі 261 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Келісімге сәйкес, алдағы уақытта Қостанай индустриялық аймағында "КАМАЗ" шойын құймасы мен жүк техникасының шанақ-арқалығына арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыты салынып, Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өндірісі ашылады. Бұл жердегі шектес салаларды ескере отырып, өндіріс орнында шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.

Ал зауыттардың құрылысы 2023 жылы аяқтау көзделген.

Үкімет басшысы автомобиль жасау саласындағы жаңа жобалар Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның нақты практикалық кеңеюін айғақтайтынын атап өтті.

"Автомобиль жасау саласындағы өндіріс көлемі жыл басынан бері 51,8%-ке ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,6 еседен астам – 9,4 миллиард теңгеге дейін артты", – деді Мамин.

Шара аясында үкімет басшысына ауыл шаруашылығы техникасын жинау және кәдеге жарату зауыты мен "КАМАЗ" инжиниринг орталығын ашудың бірлескен Қазақстан–Ресей жобасы таныстырылды.

Оқи отырыңыз: Таңғалдырмаймыз, бірақ қуантамыз: Ермек Тұрсынов Татарстан киносы күндері жайлы

Сондай-ақ, кездесуде ресейлік "КАМАЗ" бен "Татнефть" және өзбектің "UzAuto" компанияларының басшылығымен автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

60
Кілт сөздер:
экономика, Қазақстан, Татарстан
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Татарстан меморандумға қол қойды
Азық-түлікті қымбаттатуға еш себеп жоқ – Мамин
Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин
Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды