Сотталушы, архивтегі сурет

Павлодарда балаларды азаптағандарға қатысты сот үкімі шықты

1202
(Жаңартылды 09:35 15.09.2020)
Психоневрологиялық орталықтың екі қызметкері сотталды. Бұған дейін олардың бес әріптесіне қатысты сот үкімі шыққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Павлодардың психоневрологиялық орталығында қызмет еткен екі санитар әйел сотталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Олар түсте ұйықтайтын уақыт кезінде психикалық ауруға шалдыққан балаларды төсекке байлап тастаған. Бұл 2020 жылы бейнебақылау камерасындағы видеоны тексеру кезінде анықталды.

Сот жабық режимде өтті. Балаларды азаптауға қатысты фактілерге сәйкес 16 қылмыстық іс қозғалған. Тоғыз іс әлі қаралып жатыр.

Сот процесі кезінде әйелдер тергеумен келісімге келіп, кінәсін мойындаған. Олар үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін бес санитар сотталған болатын.

1202
Кілт сөздер:
сот үкімі, балалар, Павлодар
Тақырып бойынша
Мүгедек балаларды азаптаған: Павлодарда орталық қызметкерлері сотталды – видео
Балаларды қауіпті жағдайда тасымалдаған павлодарлық жүргізушілер жазаланды – видео
Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео
Үй отқа оранды - балаларды құтқарған астаналықтың аты-жөні айтылды
Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты
Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент ескі қалашығы тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды

Назарбаев "Шымкент ескі қалашығын" аралады

0
(Жаңартылды 17:32 29.09.2020)
2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның көне тарихи орындарының бірі болып табылатын "Шымкент ескі қалашығы" тарихи-мәдени мұра ескерткішіне барды, деп хабарлады Elbasy сайты.

Көне қалашықты аралап көру кезінде Елбасы археологиялық жұмыстардың нәтижелерімен және мәдени кешенді одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

"Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы кешен аумағында үш деңгейлі ортағасырлық мұражай мен 500 орындық амфитеатрдың құрылысы басталады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ шара аясында қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің туристік әлеуеті мен оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Айта кетейік, "Шымкент ескі қалашығы" – бұл Қазақстан Республикасының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген археологиялық нысан.

Жалпы қалашықта үш стратиграфиялық қазба жасалған. Қалашықтың мәдени қабаттары 14 метрді құрайды. Қалашықтың ең төменгі қабатында б.з.д. ІІІ ғ. соңы - б.з.д. ІІ ғ. басына тән керамика кешені бар. Ол Соғдының урбанизацияланған қоныстарына сәйкес келеді.

3000 дана "Авифавир"сатып алынады

Нұрсұлтан Назарбаев медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорында болды.

2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Казмедприбор" ЖШС 15 мыңнан астам медициналық құрал-жабдық, 120 мыңнан астам медициналық жиһаз бен 742 жедел жәрдем көлігін жасап шығарды. Кәсіпорын 2005 жылы құрылған.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Елбасыға жеке инвестордың қаражатына салынатын 1000 орындық көпсалалы университеттік аурухана құрылысы туралы ақпарат берді. Жаңа медициналық мекемеде ана мен бала орталығы, хирургиялық, терапевтік орталықтар, сонымен қатар бір ауысымда 700 адамға қызмет көрсететін клиникалық-диагностикалық орталық жұмыс істейтін болады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пандемия кезінде ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан денсаулық сақтау жүйесі мен отандық өндірушілерді қолдау үшін қабылданған шаралар туралы айтты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа елорда мен Алматыда медициналық орталықтар салу жөніндегі тапсырманың орындалу барысы баяндалды.

 Есімов Елбасыға 3000 дана көлемінде "Авифавир" дәрісін сатып алу және коронавирусқа қарсы вакцина жеткізу бойынша жасалған келісім туралы мәлімет берді.

0
Кілт сөздер:
Шымкент, Назарбаев
Архивтегі фото

"Дуа ма, әлде сиқыр ма?": Түсініксіз рәсім қарағандылықтардың зәресін ұшырды

810
Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды төрт-төрттен қадап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда ерекше рәсім жасаумен жұртты шошытқандар іздестіріліп жатыр.

Белгісіз біреулер қаладағы адам көп жүретін саябақта сабына жіп байланған пышақтарды қадап кеткен. Оның айналасында тиындар шашылып жатыр, деп хабарлады КТК.

Ас пышағы төрт-төрттен төрт жерде қадалып тұр. Үрейі ұшқан тұрғындар бұның не үшін жасалғанын түсінбей жатыр. "Дуа ма, әлде сиқыр ма?" деп бас қатыруда. Ал мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған. Соңғы мәрте жасалған түсініксіз рәсім бұқараның тіптен зәресін ұшырды. Өйткені соңғысында пышақты жерге кесілген бауырмен бірге қадаған. Қазір оның қай жануарға немесе аң-құсқа тиесілі екені анықталуда.

Күйеуін қайтармақшы болған: баласына он ине тыққан әйел сотталды

Мұндай көрініс бұған дейін де болған. Ол кезде 68 жастағы зейнеткер әйел осы әдіспен аяғын емдеген. Бірақ сол үшін 8 мың айыппұл төлеген. Ал бұл жолғы елдің зәресін алғандар ұсталса да, жауапқа тартылмайды екен.

"Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалмайды. Тек осы нәрсені жасаған адамды анықтауымыз керек. Оның ақыл-есі дұрыс па, бұрыс па, сол жағы тексеріледі. Егер ақыл есінде кемістігі болса, оны психдиспансер сынды мекемеге жібереміз. Алдымен қолға түсіруіміз қажет. Бірақ ол адам ешқандай жазаға тартылмайды", - дейді Қарағанды қалалық ПБ орталық бөлімше бастығының орынбасары Асылбек Сейітжанов.

810
Тақырып бойынша
Діни рәсім кезінде 11 адам күріш жеп, көз жұмды
Қызылордалық әйел дуадан құтылу үшін 9 миллион теңгеcін шығындаған
Әпкесін өлтірген жігіт сот залының төбесі арқылы қашып кетпекші болды – видео
Көкшетауда ақыл-есі кем адам көшеде дұға оқып, жұрттың үрейін туғызды